Ақшаны күйеуінен көбірек табатын танымал әйелдер тізімі
Бейонсе
Әнші Бейонсе жұбайы Jay-Z –мен тек сымбатты жұп қана емес. Екеуі де қыруар ақша табатын Голливуд жұлдыздары. Алайда, Бейонсе концерттік турлар, жарнамалық кампаниялар арқасында күйеуінен ақшаны артық табады екен. Әнші жылына 87 млн доллар тапса, рэпер Jay-Z-дің жылдық табысы – 40 млн долларды құрайды.
Жизель Бундхен
Әлемдегі ең сұлу модель Жизель Бундхен күйеуі -футболшы Том Брэдиден екі есе көп табыс табады. Мәселен, модельдің қалтасына жылына 45 млн доллар түссе, Томның жылдық табысы- 27 млн доллар.
Гвен Стефани
Панк-рок стилінде ән шырқайтын Гвен Стефани де жұбайы британдық Bush рок-тобының орындаушысы Гэвин Россдэйлден ақшаны молырақ табатын көрінеді. Мәселен, Гвен жылына – 80 млн долларды ортақ қалтаға салады екен.
Мэрайя Кэри
American Idol шоуымен келісім шарт жасасқан Мэрайя Кэри жылына 250 млн доллар көлеміндегі табысқа кенелсе, ал күйеуі – рэпер Ник Кэнон отбасы бюджетіне 25 млн доллар әкеледі.
Анджелина Джоли
Брэд Питт пен Анджелина Джолидің ортақ табысы 50 миллионов долларды құрап, әлемдегі табыс мөлшері көп жұптардың қатарында үшінші орынды еншілеп отыр. Кірістің 30 млн доллары Джолиге тиесілі.
Дженнифер Энистон
Forbes журналының есебі бойынша 2007 жылы Энистонның табысы 14 млн долларды құраған. "Развод по-американски" мен «Ходят слухи» фильмдері үшін әрқайсысына 8 млн доллардан алған. Сондай-ақ, актрисаға «Достар» телехикаясынан жыл сайын үлкен көлемде қаржы түсіп тұрады екен.
Baq.kz