Жаңалықтар

Мінез-құлық туралы

Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Рақымдылық, Мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек - бұлар жүрек ісі. Асықтық та - жүрек ісі. Абай Құнанбаев Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады. Абай Құнанбаев Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Абай Құнанбаев Ашулы адамның сөзі аз болса - ыза қуаты артында болғаны. Абай Құнанбаев Өзімшілдік - адамды бұзатын пиғыл. Абай Құнанбаев Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар - надандық еріншектік, залымдық. Абай Құнанбаев Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі содан шығады. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы. Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық. Абай Құнанбаев Адам баласының ең жаманы - талапсыз. Қайратсыз, қорқақ кісі - мақтаншақ келеді. Жинақылықтың түбі - кеніш. Уайым - қайғының ішіне кіріп алып, шығар есін таба алмай қамалып қалу - антұрғандық. Абай Құнанбаев Бірлік малға сатылса - антұрғандықтың басы осы. Абай Құнанбаев Пайда, мақтан, әуесқой - шайтан ісі. Абай Құнанбаев Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ - Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой - Бес асыл іс көнсеңіз.                                                      Абай Құнанбаев Көп айтса көнді, Жұрт айтса болды - Әдеті надан адамның. Абай Құнанбаев Кекшіл болма - көпшіл бол. Абай Құнанбаев Дұшпаныңа әділ бол. Абай Құнанбаев Асығыс түбі - өкініш. Абай Құнанбаев Түзде - мырзаң, үйде - сырдаң. Абай Құнанбаев Момыннан жаман қорқақ жоқ. Абай Құнанбаев Тұрлаусыздың қолынан түк келмейді. Абай Құнанбаев Өзінде бармен көзге ұрып, Артылам деме өзгеден. Күндестігін қоздырып, Азапқа қалма езбеден. Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Абай Құнанбаев Күндестік шырық бұзады. Абай Құнанбаев Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын. Абай Құнанбаев Қулық пен құбылудан жалығудың өзі - жақсылық.      Абай Құнанбаев Өзі жат елде қайыршылық құрып жүріп, елін бай деп мақтайтындар - құдай қарғағандар. Абай Құнанбаев Өсек тасып құмардан шығатындар болады. Абай Құнанбаев Құмарлық - нәпсі құлы. Абай Құнанбаев Қулық та - бір дерт. Абай Құнанбаев Ішсем, жесем, ұйықтасам - тән құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен - жан құмары. Абай Құнанбаев Бақастық күншілдікті зорайтып, адамшылықты азайтады. Абай Құнанбаев Көрсеқызар, күнде асық - дуаналық. Абай Құнанбаев Қиыны бұл дүниенің - қолы тарлық. Абай Құнанбаев Жеңсікқойлық - тез тозар. Абай Құнанбаев Ынсапсыз істің ақ-қарасына қарамайды. Абай Құнанбаев Өсекші - ел тыныш болса азады. Абай Құнанбаев Досыңмын деп жүріп, дұшпандығын оздырар жамандар болады. Абай Құнанбаев Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас. Абай Құнанбаев Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, қайғыға салыну, құмарға берілу. Абай Құнанбаев Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт себеп бар: бірінші - көкірегі байлаулы беріктік, екінші - ғибратлану, тұщынып, ынтамен ұғу, үшінші бірнеше қайтара ойланып, көңілге бекіту, төртінші - ойдың кеселді нәрселерден қашық болуы керек. Абай Құнанбаев Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
30.04.2013 04:38 37117

Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Рақымдылық, Мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек - бұлар жүрек ісі. Асықтық та - жүрек ісі.

Абай Құнанбаев

Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.

Абай Құнанбаев

Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.

Абай Құнанбаев

Ашулы адамның сөзі аз болса - ыза қуаты артында болғаны.

Абай Құнанбаев

Өзімшілдік - адамды бұзатын пиғыл.

Абай Құнанбаев

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар - надандық еріншектік, залымдық.

Абай Құнанбаев

Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі содан шығады. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы. Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық.

Абай Құнанбаев

Адам баласының ең жаманы - талапсыз.

Қайратсыз, қорқақ кісі - мақтаншақ келеді.

Жинақылықтың түбі - кеніш.

Уайым - қайғының ішіне кіріп алып, шығар есін таба алмай қамалып қалу - антұрғандық.

Абай Құнанбаев

Бірлік малға сатылса - антұрғандықтың басы осы.

Абай Құнанбаев

Пайда, мақтан, әуесқой - шайтан ісі.

Абай Құнанбаев

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой -

Бес асыл іс көнсеңіз.                                                     

Абай Құнанбаев

Көп айтса көнді,

Жұрт айтса болды -

Әдеті надан адамның.

Абай Құнанбаев

Кекшіл болма - көпшіл бол.

Абай Құнанбаев

Дұшпаныңа әділ бол.

Абай Құнанбаев

Асығыс түбі - өкініш.

Абай Құнанбаев

Түзде - мырзаң, үйде - сырдаң.

Абай Құнанбаев

Момыннан жаман қорқақ жоқ.

Абай Құнанбаев

Тұрлаусыздың қолынан түк келмейді.

Абай Құнанбаев

Өзінде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып,

Азапқа қалма езбеден.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Абай Құнанбаев

Күндестік шырық бұзады.

Абай Құнанбаев

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын.

Абай Құнанбаев

Қулық пен құбылудан жалығудың өзі - жақсылық.     

Абай Құнанбаев

Өзі жат елде қайыршылық құрып жүріп, елін бай деп мақтайтындар - құдай қарғағандар.

Абай Құнанбаев

Өсек тасып құмардан шығатындар болады.

Абай Құнанбаев

Құмарлық - нәпсі құлы.

Абай Құнанбаев

Қулық та - бір дерт.

Абай Құнанбаев

Ішсем, жесем, ұйықтасам - тән құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен - жан құмары.

Абай Құнанбаев

Бақастық күншілдікті зорайтып, адамшылықты азайтады.

Абай Құнанбаев

Көрсеқызар, күнде асық - дуаналық.

Абай Құнанбаев

Қиыны бұл дүниенің - қолы тарлық.

Абай Құнанбаев

Жеңсікқойлық - тез тозар.

Абай Құнанбаев

Ынсапсыз істің ақ-қарасына қарамайды.

Абай Құнанбаев

Өсекші - ел тыныш болса азады.

Абай Құнанбаев

Досыңмын деп жүріп, дұшпандығын оздырар жамандар болады.

Абай Құнанбаев

Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас.

Абай Құнанбаев

Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, қайғыға салыну, құмарға берілу.

Абай Құнанбаев

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт себеп бар: бірінші - көкірегі байлаулы беріктік, екінші - ғибратлану, тұщынып, ынтамен ұғу, үшінші бірнеше қайтара ойланып, көңілге бекіту, төртінші - ойдың кеселді нәрселерден қашық болуы керек.

Абай Құнанбаев

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға