Талдықорғанда самбошы Олжас Қайратұлы ерекше рекорд орнатты
02.05.2013 04:04
3353
Талдықорған қаласында айырықша рекорд орнатылды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлау барысында самбодан спорт шебері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы Олжас Қайратұлы бір орнында түйені көтеріп алды. Онымен шектелмей, жануарды арқасына салып алған спортшы 16 метр қашықтықты жүріп өтті.
Ерекше күш атасы дарыған оған «Түйе балуан» тартысында бақ сынаған жеті жігіттің арасында тең келері болмады. Халық арасында жетісулық Қажымұқан деген лақап есімімен белгілі Олжас Қайратұлына шаһардың басшылары түйе сыйлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда биік өкшелі туфли киген қыздар жарысы өтті