Парагвай президенті жалақысын кедей-кепшікке үлестірмек
Парагвайдың жаңа президенті Орасио Кратес президенттік сыйаыдан мүлдем бастартуда деп хабарлайды Лента.ру.
Картес өз жалақысын үйсіз-күйсіз жүрген балалар мен аттай боп сауығып кетуі қиын сырқат жандарға үлестіріп бермек. Оның сөзіне сенсек, қаражатқа нағыз зәру жандарға бұл ақша жетіп жатса, ол өзін бақыттырақ сезінеді екен.
Орасио Кратес «Колорадо» партиясының өкілі ретінде 21 сәуірде Парагвай президенті болып сайланған болатын. Ол 45,8 пайыз дауыс жинап, өз қарсыласы Эфраина Алегреден 9 пайызға ілгері озған еді.
Ал 56 жастағы Картестің инаугурациясы тамыз айының ота шенінде өткізілмек. Жалпы айтқанда, Картес парагвайлық бай-манаптардың бірі болып таьылады. Елдегі темекі өнімі мен азық-түлік, сусын қнімдерін шығаратын 25 ірі компанияға иелік етеді.
Baq.kz