Жаңалықтар

Нидерландының жаңа королі және Еуропадағы ең жас монарх Виллем-Александр болды

Нидерланды Патшайымы Беатрикс ІІ Амстердамдағы салтанатта тақтан бас тартып, соңғы 123 жылдағы жаңа және алғашқы ер адам-монарх оның үлкен ұлы Оранский-Нассау Виллем-Александр болды. Ханзада Виллем-Александр Амстердамдағы Король сарайында оның анасы тақтан бас тарту туралы құжаттарға қол қойғаннан кейін король тағына отырды. Ол таққа өз есімімен келді, бұған дейін ол  Виллем IVдеген есімге ие болмақ деп күтілген еді. Салтанат аяқталғаннан кейін жаңа король анасымен және зайыбы - Максима ханшайыммен бірге сарайдың балконына шығып, өзінің қоластындағылармен сәлемдесті. Жиналған адамдар корольді және енді ханшайым Беатриксті зор қошеметпен құттықтады. Енді бұрынғы патшайым «Жоғары мәртебелі Нидерланды ханшайымы Беатрикс, ханшайым Орансксая-Нассау» деген атаққа ие болды. Бұдан кейін ханзаданы таққа отырғызу салтанаты алаңда орналасқан Жаңа шіркеуде жалғасты. 1992 жылы қабылданған таққа отыру туралы заңға сәйкес Виллем-Александр парламенттің қос палатасы мүшелері қатысуымен ант береді. Амстердамның барлық көшелері Нидерланды тұрғындарына және салтанатты сәтті көру үшін арнайы келген туристерге толы. Олардың бәрі биліктегі Оранский-Нассау әулетінің түсіне ұқсас сары түсті киімдер киген. Амстердам орталығында барлық ғимараттар сары түсті жалаулармен, әуе шарларымен, бұрынғы патшайым Беатрикстің және болашақ король Виллем-Александрдің суреттерімен безендірілген. ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағандай, 75 жастағы Нидерланды патшайымы Беатрикс осы жылғы қаңтар айында тақтан түсетінін және орнына үлкен ұлы  46 жастағы ханзада Оранский-Нассау Виллем-Александр отыратынын мәлімдеген болатын.    Виллем-Александр білімі бойынша тарихшы, Лейден университетін (1987-1993) бітірген. Болашақ конституциялық билеуші ретінде әртүрлі мемлекеттік мекемелерде және армияда тағылымдамадан өтті. Корольдік құрғақтағы әскерлерде, корольдік әскери-теңіз флотында және корольдік әскери-әуе күштерінде әскери атақтары бар. 1985 жылы он сегіз жасқа жеткен соң мемлекеттік кеңесте лауазымға ие болды. Ханзада Оранский Нидерландыдағы және шетелдердегі ресми шараларға корольдік үй атынан жиі қатысып отырды. ҚазАқпарат.
30.04.2013 12:41 4246

Нидерланды Патшайымы Беатрикс ІІ Амстердамдағы салтанатта тақтан бас тартып, соңғы 123 жылдағы жаңа және алғашқы ер адам-монарх оның үлкен ұлы Оранский-Нассау Виллем-Александр болды.

Ханзада Виллем-Александр Амстердамдағы Король сарайында оның анасы тақтан бас тарту туралы құжаттарға қол қойғаннан кейін король тағына отырды. Ол таққа өз есімімен келді, бұған дейін ол  Виллем IVдеген есімге ие болмақ деп күтілген еді.

Салтанат аяқталғаннан кейін жаңа король анасымен және зайыбы - Максима ханшайыммен бірге сарайдың балконына шығып, өзінің қоластындағылармен сәлемдесті. Жиналған адамдар корольді және енді ханшайым Беатриксті зор қошеметпен құттықтады. Енді бұрынғы патшайым «Жоғары мәртебелі Нидерланды ханшайымы Беатрикс, ханшайым Орансксая-Нассау» деген атаққа ие болды.

Бұдан кейін ханзаданы таққа отырғызу салтанаты алаңда орналасқан Жаңа шіркеуде жалғасты. 1992 жылы қабылданған таққа отыру туралы заңға сәйкес Виллем-Александр парламенттің қос палатасы мүшелері қатысуымен ант береді.

Амстердамның барлық көшелері Нидерланды тұрғындарына және салтанатты сәтті көру үшін арнайы келген туристерге толы. Олардың бәрі биліктегі Оранский-Нассау әулетінің түсіне ұқсас сары түсті киімдер киген. Амстердам орталығында барлық ғимараттар сары түсті жалаулармен, әуе шарларымен, бұрынғы патшайым Беатрикстің және болашақ король Виллем-Александрдің суреттерімен безендірілген.

ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағандай, 75 жастағы Нидерланды патшайымы Беатрикс осы жылғы қаңтар айында тақтан түсетінін және орнына үлкен ұлы  46 жастағы ханзада Оранский-Нассау Виллем-Александр отыратынын мәлімдеген болатын.   

Виллем-Александр білімі бойынша тарихшы, Лейден университетін (1987-1993) бітірген. Болашақ конституциялық билеуші ретінде әртүрлі мемлекеттік мекемелерде және армияда тағылымдамадан өтті. Корольдік құрғақтағы әскерлерде, корольдік әскери-теңіз флотында және корольдік әскери-әуе күштерінде әскери атақтары бар. 1985 жылы он сегіз жасқа жеткен соң мемлекеттік кеңесте лауазымға ие болды. Ханзада Оранский Нидерландыдағы және шетелдердегі ресми шараларға корольдік үй атынан жиі қатысып отырды.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға