Жаңалықтар

Қызылорда облысында ескерткіштер орнатуға мораторий жарияланды

Қызылорда облысында ескерткіштер орнатуға уақытша мораторий жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Бүгінгі таңда аймақта тарихи-мәдени нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Өңірдегі 489 тарихи және мәдени ескерткіш тікелей мемлекеттің бақылауда.  Қазір олардың жағдайы жіті тексеуден өтсе, тағы ондаған нысан тізімге алынған. Мораторийдің жариялануына байланысты аймақтағы бірқатар бекітілген нысандардың ашылуы кейінге шегерілген. Олардың ішінде 1932 жылғы ашаршылық құрбандарына және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған ескерткіштер бар. Ал Жанқожа батыр, Алпамыс, драматург Тәжібаевтің, Қалжан ақын және  Бегім ананың есерткіштерінің тек дизайны ғана жасалған.  
02.05.2013 04:55 2995

Қызылорда облысында ескерткіштер орнатуға уақытша мораторий жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда аймақта тарихи-мәдени нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Өңірдегі 489 тарихи және мәдени ескерткіш тікелей мемлекеттің бақылауда. 
Қазір олардың жағдайы жіті тексеуден өтсе, тағы ондаған нысан тізімге алынған.
Мораторийдің жариялануына байланысты аймақтағы бірқатар бекітілген нысандардың ашылуы кейінге шегерілген. Олардың ішінде 1932 жылғы ашаршылық құрбандарына және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған ескерткіштер бар. Ал Жанқожа батыр, Алпамыс, драматург Тәжібаевтің, Қалжан ақын және  Бегім ананың есерткіштерінің тек дизайны ғана жасалған.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға