Алматыда биік өкшелі туфли киген қыздар жарысы өтті
Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде 25 қыз аяқтарына биік өкшелі аяқ киім киіп, жүгіруден өзара жарыс өткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ерекше сайыс қаладағы Жібек жолы (Арбат) көшесінде ұйымдастырылған. Қатысушы қыздар жүз метр шақырым жерді өкшесі 8 сантиметрлік аяқ киіммен жүгіріп өтулері тиіс болды. Олар үш үштен жүгірді. Сайыстың қиындығына қарамаған қыздар бас жүлдені яғни 50 мың теңгені олжалау үшін барларын салды. Сайыскерлердің кейбірі аяқтарындағы туфлейлерді түсіп қалмауы үшін, жапсырмамен (скоч) матап тастаған.
«Бұл іс-шара Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Сайыскерлер бұл дода арқылы елімдегі сан түрлі халықтардың арасындағы достықты көрсетуді көздеді. Бұл біздің мейрамға қосқан үлесіміз дейді,-іс-шараны ұйымдастырушы Денис Лазеров.
Сондай-ақ, ол аталмыш сайыстың Еуропа елдерінде жиі өткізіліп тұратынын, оған 100-ден аса қыздың қатысатынын жеткізді.
Қиын да қызықты жарыстың қортындысында алматылық Лидия Евтушенко үздік шықып, бас жүлдені еншіледі.
Baq.kz