Жаңалықтар

Борис Ельциннің қызы Австрия азаматтығын алды

Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельциннің қызы Татьяна Юмашева австриялық азаматтықты алды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасаған РБК хабарлап отыр. Юмашеваның жұбайы Валентин Венадан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Винден-ам-Зе жерін негізгі тұрғылықты мекен-жайы ретінде алғандығын 2007 жылы жариялаған еді. 2008 жылдан бері Юмашевтің жары мен қызы да осы қалашықта тіркелді. Төлқұжатты алар кезде Magna Steyer автокөлік концернінің басшысы Гюнтер Апфальтердің септігі аз тимеген. Достары үшін қам жеген кәсіпкер республиканың экономика министріне Юмашеваның Австрияның көлік өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі жайында хат жазды. ҚазАқпарат.
26.04.2013 09:00 3667

Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельциннің қызы Татьяна Юмашева австриялық азаматтықты алды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасаған РБК хабарлап отыр.

Юмашеваның жұбайы Валентин Венадан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Винден-ам-Зе жерін негізгі тұрғылықты мекен-жайы ретінде алғандығын 2007 жылы жариялаған еді. 2008 жылдан бері Юмашевтің жары мен қызы да осы қалашықта тіркелді.

Төлқұжатты алар кезде Magna Steyer автокөлік концернінің басшысы Гюнтер Апфальтердің септігі аз тимеген. Достары үшін қам жеген кәсіпкер республиканың экономика министріне Юмашеваның Австрияның көлік өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі жайында хат жазды.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға