Жаңалықтар

1-ші мамыр күні Астанада 6 жұп шаңырақ көтереді

Үйлену тойы – адам өміріндегі ең үлкен оқиға. 1- мамыр Қазақстан халқының Бірлігі күні қарсаңында елордадағы Әділет басқармасында 6 жас жұп шаңырақ көтеруге тілек білдірді. Жалпы 2013 жылдың 1-тоқсанында елордада 4000-ға жуық неке тіркелген. Оның 600-ге жуығы интернационалды отбасының өкілдері, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. «Бүгін бізде қазақ, орыс, украин, түрік тағы басқа ұлттың өкілдері некеге тұрды. Қазақстан халқының бірлігі күні осындай шара өтіп, жастардың болашаққа үлкен қадам жасап жатқаны қуантады»,- Астана қаласы Әділет департаменті Азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бастығы Гүлнар Сағындықова. Айман мен Джума бір көргеннен бір-бірін ұнатып, тіпті ұлтына қарамастан бір-бірін түсініскен. Сол түсінік болашаққа бастау болып, неке сарайының табалдырығына жеткізген. Осылайша «махаббат ұлтқа қарамайды» дескен жастар берекелі де мерекелі, үлгілі отбасы болуға асық. «Біз танысқаннан кейін небары 2-3 рет-ақ көрістік. Содан кейін бұл азаматтың менің өмірлік серігім болуға лайықты екенін сездім. Ал, одан мен өзімді оның жары болуға лайықты екенімді қалай білдің деп сұрағанымда, ол бір көргеннен-ақ білгенмін деп жауап берді»,-дейді қалыңдық Айман Утуджу. Мариям Серікқызы да өзге ұлтқа келін болған. Бүгінде жолдасы екеуінің отасқанына 40 жыл болыпты. Жұп құрып, болашаққа бірге қадам жасағалы отырған жас-жұбайларға аналық батасын беріп, бақ тілеуге арнайы келіпті. «Жолдасыммен отасқаныма 40 жыл болды. Тату-тәтті ғұмыр кешіп келеміз. Ал, отбасын осылай берік ұстап тұру үшін біріншіден - ақыл, екіншіден - үлкен махаббат керек деп ойлаймын. Жастардың махаббаты берік болсын!»,- деп тілегін білдірді Мариям Нұржанова. Некелескен жастар осындай атаулы мереке қарсаңында отау тіккендеріне қуанады. Ал, олардың қуанышын бөлісуге түрлі ұлт өкілдерінің би ансамбльдері шақырылып, мереке көркін кіргізді. www.bnews.kz
01.05.2013 05:01 4364

1-ші мамыр күні Астанада 6 жұп шаңырақ көтередіҮйлену тойы – адам өміріндегі ең үлкен оқиға. 1- мамыр Қазақстан халқының Бірлігі күні қарсаңында елордадағы Әділет басқармасында 6 жас жұп шаңырақ көтеруге тілек білдірді. Жалпы 2013 жылдың 1-тоқсанында елордада 4000-ға жуық неке тіркелген. Оның 600-ге жуығы интернационалды отбасының өкілдері, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін бізде қазақ, орыс, украин, түрік тағы басқа ұлттың өкілдері некеге тұрды. Қазақстан халқының бірлігі күні осындай шара өтіп, жастардың болашаққа үлкен қадам жасап жатқаны қуантады»,- Астана қаласы Әділет департаменті Азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бастығы Гүлнар Сағындықова.

Айман мен Джума бір көргеннен бір-бірін ұнатып, тіпті ұлтына қарамастан бір-бірін түсініскен. Сол түсінік болашаққа бастау болып, неке сарайының табалдырығына жеткізген. Осылайша «махаббат ұлтқа қарамайды» дескен жастар берекелі де мерекелі, үлгілі отбасы болуға асық.

«Біз танысқаннан кейін небары 2-3 рет-ақ көрістік. Содан кейін бұл азаматтың менің өмірлік серігім болуға лайықты екенін сездім. Ал, одан мен өзімді оның жары болуға лайықты екенімді қалай білдің деп сұрағанымда, ол бір көргеннен-ақ білгенмін деп жауап берді»,-дейді қалыңдық Айман Утуджу.

Мариям Серікқызы да өзге ұлтқа келін болған. Бүгінде жолдасы екеуінің отасқанына 40 жыл болыпты. Жұп құрып, болашаққа бірге қадам жасағалы отырған жас-жұбайларға аналық батасын беріп, бақ тілеуге арнайы келіпті.

«Жолдасыммен отасқаныма 40 жыл болды. Тату-тәтті ғұмыр кешіп келеміз. Ал, отбасын осылай берік ұстап тұру үшін біріншіден - ақыл, екіншіден - үлкен махаббат керек деп ойлаймын. Жастардың махаббаты берік болсын!»,- деп тілегін білдірді Мариям Нұржанова.

Некелескен жастар осындай атаулы мереке қарсаңында отау тіккендеріне қуанады. Ал, олардың қуанышын бөлісуге түрлі ұлт өкілдерінің би ансамбльдері шақырылып, мереке көркін кіргізді.

www.bnews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға