Жаңалықтар

ІІД: Андрей Цуканов 10 тәулікке қамалуы мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовке жұмыртқа лақтырған белсенді Андрей Цуканов қазір Алматы қаласы Бостандық ауданының ішкі істер басқармасында қамауда деп жазады "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі. Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Цукановтың үстінен әкімшілік іс қозғалуы мүмкін. "Қазір оған қатысты материалдар жиналып жатыр, оны әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 330-бабының ("ұсақ бұзақылық") я 1-бөлімі, я 2-бөлімі бойынша айыптауы мүмкін. Егер екінші бөлім бойынша айыптаса, 10 тәулікке қамалуы ықтимал" дейді баспасөз қызметі. Қарағандылық белсенді Цуканов бүгін Алматыда зейнетақы реформасы туралы заң жобасын түсіндіруге келген Әбденовке шикі жұмыртқа лақтырған еді. Азаттық
26.04.2013 09:22 3593

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовке жұмыртқа лақтырған белсенді Андрей Цуканов қазір Алматы қаласы Бостандық ауданының ішкі істер басқармасында қамауда деп жазады "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Цукановтың үстінен әкімшілік іс қозғалуы мүмкін. "Қазір оған қатысты материалдар жиналып жатыр, оны әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 330-бабының ("ұсақ бұзақылық") я 1-бөлімі, я 2-бөлімі бойынша айыптауы мүмкін. Егер екінші бөлім бойынша айыптаса, 10 тәулікке қамалуы ықтимал" дейді баспасөз қызметі.

Қарағандылық белсенді Цуканов бүгін Алматыда зейнетақы реформасы туралы заң жобасын түсіндіруге келген Әбденовке шикі жұмыртқа лақтырған еді.

Азаттық

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға