Әлемдегі ең кішкентай тиын 3 миллион долларға саудаланды
26.04.2013 09:39
3071
Әлемдегі сирек кездесетін тиын Чикагода өткен аукционда 3 миллион долларға сатылды. Американың бес центтік «Liberty Had» деген темір ақшасы сонау 1913 жылы соғылған екен. Осыдан бір ғасыр бұрын АҚШ-тың Монеталық сарайы заңсыз шығарған ақшаның қазір небәрі бес данасы бар. Ол осыдан 50 жыл бұрын жол апатына ұшыраған көлік үйінділерінің арасынан табылып, қайтадан жоғалып кетті. Алайда 2003 жылы ерекше тиын коллекционерлердің қолына қайта түсіп, бірнеше күн бұрын аукционға қойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанаға «студенттік көктем» келді