Хорватия ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындығына қатысуға дайын
Хорватия мемлекеті 2017 жылы Қазақстанның елордасында өтетін «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің дайындығына қатысуға әзір. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Хорватия бизнес форумының барысында Хорватия сыртқы істер және еуропалық істер министрінің орынбасары Йошко Клисович мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Өнеркәсіптің әртүрлі салаларында жұмыс істейтін біздің компаниялар қазақстандық нарыққа шығуға мүдделі. Олар ауыл шаруашылығы, фармацевтика, кеме құрастыру, машина құрастыру, көлік салаларында жұмыс істеуге ықыласты», - дей келе министр орынбасары ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындығына Хорватияның қатысуға әзір екенін жеткізді.
«Біз сондай-ақ «ЭКСПО-2017» көрмесінің дайындығына қатысуға әзірміз. Біздің ойымызша, ЭКСПО көрмесі көптеген салаларды алға бастаудың теңдессіз жолы», - деді Йошко Клисович.