Жақсы мен жаман туралы

Жалқаулық пен жалғыздық - жалғанның жаман тарлығы, Түшіренген ұйқы жоқ - қайғының асқан жарлығы.

Шортанбай Қанайұлы

Жаманға оқ өтсе де - сөз өтпейді.

Ғабит Мүсірепов

Жаманмен салысып жақсы болмайсың.

Абай Құнанбаев

Жақсылық - ұзақ тұрмайды,

Жамандық - әркез тозбайды.

Абай Құнанбаев

Жақсы - жаны еріп тыңдайды.

Абай Құнанбаев

Жақсының - жолы ашық.

Абай Құнанбаев

Жақсылық- ұмыт,жаңылыс- кек.

Абай Құнанбаев

Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.

Мұхтар Әуезов

Жақсыда жаттық жоқ.

Мұхтар Әуезов

Жаманнан туған жақсы бар - атасын айтса нанғысыз, жақсыдан туған жаман бар - бір асым етке алғысыз.

Махамбет Өтемісұлы

Жаманменен дос болсаң - сыртыңнан жүрер өсектеп.

Махамбет Өтемісұлы

Жақсыдан болат ұл туса - жауырынынан өтін алса да, жамандарға жалынбас.

Махамбет Өтемісұлы

Кей жаманның мінезі: күн жауғанда - қойныңда, күн ашықта - мойныңда. Абай Құнанбаев

Дүние жеткізбейді ойласаң да,

Жақсы артық әзілдесіп ойнасаң да.

Ақан сері Қорамсаұлы

Ауыл малы бұралқы - ақылы жоқ жаманға.

Қайын болмас - қабанда, тойым болмас - жаманда.

Шортанбай Қанайұлы

Жолдас болсаң жақсымен - жолың жетер Қырымға,

Топқа кірсең әркіммен - таласарсың орынға.

Шортанбай Қанайұлы

Ісің түссе жаманға - қолы кетпес жағаңнан.

Шортанбай Қанайұлы

Жақсыны жаман көре алмас.

Шортанбай Қанайұлы

Асыл сойдың баласы - тартысқан жерде сөз табар, азып туған жаманды - түйе үстінде ит қабар.

Шернияз Жарылғасұлы

Жақсылардың ақылы - гәуһар шырақ шаммен тең,

Жақсының керген жарығы - анық атқан таңмен тең.

Дулат Бабатайұлы

Кей жаманның тілі бар - ащылығы умен тең,

Айтқан сөзі ақымақтың - адам ішпес сумен тең.

Дулат Бабатайұлы

Жамандар сөйлей білмейді, жөніне тыныш жүрмейді.

Дулат Бабатайұлы

Екі жаман кез болса - құтырған иттей таласар.

Дулат Бабатайұлы

Көп жаманның ішінде бір жақсысы болмаса - серкесі жоқ қоймен тең, жақсы ішінде бір жаман - өлі жүнді таймен тең.

Дулат Бабатайұлы

Жақсыдан ақылың - қызыл алтын бұл болар,

Ұяты жоқ адамға - өтірік сөзің шын болар.

Дулат Бабатайұлы

Орнын білмес жаманға - есік те болса төрмен тең,

Жақсының жары сұм болса - қазып қойған көрмен тең.

Дулат Бабатайұлы

Жақсысы кеткен ауылға мейман келіп қона алмас.

Дулат Бабатайұлы

Кей жақсының мінезі - Еділ менен Жайықтай,

Жақсылар топта сөйлейді - дарияда жүзген қайықтай.

Дулат Бабатайұлы

Жақсының жолы - жарық күн.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Өңкей жақсы қосылса - бітіреді кеңесті,

Өңкей жаман қосылса - шығарады егесті,

Мәмілемен іс бітер - бас қосып қалса көп есті.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы