Жаңалықтар

Сауран

Соңғы редакциялау: 24 қазан 2012 жыл САУРАН — ортағасырлық қала. Оңт. Қазақстан обл. Түркістан қ-нан солт.-батысқа қарай 35 км жерде. Қалашықты 1866 ж. А.К. Гейнс, 1867 ж. П.И. Лерх, 1947 ж. Оңт. Қазақстан археол. экспед. (жетек. А.Н. Бернштам), 1967 ж. Жетісу археол. экспед. (жетек. К.Ақышев), 1986 ж. Қазақстан ҒА Археол. ин-тының археол. экспед. зерттеген. 2004 ж. Оңт. Қазақстан кешенді археол. экспед. қазба жұмыстарын жүргізді. Биікт. 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай — 800 м, солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай — 550 м, мәдени қабатының биікт. 2 м. Жазба деректерде 10 ғ-дан бастап кездеседі. Әл-Магдиси ол туралы “Сауран (Савран, Сабран) үлкен қала, оны жеті қатар қамал қоршаған, рабады бар, мешіті қаланың ішінде орналасқан” деп жазған. Шыңғыс ханның шапқыншылығы туралы деректерде С. аталмайды. 13 ғ-да Сырдария арқылы өткен армян патшасы Гетум С-ды Савран деген атпен Сығанақ (Сгнах), Қарашық (Харчук), Иасы (Асон) қ-ларымен бірге атаған. Содан кейінгі деректерде қала аты аталмайды. 14 ғ-дағы деректерде С. қайта көрініп, белгілі бір уақыт аралығында Ақ Орданың астанасы болғаны айтылады. Ол Сырдың оң жағалауымен өтетін керуен жолының бойындағы ірі саяси-экон., мәдени және халықар. сауда орт. ретінде белгілі. Онда Ақ Орда ханы Сасы Бұқа жерленген. 16 ғ. деректерінде сыртында биік дуалы мен айнала қазылған оры бар әсем қала ретінде айтылады. Сол кездегі мұсылман әулиелерінің бірі Мір Араб осы қалада туылған. Ол кейіннен туған қаласына екі кәрізді су жүйесін салған. Васифидің айтуынша, “мұндай кереметті су мен құрлық арқылы әлемді айналып шыққан адамдар да көрмеген” дейді. Бастауын қаладан 7 км жерден алатын кәрізді салуға 200 үнді құлы пайдаланылған. Кәріздің басына бекініс салынып, оның ішіне құдық қазылған. Құдықтың тереңд. 200 м, оның суға дейінгі тереңд. 50 м, су толған тереңд. 150 м. Суды шығыр арқылы шығарған. Шығырды өгіздер айналдырған. 1514 — 15 ж. С-да тұрған Васифи қаладағы ерекше құрылыстардың бірі ретінде шайқалып тұратын екі мұнарасы бар медресе туралы “Оның айванының иығына салынған өте биік және аса көрікті екі мұнараның “гүлдастасына” шынжыр байланып, олардың әр күмбезінің астына (кубба) бөрене (чуб) бекітілген, егер біреу күшпен бөренені қозғаса, шынжыр дірілдеп, қарсы мұнарада тұрған адамға мұнара құлап бара жатқандай көрінеді, бұл әлемнің таңғажайып кереметтерінің бірі” деп жазған. С-ның ортағасырлық мықты бекіністі қала екендігі туралы Хафиз Таныш та жазып қалдырған. 1598 ж. С-ды қоршаған Абдолла ханның әскерлері қорғаныс қабырғасын Бұқарадан алдырған тас атқыш қондырғымен атқылап, қамалдың астын қазып, су жіберген. Осы жолы жеңіске жеткен Тәуекел ханның әскерлері қаланы Қазақ хандығының құрамына түбегейлі өткізді. 17 ғ-да жарық көрген “Чертежная книга Сибири” атты кітапта С. Ясрван деген атпен көрсетілген. Қала 1725 ж. жоңғар шапқыншылығы кезінде едәуір бүлінген. 18 ғ-дағы орыс деректерінде ол Түркістан маңындағы кішкене елді мекен ретінде аталады.   Д. Тәлеев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том
09.11.2012 03:21 5984

Соңғы редакциялау:

24 қазан 2012 жыл

САУРАН — ортағасырлық қала. Оңт. Қазақстан обл. Түркістан қ-нан солт.-батысқа қарай 35 км жерде. Қалашықты 1866 ж. А.К. Гейнс, 1867 ж. П.И. Лерх, 1947 ж. Оңт. Қазақстан археол. экспед. (жетек. А.Н. Бернштам), 1967 ж. Жетісу археол. экспед. (жетек. К.Ақышев), 1986 ж. Қазақстан ҒА Археол. ин-тының археол. экспед. зерттеген. 2004 ж. Оңт. Қазақстан кешенді археол. экспед. қазба жұмыстарын жүргізді. Биікт. 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай — 800 м, солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай — 550 м, мәдени қабатының биікт. 2 м. Жазба деректерде 10 ғ-дан бастап кездеседі. Әл-Магдиси ол туралы “Сауран (Савран, Сабран) үлкен қала, оны жеті қатар қамал қоршаған, рабады бар, мешіті қаланың ішінде орналасқан” деп жазған. Шыңғыс ханның шапқыншылығы туралы деректерде С. аталмайды. 13 ғ-да Сырдария арқылы өткен армян патшасы Гетум С-ды Савран деген атпен Сығанақ (Сгнах), Қарашық (Харчук), Иасы (Асон) қ-ларымен бірге атаған. Содан кейінгі деректерде қала аты аталмайды. 14 ғ-дағы деректерде С. қайта көрініп, белгілі бір уақыт аралығында Ақ Орданың астанасы болғаны айтылады. Ол Сырдың оң жағалауымен өтетін керуен жолының бойындағы ірі саяси-экон., мәдени және халықар. сауда орт. ретінде белгілі. Онда Ақ Орда ханы Сасы Бұқа жерленген. 16 ғ. деректерінде сыртында биік дуалы мен айнала қазылған оры бар әсем қала ретінде айтылады. Сол кездегі мұсылман әулиелерінің бірі Мір Араб осы қалада туылған. Ол кейіннен туған қаласына екі кәрізді су жүйесін салған. Васифидің айтуынша, “мұндай кереметті су мен құрлық арқылы әлемді айналып шыққан адамдар да көрмеген” дейді. Бастауын қаладан 7 км жерден алатын кәрізді салуға 200 үнді құлы пайдаланылған. Кәріздің басына бекініс салынып, оның ішіне құдық қазылған. Құдықтың тереңд. 200 м, оның суға дейінгі тереңд. 50 м, су толған тереңд. 150 м. Суды шығыр арқылы шығарған. Шығырды өгіздер айналдырған. 1514 — 15 ж. С-да тұрған Васифи қаладағы ерекше құрылыстардың бірі ретінде шайқалып тұратын екі мұнарасы бар медресе туралы “Оның айванының иығына салынған өте биік және аса көрікті екі мұнараның “гүлдастасына” шынжыр байланып, олардың әр күмбезінің астына (кубба) бөрене (чуб) бекітілген, егер біреу күшпен бөренені қозғаса, шынжыр дірілдеп, қарсы мұнарада тұрған адамға мұнара құлап бара жатқандай көрінеді, бұл әлемнің таңғажайып кереметтерінің бірі” деп жазған. С-ның ортағасырлық мықты бекіністі қала екендігі туралы Хафиз Таныш та жазып қалдырған. 1598 ж. С-ды қоршаған Абдолла ханның әскерлері қорғаныс қабырғасын Бұқарадан алдырған тас атқыш қондырғымен атқылап, қамалдың астын қазып, су жіберген. Осы жолы жеңіске жеткен Тәуекел ханның әскерлері қаланы Қазақ хандығының құрамына түбегейлі өткізді. 17 ғ-да жарық көрген “Чертежная книга Сибири” атты кітапта С. Ясрван деген атпен көрсетілген. Қала 1725 ж. жоңғар шапқыншылығы кезінде едәуір бүлінген. 18 ғ-дағы орыс деректерінде ол Түркістан маңындағы кішкене елді мекен ретінде аталады.

 

Д. Тәлеев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға