Жаңалықтар

Дүние туралы

Дүние - жалған. Мақал - мәтел Дүние - кезек. Мақал - мәтел Етігің аяғынды қысып тұрса, дүниенің кендігінен не пайда. Мақал - мәтел Келген дәулет - кеткен бейнет. Мақал - мәтел Қусам да жеткізбейді арман дүние, Бұрынғы ата-анадан қалған дүние. Барында оралыңның ойна да күл, Бір күні қалар артта жалған дүние. Қара өлең Досым жайлы, ей қалқа, досым жайлы, Ынтымағы жаманның қосылмайды. Алды-артын ойлайтын ер азамат, Дүниеге мастанып отырмайды. Қара өлең Дүние, келерінде - бұлақтайсың, Сырғыған кетерінде сынаптайсың. Жанына жақсылардың аялдамай, Па, шіркін, қайда барып тұрақтайсың! Қара өлең Дүние жеткізбейді - қуғанменен. Дүние ойлап тұрсаң - бір сергелдең, Жалғыз атың болмаса - өлгенмен тең. Досың келіп үйіңнен құр аттанса, Қара жерге тепкілеп көмгенмен тең. Қара өлең Дүние ойлап тұрсаң шолақ екен, Адамдар бір-біріне қонақ екен. Сыйласып екі жұбай тату болса, Дүниенің бар қызығы сол-ақ екен. Қара өлең Дүние, қудым сені жалықпай-ақ, Судағы ұстатпайсың балықтай-ақ. Көрсетіп бірде - алдыңды, бірде - артыңды, Қойдың ғой дидарыңды танытпай-ақ. Қара өлең Дүние - бір қисық жол бұрандаған, Бақ тайса - мал менен бақ құралмаған. Күніне мың бір пәле келсе дағы, Сонда да күдер үзбе бір алладан. Қара өлең Дүние қарап тұрсам бір кең сарай, Сарайға көзім талды қарай-қарай. Тағдыр мен тәңіріңе жала жаппа, Өзінен ер жігіттің бақ пен талай. Қара өлең   Дүние - желден жүйрік, судан терең, Қайырлар бір күн зулап тұрған кемең. Әртүрлі әркімдерде күнелтіс бар, Бір әке, бір шешеден туғанменен. Қара өлең Дүние ойлап тұрсам терең теңіз, Жақсылық жамандықпен болады егіз. Байқайсың аяғынды андап-андап, Болғанда досың - екеу, дұшпан - сегіз. Қара өлең   Дүниенің көзім жетті жалғанына, Жеткізген кімді тағдыр арманына. Қайтерсің ілінбесе итбалық та, Дәметкен алтын балық қармағыңа. Қара өлең Дүниеге жаяу келіп, жаяу кетесің. Балуан шолақ Баймырзаұлы Дүние деген - шолақ, Жан деген - бір қонақ. Тірлікте еткен жақсылық - Бұл өмірден өткенде Қалары өзіңмен сол-ақ. Би-шешендер Дүние малын сүйгендер - мінбей,кимей кетеді. Шортанбай Қанайұлы Құйрық атып құлия, Түлкідей қашқан жылмия. Қараңды үзіп барасың, Бізден де, қайран дүния. Шәңгерей Бөкеев Дүние - ұшып өткен құс, жақсылық,- көрген түс. Шал Құлекеұлы Дүние - шолақ, жан - қонақ. Шал Құлекеұлы Дүние деген осы: ешкімнің емес досы. Шал Құлекеұлы Дүние - ескі сарай-ды, Жолаушы жүрген азамат, Көркіне оның қарайды. Сүйінбай Аронұлы   Біз -қайық, бұл дүние - түпсіз теңіз. Сүйінбай Аронұлы Бұл дүние біз үшін бір ақсақ елік, Барады кейде аяңдап, кейде желіп. Артынан қуып жүрген біз бір мерген, Қаламыз кейде адасып, кейде көріп. Сүйінбай Аронұлы  Дүние әлі-ақ өтер қимағанмен, Сыйласқын өз басыңды сыйлағанмен. Жалғанның ақырында баяны жоқ, Қазына қызыл-жасыл жинағанмен. Сүйінбай Аронұлы Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние - ғажап, сен - есік. Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние - қоқыс, сен - меншік. Әбу Нәсір әл-Фараби   Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы  
29.04.2013 05:48 21190

Дүние - жалған.

Мақал - мәтел

Дүние - кезек.

Мақал - мәтел

Етігің аяғынды қысып тұрса, дүниенің кендігінен не пайда.

Мақал - мәтел

Келген дәулет - кеткен бейнет.

Мақал - мәтел

Қусам да жеткізбейді арман дүние,

Бұрынғы ата-анадан қалған дүние.

Барында оралыңның ойна да күл,

Бір күні қалар артта жалған дүние.

Қара өлең

Досым жайлы, ей қалқа, досым жайлы,

Ынтымағы жаманның қосылмайды.

Алды-артын ойлайтын ер азамат,

Дүниеге мастанып отырмайды.

Қара өлең

Дүние, келерінде - бұлақтайсың,

Сырғыған кетерінде сынаптайсың.

Жанына жақсылардың аялдамай,

Па, шіркін, қайда барып тұрақтайсың!

Қара өлең

Дүние жеткізбейді - қуғанменен.

Дүние ойлап тұрсаң - бір сергелдең,

Жалғыз атың болмаса - өлгенмен тең.

Досың келіп үйіңнен құр аттанса,

Қара жерге тепкілеп көмгенмен тең.

Қара өлең

Дүние ойлап тұрсаң шолақ екен,

Адамдар бір-біріне қонақ екен.

Сыйласып екі жұбай тату болса,

Дүниенің бар қызығы сол-ақ екен.

Қара өлең

Дүние, қудым сені жалықпай-ақ,

Судағы ұстатпайсың балықтай-ақ.

Көрсетіп бірде - алдыңды, бірде - артыңды,

Қойдың ғой дидарыңды танытпай-ақ.

Қара өлең

Дүние - бір қисық жол бұрандаған,

Бақ тайса - мал менен бақ құралмаған.

Күніне мың бір пәле келсе дағы,

Сонда да күдер үзбе бір алладан.

Қара өлең

Дүние қарап тұрсам бір кең сарай,

Сарайға көзім талды қарай-қарай.

Тағдыр мен тәңіріңе жала жаппа,

Өзінен ер жігіттің бақ пен талай.

Қара өлең

 

Дүние - желден жүйрік, судан терең,

Қайырлар бір күн зулап тұрған кемең.

Әртүрлі әркімдерде күнелтіс бар,

Бір әке, бір шешеден туғанменен.

Қара өлең

Дүние ойлап тұрсам терең теңіз,

Жақсылық жамандықпен болады егіз.

Байқайсың аяғынды андап-андап,

Болғанда досың - екеу, дұшпан - сегіз.

Қара өлең

 

Дүниенің көзім жетті жалғанына,

Жеткізген кімді тағдыр арманына.

Қайтерсің ілінбесе итбалық та,

Дәметкен алтын балық қармағыңа.

Қара өлең

Дүниеге жаяу келіп, жаяу кетесің.

Балуан шолақ Баймырзаұлы

Дүние деген - шолақ,

Жан деген - бір қонақ.

Тірлікте еткен жақсылық -

Бұл өмірден өткенде

Қалары өзіңмен сол-ақ.

Би-шешендер

Дүние малын сүйгендер - мінбей,кимей кетеді.

Шортанбай Қанайұлы

Құйрық атып құлия,

Түлкідей қашқан жылмия.

Қараңды үзіп барасың,

Бізден де, қайран дүния.

Шәңгерей Бөкеев

Дүние - ұшып өткен құс, жақсылық,- көрген түс.

Шал Құлекеұлы

Дүние - шолақ, жан - қонақ.

Шал Құлекеұлы

Дүние деген осы: ешкімнің емес досы.

Шал Құлекеұлы

Дүние - ескі сарай-ды,

Жолаушы жүрген азамат,

Көркіне оның қарайды.

Сүйінбай Аронұлы

 

Біз -қайық, бұл дүние - түпсіз теңіз.

Сүйінбай Аронұлы

Бұл дүние біз үшін бір ақсақ елік,

Барады кейде аяңдап, кейде желіп.

Артынан қуып жүрген біз бір мерген,

Қаламыз кейде адасып, кейде көріп.

Сүйінбай Аронұлы

 Дүние әлі-ақ өтер қимағанмен,

Сыйласқын өз басыңды сыйлағанмен.

Жалғанның ақырында баяны жоқ,

Қазына қызыл-жасыл жинағанмен.

Сүйінбай Аронұлы

Ғақлия көзбен қарасаң,

Дүние - ғажап, сен - есік.

Жаһлы көзбен қарасаң,

Дүние - қоқыс, сен - меншік.

Әбу Нәсір әл-Фараби

 

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға