Аң-құс, ер жігіт, еріншектік, жалғыздық туралы
Аң-құс туралы
Керуеннің түнгі жүрісін торғай білер.
Қорқыт ата
Іннің аузын түлкі білер.
Қорқыт ата
Көк шүйгінін киік білер.
Қорқыт ата
Саз орайын бөкен білер.
Қорқыт ата
Аңшы - қанша айла білсе, аю - сонша соқпақ біледі.
Махмұд Қашқари
Қашайын деп тұрған қоянға «тәйт» деген соң, не зорық?
Мақал - мәтел
Бүркіт қартайса - тышқаншыл.
Мақал - мәтел
Тышқан ініне кіре алмай жүріп, құйрығына қалжауыр
Дәніккен қарсақ құлағымен ін қазар.
Мақал - мәтел
Ит десең ашуланып, күшік десең күледі.
Мақал - мәтел
Тоты құс бойына қарап - зорланады, аяғына қарап - қорланады.
Мақал - мәтел
Ажалды қарға бүркітпен ойнайды.
Мақал - мәтел
Қарқылдап қара қарға - бүркіт болмас.
Қара өлең
Талай бөрінің түбіне түлкі жеткен.
Құтып
Қысылған жерде қоян да арыстанның ісін істейді.
Құтып
Кірпіге қулық жараспайды.
Шаян ініне тышқан сыймас.
Құтып
Ұшқан құсты қуып жете алмайсың.
Көгершін үйренген жеріне қонады.
Құтып
Ұшудан қалған лашынның қарға төбесін теседі.
Гүлді көргенде бұлбұлдың өзі-ақ сайрай жөнелер.
Құтып
Ер жігіт туралы
Арғымақтың белгісі - арығанын білдірмес,
Азаматтың белгісі - қайғырса да бүгілмес.
Би-шешендер
Жігіттің үш жұрты болады: өз жұрты - күншіл, қайын жұрты міншіл, нағашы жұрты - сыншыл.
Би-шешендер
Жерден ауыр дегенім - ақыл, білім,
Судан терең дегенім - оқу, ғылым.
Оттан ыстық дегенім - фани жалған, адамның өмірі,
Көктен биік дегенім - тәкаппардың көңілі.
Би-шешендер
Ердің құнын - не жастың жайсаңы даулайды, не кәрінің сайтаны даулайды.
Би-шешендер
Бағы жанған жігітке - пәле-жала қонбайды,
Бағы тайған жігіттің - тілегені болмайды.
Би-шешендер
Ер жігітке бақ қонса - дұшпаны да жағалар,
Басынан бір күн бақ тайса - жабылып бәрі табалар.
Би-шешендер
Елінде жақсы жігіттің алыста даңқы зор болар.
Шал Құлекеұлы
Аққу құс - көлдің көркі, ер жігіт - елдің көркі.
Шал Құлекеұлы
Жігіт сыны: бір жігіт бар - құр жан, бір жігіт бар - тірі жан, бір жігіт бар - жігіт жан. Құр жан дейтін жігіт - кеудесінде жаны бар, еш нәрсені бітірмейді. Тірі жан дейтін - бар тапқанын киім мен асқа салар, қызыл белбеу, шоңқима етік, үкі тағып, әркімді бір сықақ қылар. Жігіт жан дейтін жігіт - сегіз қырлы, бір сырлы болар.
Шал Құлекеұлы
Елге лайық ер болар.
Үмбетей Тілеуұлы
Еріншектік, жалқаулық туралы
Құр қалмақ, әр орында қырсық шалмақ-
Тартыншақ, жалқау, қара басқандікі.
Сәбит Дөнентаев
Тіршілік - бәйге: жүйрік алар, шабан қалар. Еріншек пен өзге жол, бәйге, сыбаға, мүше жоқ.
Әлихан Бөкейханов
Ерінбеген - етікші, ұялмаған - әнші болады.
Мақал - мәтел
Жан тыныштық жақсы екен - жатып ішер ас болса.
Мақал - мәтел
Еріншектің ертеңі бітпес.
Мақал - мәтел
Жалқаулық пен жалғыздық - жалғанның жаман тарлығы,
Түшіренген ұйқы жоқ - қайғының асқан жарлығы.
Шортанбай Қанайұлы
Жалғыздық туралы
Жалғыз жігіт қол болмас.
Қорқыт ата
Жалғыз қаздың үні шықпас.
Махмұд Қашқари
Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас.
Мақал - мәтел
Жалғыздың жары - құдай.
Мақал - мәтел
Жалғыз ағаш - үй болмас, жалғыз адам - би болмас.
Мақал - мәтел
Жалғыз шапқан ат жүйрік.
Мақал - мәтел
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы