Надандық, ақымақтық, сабырлық, сараңдық туралы

 

Надандық, ақымақтық туралы

 

Надандықтың белгісі - тілін алмау білгеннің.

Асан қайғы

Орынсыз жерде күлу - ақылсыздықтың белгісі.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Арзымасқа еліріп, бос күлкіге салынып.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Кедей - тамақ асыраймын деп, ақылсыз жас - атымды шығарамын деп, надан ақсақал - кек аламын деп ұрлық жасайды.

Әлихан Бөкейханов

Надандар ойын сөзді - кек көреді.

Қара  өлең

Ер жігітке о да өлім - серттен таймақ.

Ит білер сыйлағанды, надан білмес.

Шәді  Жәңгірұлы

Қалтасында пұлы жоқ - өзін өзі би сайлайды.

Би-шешендер

Надандықтың белгісі - өзін-өзі мақтайды

Көкірегі соқырға - өмірде таң атпайды.

Шешеннің сөзі шын алмас - қап түбінде жетпейді.

Би-шешендер

Пышағым майлы болса - елімнің тоқтығы болар,

Ақымақ деп атаңды сөксең - ақылыңның жоқтығы болар.

Би-шешендер

Ақымақтың  көңілі тоқ.

Би-шешендер

Ақылсыздың - сүйгені жаман,

Ақымақтың - түйгені жаман.

Би-шешендер

Қарап жатқан жыланның құйрығын неге басасың?

Үмбетей Тілеуұлы

Баласын мақтар - хоштаған, әйелін жақтар - қостаған.

Үмбетей Тілеуұлы

Ұқпасқа айтқан - сөз жетім, көрмеске берген - бөз жетім.

Төле би Әлібекұлы

Ақымақ жігіт белгісі - аз күнгі баққа алқынар.

Сүйінбай Аронұлы

Ақымақты мақтасаң - қуанар.

Сайф Сарайи

Наданның әдеті: жолдасынан сәл қала бастаса - сыртынан қанжар сұғуға әзір тұрады.

Сайф Сарайи

Надандар білімді адамды көре алмайды.

Сайф Сарайи

Әдепсіз келінге - әдемі киім жараспайды.

Сайф Сарайи

Сабырлық туралы

 

Арғымаққа міндім деп артқы топтан адаспа.

Асан қайғы

 

Сабыр - ақылдың серігі.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

 

Сабыр түбі - сары алтын.

Мақал - мәтел

 

Асықпаған арбамен қоянға жетеді.

Мақал - мәтел

 

Жүгірген алмайды, бұйырған алады.

Мақал - мәтел

Қазаға - сабыр жолдас.

Мақал - мәтел

Сабыр қылсаң жетерсің - құдайдың болса берері.

Шортанбай Қанайұлы

Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл.

Махмұд Қашқари

Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл.

Махмұд Қашқари

Шатысқан істің шешімі - шыдам.

Құтып

Шүкіршілік қылғанға шыр бітер.

Жүсіп Баласағұн

Ұстамды бол, сабыр ет!

Жүсіп Баласағұн

Шыдамдының айы оңынан туар.

Жүсіп Баласағұн

Сабыр етсең - ісің оңға асады, шүкір қылсаң - жамандық та қашады.

Жүсіп Баласағұн

Ұстамсыз бәлеге ұрынар.

Жүсіп Баласағұн

Не болса да - сабыр қыл.

Қожа Ахмет Йассауи

Сараңдық туралы

 

Сараңнын сәбізі сарайдың түкпірінде жатады.

Мұзафар Әлімбаев

Сараңның өзі тойса да, көзі тоймайды.

Мақал - мәтел

Жағасындағыны жалаған - алақандағысынан айырылады.

Махмұд Қашқари

Сараң санға қосылмас.

Махмұд Қашқари

Сараң үйге - кісің түспесін, парақор биге - ісің түспесін.

Майқы би

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы