Жаңалықтар

Freedom House: Әлемде БАҚ еркіндігі нашарлады

Америкалық Freedom House үкіметтік емес ұйымының деректері бойынша, соңғы он жылда әлем елдеріндегі БАҚ еркіндігі ең төменгі деңгейге дейін түсті. Бұл туралы ұйымның БАҚ еркіндігі туралы жариялаған баяндамасында айтылады. Баяндамаға жетекшілік еткен Карин Дойч Карлекардың айтуына қарағанда, "әлемнің барлық аймағында ақпарат құралдарында кері тенденция бары байқалады". Ұйым түзген рейтинг бойынша, ақпарат құралдары ең шектелген елдердің тізімін Солтүстік Корея мен Түркіменстан бастайды. Олардан кейінгі орындарда Өзбекстан мен Беларусь тұр. Ұйым сарапшылары Грузия мен Армениядағы жағдай жақсарғанын, бірақ Әзербайжандағы БАҚ-тың жағдайы нашарлағанын айтады. Азия елдерінің арасында Ауғанстан сөз бостандығын қорғауға өзгелерден көп күш салып жатқаны айтылады. Бұл елде биліктің журналистерге зорлық көрсетуі мен БАҚ-ты қудалауы азайып, мемлекеттік цензураның әлсірегені байқалған.  Freedom House сарапшыларының байқауынша, Ресейде "телеарна, радио және газет-журналдарға барынша бақылау орнатыла бастаған". Дереккөз: azattyq.org
02.05.2013 06:24 3549

Америкалық Freedom House үкіметтік емес ұйымының деректері бойынша, соңғы он жылда әлем елдеріндегі БАҚ еркіндігі ең төменгі деңгейге дейін түсті. Бұл туралы ұйымның БАҚ еркіндігі туралы жариялаған баяндамасында айтылады.

Баяндамаға жетекшілік еткен Карин Дойч Карлекардың айтуына қарағанда, "әлемнің барлық аймағында ақпарат құралдарында кері тенденция бары байқалады".

Ұйым түзген рейтинг бойынша, ақпарат құралдары ең шектелген елдердің тізімін Солтүстік Корея мен Түркіменстан бастайды. Олардан кейінгі орындарда Өзбекстан мен Беларусь тұр. Ұйым сарапшылары Грузия мен Армениядағы жағдай жақсарғанын, бірақ Әзербайжандағы БАҚ-тың жағдайы нашарлағанын айтады.

Азия елдерінің арасында Ауғанстан сөз бостандығын қорғауға өзгелерден көп күш салып жатқаны айтылады. Бұл елде биліктің журналистерге зорлық көрсетуі мен БАҚ-ты қудалауы азайып, мемлекеттік цензураның әлсірегені байқалған. 

Freedom House сарапшыларының байқауынша, Ресейде "телеарна, радио және газет-журналдарға барынша бақылау орнатыла бастаған".

Дереккөз: azattyq.org

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға