Жаңалықтар

Жауынгерлік парадта зениттік-зымыран кешенінің мүмкіндіктері көрсетіледі (ФОТО)

АСТАНА. 29 сәуір. Baq.kz – Отан қорғаушылар күні құрметіне өткізілетін Жауынгерлік парадта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің 51809 әскери бөлімі С-125 заманауи көп функциялы зениттік-зымыран кешенінің жауынгерлік мүмкіндіктерін көрсетеді. Бұл жайында ҚР Қорғаным министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  "Жауынгерлік парадқа дайындық аясында «Отар» 40-әскери базасының полигонында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің С-125 ЗЗК мамандары жерүсті нысаналары бойынша жауынгерлік оқ атулар жүргізді. Қазіргі заманғы зениттік-зымыран кешені орналасқан жеріне жеке құрамымен бірге Ақтаудан келіп жетті. Әскери қызметшілер темір жол көлігімен бірнеше мың шақырымдық марш жасаған. Оқу-жаттығу өткізілетін ауданға келіп жетісімен жеке құрам тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқаруға кірісіп кетті" делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Мамандар хабарлағандай, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері есептоптарының жаттығулары түнгі және күндізгі жағдайларда өтуде. Сабақтар барысында есептоптар кешенді өрістету және оны ұшыру мәселелерін пысықтау үстінде. Мұнда уақытқа жұмыс істеу шешуші рөл атқарады. Бригада командирі полковник Жасұлан Берниязов: - Барлық нысаналар уақтылы зақымдалды. Көп функциялы кешеннен зымырандарды ұшыру арнайы жерүсті нысаналары бойынша жүргізілді. Әскери қызметшілер күрделі жағдайларда жауынгерлік үйлесу мәселелерін пысықтады. Барлық жаттығулар штаттық режимде өтуде – деп атап көрсетті. Шағын қашықтыққа арналған мобильді С-125 зениттік-зымыран кешені жылдамдығы жоғары, төмен ұшатын және өлшемдері кіші әуе нысаналарын 50-ден 20 мың метрге дейінгі биіктікте және 40 шақырымға дейінгі қашықтықта жоюға арналған. Ол сонымен бірге жер үсті нысаналары бойынша оқ атуға қолданылуы мүмкін.                                                
29.04.2013 14:21 5081

АСТАНА. 29 сәуір. Baq.kz – Отан қорғаушылар күні құрметіне өткізілетін Жауынгерлік парадта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің 51809 әскери бөлімі С-125 заманауи көп функциялы зениттік-зымыран кешенінің жауынгерлік мүмкіндіктерін көрсетеді. Бұл жайында ҚР Қорғаным министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жауынгерлік парадта зениттік-зымыран кешенінің мүмкіндіктері көрсетіледі (ФОТО)

"Жауынгерлік парадқа дайындық аясында «Отар» 40-әскери базасының полигонында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің С-125 ЗЗК мамандары жерүсті нысаналары бойынша жауынгерлік оқ атулар жүргізді. Қазіргі заманғы зениттік-зымыран кешені орналасқан жеріне жеке құрамымен бірге Ақтаудан келіп жетті. Әскери қызметшілер темір жол көлігімен бірнеше мың шақырымдық марш жасаған. Оқу-жаттығу өткізілетін ауданға келіп жетісімен жеке құрам тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқаруға кірісіп кетті" делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Мамандар хабарлағандай, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері есептоптарының жаттығулары түнгі және күндізгі жағдайларда өтуде. Сабақтар барысында есептоптар кешенді өрістету және оны ұшыру мәселелерін пысықтау үстінде. Мұнда уақытқа жұмыс істеу шешуші рөл атқарады.

Бригада командирі полковник Жасұлан Берниязов:

- Барлық нысаналар уақтылы зақымдалды. Көп функциялы кешеннен зымырандарды ұшыру арнайы жерүсті нысаналары бойынша жүргізілді. Әскери қызметшілер күрделі жағдайларда жауынгерлік үйлесу мәселелерін пысықтады. Барлық жаттығулар штаттық режимде өтуде – деп атап көрсетті.

Шағын қашықтыққа арналған мобильді С-125 зениттік-зымыран кешені жылдамдығы жоғары, төмен ұшатын және өлшемдері кіші әуе нысаналарын 50-ден 20 мың метрге дейінгі биіктікте және 40 шақырымға дейінгі қашықтықта жоюға арналған. Ол сонымен бірге жер үсті нысаналары бойынша оқ атуға қолданылуы мүмкін.

                         Жауынгерлік парадта зениттік-зымыран кешенінің мүмкіндіктері көрсетіледі (ФОТО)                 Жауынгерлік парадта зениттік-зымыран кешенінің мүмкіндіктері көрсетіледі (ФОТО)     

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға