Бақ-дәулет, Бек, хан туралы
Бақ-дәулет туралы |
Дәулет берсе құдайым - тон кисең де, түлкі етер, Дәулет кетсе қолыңнан - түлкі кисең, күлкі етер. Би-шешендер Бақ көшсе ақылыңа қарамайды. Шал Құлекеұлы Адамға нағыз дәулет - перзент пен мал, жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу әйел. Шал Құлекеұлы Бақ-дәулет, мал бітерде: ырыс қонар, ынтымағы ағайынның дұрыс болар, бала пайдакүнем болар, жалшы жауынгер болар, қыз қылықты болар, келін епті болар, көп көрініп жау қашырар, көптеп- көмектеп қонақ атандырар. Адамы қырлы болар, малы түрлі болар, иті-үреген келер, тіркеген малы жүреген келер. Шал Құлекеұлы Бақ-дәулет, мал көшерде: ырыс қашар, біреуі біреуіне пәле жасар.Бала пайдасыз болар, жалшысы жалқау болар, қыз қылықсыз болар, келін керенау болар, қатыны салақ болар, ат мінсе - жалақ келер, адамы қырсыз келер, малы түрсіз келер. Иті үрмес, тіркеген малы жүрмес. Шал Құлекеұлы Бақыт бір жерде тұрмайды. Құтып Қадірлі болғысы келген кісіге үш серік керек: бақ, дәулет, ырыс. Жиренше шешен
Бағы ашылған адам бәріне ұнайды. Жүсіп Баласағұн Бақыттың да басы айналар кез келер - мінезі айнып, құлқы сонда өзгерер. Жүсіп Баласағұн Тақ пен бақ - бір емес. Жүсіп Баласағұн |
Бек, хан туралы
Жер бастырығы - тау, ел бастырығы - бек.
Махмұд Қашқари
Ханнан артық қара бар, қылыштан артық ара бар.
Кей қараның сөздері - хан сөзіне пара-пар.
Би-шешендер
Хан алдына барғанда - хан таппады мінімді,
Би алдына барғанда - би таппады мінімді,
Өз үйіме келгенде - итке берсін күнімді.
Би-шешендер
Халық айныса - хан түзер, хан айныса кім түзер?
Би-шешендер
Қарашаға хан табылар, ханға қараша табыла бермес.
Би-шешендер
Қара қазаққа - хан ие, қара жерге - халық ие.
Би-шешендер
Ханға қараны тең ұстау парыз, қараға ханмен салыспау парыз.
Би-шешендер
Ханның көркі - ел.
Жұрт теңгеріп тұруға әділ төре-хан керек.
Шернияз Жарылғасұлы
Хан - халықтың қазығы.
Майқы би
Уәзіріне сырын алдырған хан - қақпанға түскен аң.
Майқы би
Таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ.
Майқы би
Дау - арашасыз болмас, хан - қарашасыз болмас.
Майқы би
Хан ұлы - төре, би ұлы - шора.
Доспамбет жырау
Қарашасын қарақтамаған хан оңбас.
Жанақ Сағындықұлы
Хан - қайраң, қарашы - тас.
Жанақ Сағындықұлы
Хан сыртынан жұдырық.
Жанақ Сағындықұлы
Хан - астың дәмі болғанда, ханым -тұзы.
Жанақ Сағындықұлы
Хан да - біреудің ұлы, құдайдың құлы.
Жүсіп Баласағұн
Ханның әділетсіздігі - бар пеленің басы.
Жүсіп Баласағұн
Ханның - ақысы болса, қараның - қақысы бар.
Жүсіп Баласағұн
Бек қайда барса - құлы сонда.
Жүсіп Баласағұн
Бек деген - от: жақын жүрме - күйесің.
Жүсіп Баласағұн
Бек қызыққа құмар болса - қалған елдің күні қараң.
Жүсіп Баласағұн
Сараң бек ел билей алмайды.
Жүсіп Баласағұн
Ханын қарадай өлтірген - қарашасын қынадай қырар.
Қазыбек Келдібекұл
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы