Майя Манеза теңін тапты, ал тегін өзгертпейді
Өткен аптада некелерін қидырған қазақстандық ауыр атлетшілер Вячеслав Ершов пен Майя Манеза алаулатып жалаулатпай-ақ, қарапайым ғана жұрт қатарлы жора-жолдастарының арасында тойларын атап өтті.
азақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінен қазақы салт-дәстүрге сай ұзатылған Майя, зайыбы Вячеслав пен Алматыдағы Әуезов ауданының АХАЖ бөлімінде заңды тіркеуден өтті. Тіркеуден өту барысында жас жұбайлар осы кезге дейін өз тектерінің спорт саласында танымалдығын ескере келе, Майяның байырғы тегін сақтап, өзгеріссіз қалдыруды қалапты. Бұл жөнінде Вячеславтың өзі:
«- Біздің алдымызда әлі талай асулар бар. Бүгінге дейін бағындырған белестерімізге бұрын қалай келсек, бұдан былай Майя екеуміз өз жетістіктерімізді одан сайын еселей түскіміз келеді. Ал осы жолда «Манеза» тегі біршама танымал болып үлгерді. Мүмкін, спорттағы мансаптарымызды түгесілуге таяғанда қандай да бір өзгеріс болмаса, қазірше осылай қалғанын қалаймын» - дейді ол.
Baq.kz