Жаңалықтар

Жауынгерлік парадтың авиациялық құрамы (ФОТО)

Түркия. 29 сәуір. Baq.kz – Бүгін «Отар» 40-шы әскери базасының полигонында Жауынгерлік парадқа дайындық шеңберінде арнайы мақсаттағы бөлімше С-295 әскери-көліктік ұшағынан парашюттік тәсілмен десант түсіруді жүзеге асырды. Бұл жайында ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Аталған шара «Airbus Military» концернінде өндірілген ұшақтардың Қазақстан Әскери-әуе күштеріне қабылданғаннан бері алғаш рет ұйымдастырылуда. Тапсырмалардың сәтті орындалуы арнайы мақсаттағы жауынгерлер мен ұшқыштардың дайындықтарының жоғары деңгейін, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылдарының сауаттылығын көрсетіп берді. Десант түсіру С-295 ұшағының Жауынгерлік парад барысындағы көрсетілімдерінің бір ғана бөлімі болмақ. Сонымен қатар, полковник Рүстем Тілеумағамбетов басқаратын қазақстандық экипаж С-295 ұшағын топырақты ұшыру-қондыру жолағына қондыруды да жүзеге асырады. 2013 жылғы 7 мамырда «Отар» 40-шы әскери базасында өтетін Жауынгерлік парадқа Қазақстан Әскери-әуе күштерінен 86 ұшу аппараты қатыспақ. Қазіргі өлшеммен бұл ұшақтар мен тікұшақтардың бірлескен жұмыстарға бір мезетте тартылуының рекордтық көрсеткіші болып отыр. Сондай-ақ, МиГ-29 және Су-27 жойғыш ұшақтары көрермендерге жақын қашықтықтағы әуе ұрысының элементтерін көрсететін болады. Бұл ұшқыштардың немесе авиациялық бөлімшелердің әуе қарсыласын жою мақсатындағы қарулы қарсы тұруын ұйымдастыру және қарсыластың шабуылына тойтарыс беру деген сөз. Жалпы, әуе ұрысына пилотаждың әртүрлі фигуралары кіретінін айта кеткен жөн. Жауынгерлік парадта жоғары пилотажды фигураларды Су-27 ұшағында «Жетісу» пилотажды тобы орындайды. Топ жетекшісі – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары, ұшқыш-мерген, авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов. Ұшу құрамын дайындау жөніндегі Балқаш авиациялық оқу орталығының алты Л-39 оқу-жаттығу ұшағынан тұратын «Сұңқар» пилотаждық тобына подполковник Асқар Ізбасов жетекшілік етеді. Жауынгерлік парадқа тартылған ұшу аппараттарының отыз пайызын армиялық авиацияның тікұшақтары құрайды. Олар – Ми-26, Ми-24, Ми-17, Хьюи және Қазақстанда жиналған ЕС-145 «Еврокоптер» тікұшақтары. Қазіргі уақытта бұл тікұшақтардың бәрі Жауынгерлік парад өтетін ауданда шоғырланған. Күнделікті дайындықтар барысында армиялық авиацияның ұшқыштары әуедегі бірлескен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауда. Ми-8 әскери-көліктік тікұшақ звеносы бағынбайтын авиациялық зымырандарды жіберуді орындайды. Ми-24 тікұшақтар тобының міндеті – десанттарға әуеден қолдау көрсету. ЕС-145 «Еврокоптер» тікұшақтары шабуылдау тәсілімен арнайы мақсаттағы топтардың десант түсіруін жүзеге асырады. Ми-17 тікұшақтары арнайы мақсаттағы бөлімшелердің арқан (фал) арқылы түсуін қамтамасыз етеді. Ми-26 әскери-көліктік тікұшағы қону әдісімен тактикалық әуе десантын түсіреді. ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин қазіргі уақытта «Отар» 40-шы әскери полигонында әскери авиация жұмысына басшылық жасауда.                         
29.04.2013 14:00 3961

Жауынгерлік парадтың авиациялық құрамы (ФОТО)Түркия. 29 сәуір. Baq.kz – Бүгін «Отар» 40-шы әскери базасының полигонында Жауынгерлік парадқа дайындық шеңберінде арнайы мақсаттағы бөлімше С-295 әскери-көліктік ұшағынан парашюттік тәсілмен десант түсіруді жүзеге асырды. Бұл жайында ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Аталған шара «Airbus Military» концернінде өндірілген ұшақтардың Қазақстан Әскери-әуе күштеріне қабылданғаннан бері алғаш рет ұйымдастырылуда. Тапсырмалардың сәтті орындалуы арнайы мақсаттағы жауынгерлер мен ұшқыштардың дайындықтарының жоғары деңгейін, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылдарының сауаттылығын көрсетіп берді.
Десант түсіру С-295 ұшағының Жауынгерлік парад барысындағы көрсетілімдерінің бір ғана бөлімі болмақ. Сонымен қатар, полковник Рүстем Тілеумағамбетов басқаратын қазақстандық экипаж С-295 ұшағын топырақты ұшыру-қондыру жолағына қондыруды да жүзеге асырады.
2013 жылғы 7 мамырда «Отар» 40-шы әскери базасында өтетін Жауынгерлік парадқа Қазақстан Әскери-әуе күштерінен 86 ұшу аппараты қатыспақ. Қазіргі өлшеммен бұл ұшақтар мен тікұшақтардың бірлескен жұмыстарға бір мезетте тартылуының рекордтық көрсеткіші болып отыр.
Сондай-ақ, МиГ-29 және Су-27 жойғыш ұшақтары көрермендерге жақын қашықтықтағы әуе ұрысының элементтерін көрсететін болады. Бұл ұшқыштардың немесе авиациялық бөлімшелердің әуе қарсыласын жою мақсатындағы қарулы қарсы тұруын ұйымдастыру және қарсыластың шабуылына тойтарыс беру деген сөз. Жалпы, әуе ұрысына пилотаждың әртүрлі фигуралары кіретінін айта кеткен жөн.
Жауынгерлік парадта жоғары пилотажды фигураларды Су-27 ұшағында «Жетісу» пилотажды тобы орындайды. Топ жетекшісі – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары, ұшқыш-мерген, авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов.
Ұшу құрамын дайындау жөніндегі Балқаш авиациялық оқу орталығының алты Л-39 оқу-жаттығу ұшағынан тұратын «Сұңқар» пилотаждық тобына подполковник Асқар Ізбасов жетекшілік етеді.
Жауынгерлік парадқа тартылған ұшу аппараттарының отыз пайызын армиялық авиацияның тікұшақтары құрайды. Олар – Ми-26, Ми-24, Ми-17, Хьюи және Қазақстанда жиналған ЕС-145 «Еврокоптер» тікұшақтары. Қазіргі уақытта бұл тікұшақтардың бәрі Жауынгерлік парад өтетін ауданда шоғырланған.
Күнделікті дайындықтар барысында армиялық авиацияның ұшқыштары әуедегі бірлескен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауда. Ми-8 әскери-көліктік тікұшақ звеносы бағынбайтын авиациялық зымырандарды жіберуді орындайды. Ми-24 тікұшақтар тобының міндеті – десанттарға әуеден қолдау көрсету.
ЕС-145 «Еврокоптер» тікұшақтары шабуылдау тәсілімен арнайы мақсаттағы топтардың десант түсіруін жүзеге асырады. Ми-17 тікұшақтары арнайы мақсаттағы бөлімшелердің арқан (фал) арқылы түсуін қамтамасыз етеді.
Ми-26 әскери-көліктік тікұшағы қону әдісімен тактикалық әуе десантын түсіреді.
ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин қазіргі уақытта «Отар» 40-шы әскери полигонында әскери авиация жұмысына басшылық жасауда.

     Жауынгерлік парадтың авиациялық құрамы (ФОТО)   Жауынгерлік парадтың авиациялық құрамы (ФОТО)   Жауынгерлік парадтың авиациялық құрамы (ФОТО)

     Жауынгерлік парадтың авиациялық құрамы (ФОТО)   Жауынгерлік парадтың авиациялық құрамы (ФОТО)    Жауынгерлік парадтың авиациялық құрамы (ФОТО)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға