Байлық-кедейлік туралы
Кейбіреулерге қанша мал бітсе де, байлық бітпейді.
Абай Құнанбаев
Пейілі кедей байдан сақта.
Абай Құнанбаев
Бардың жұпыны киінгені де, жоқтың барша киінгені де белгілі болып тұрады.
Ғабит Мүсірепов
Байлыққа қосар үлесің болмаса, байлықтан алар үлесің де жоқ.
Ғабит Мүсірепов
Байға - мал қымбат, кедейге - жан қымбат.
Ғабит Мүсірепов
Кедейге - жеркепесінің төбесіне шығып тұруы да үлкен мақтаныш.
Ғабит Мүсірепов
Байлықты малдан емес, адамнан іздеген жөн болмақ.
Ғабит Мүсірепов
Қу таяқты кедейге дәулет бітпес демеңіз.
Бұқар Қалқаманұлы
Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздер болар.
Әлихан Бөкейханов
Байлық басы көпке байлаулы емес - базарда ақша болатынға байлаулы.
Әлихан Бөкейханов
Ердің көркі - дәулет.
Ақан сері Қорамсаұлы
Қанша байлық жыйсаң да, бұйырғаннан артық жей алмайсың.
Қорқыт ата
Пасыққа дәулет бітпес.
Қорқыт ата
Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ.
Қорқыт ата
Қанша тасып-тулағанмен, су теңізді толтыра алмайды.
Қорқыт ата
Бар - бақыр, жоқ - алтын.
Қорқыт ата
Қолыңа күміс қонса - алтын өзі келер.
Қорқыт ата
Бақ пенен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Дәулет те біреуден көшіп, біреуге қона береді.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздер болар.
Әлихан Бөкейханов
Байлық түбі - ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды.
Әлихан Бөкейханов
Байлық басы көпке байлаулы емес - базарда ақша болатынға байлаулы.
Әлихан Бөкейханов
Көлдің - тақырға айналуы оңай,
Байдың - пақырға айналуы оңай.
Шерхан Мұртаза
Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар,
Дәулеті күнге артылып, не қылса да мол болар.
Асан қайғы
Ішкен - мәз, жеген - тоқ.
Ағаның алды - кең жайлау.
Мақал - мәтел
Бай - байға, сай - сайға.
Мақал - мәтел
Жеген - тоқ, ішкен - мәз.
Мақал - мәтел
Кедей - байға жетсем дейді, бай - құдайға жетсем дейді.
Мақал - мәтел
Кедейдің қолы қысқа.
Мақал - мәтел
Бай баласы мақтанса - жылқыдан жорға міндім дер, би баласы мақтанса - парадан шапан кидім дер.
Мақал - мәтел
Тоқ бала аш баламен ойнамайды, тоқ кісі аш қалам деп ойламайды.
Мақал - мәтел
Бай - балпаң, жоқ - қалтаң.
Мақал - мәтел
Жарлы атанар жігіт - байталын атқа айырбастайды, жалғыз қалар жігіт - ағайынын жатқа айырбастайды.
Мақал - мәтел
Арық атқа - қамшы ауыр, жыртық үйге - тамшы ауыр.
Мақал - мәтел
Қыс киерін жаз киіп, кедей қайдан байысын.
Мақал - мәтел
Екі бай құда болса - арасында жорға жүреді, екі жарлы құда болса - арасында дорба жүреді, бай мен жарлы құда болса -айырылыса алмай зорға жүреді.
Мақал - мәтел
Бай күйігі - сыртта, бала күйігі - іште.
Мақал - мәтел
Ақша болса - алақанда сорпа қайнайды.
Мақал - мәтел
Үнемі қолда тұрмас бақыт-байлық.
Қара өлең
Қолы қысқа кедейлік - адамның түсін басқалайды.
Би-шешендер
Бай болатын жігітке - жақсы жар, жүйрік ат кездесер,
Кедей болатын жігітке - жалқау әйел, ажалды мал кездесер.
Би-шешендер
Бай болатын адамның иті сақ болады, әйелі малсақ болады, қызы көрікті болады, ұлы бөрікті болады.
Би-шешендер
Кедейліктің басыма салғаны көп: көсілтіп сауын сауғызбады, жақсы қонақасы бергізбеді, бүгілтіп ат мінгізбеді, тандап киім кигізбеді, сұлу жар сүйгізбеді.
Би-шешендер
Ай - ортақ, қайырлы болса - бай ортақ.
Шернияз Жарылғасұлы
Бардан жарлы болғандар болар арлы.
Шал Құлекеұлы
Ашуланшақ келеді жарлы кісі.
Шал Құлекеұлы
Кедейлік - ер жігітке намыс емес, жоқ болсаң - досың дағы таныс емес.
Шал Құлекеұлы
Бай болмаған бай болса - жайламаған сай қоймас,
Хан болмаған хан болса - жалмамаған тай қоймас.
Үмбетей Тілеуұлы
Білгенге - қиын емес кету байып.
Міржақып Дулатов
Дүниеде кедейлік жоқ - өнерпазға.
Міржақып Дулатов
Бар - бақыр, жоқ - алтын.
Махмұд Қашқари
Қолыңа күміс қонса - алтын өзі келер.
Махмұд Қашқари
Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды.
Махмұд Қашқари
Болса да қол қысқа - шағынба болмысқа.
Жүсіп Баласағұн
Алтын-күміс жиған адам бай емес - сөз жиған адам бай.
Жүсіп Баласағұн
Жай адамға бай адамның жүгін артпас болар.
Жүсіп Баласағұн
Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес.
Қазыбек Келдібекұлы
Бай малына мәз.
Қожа Ахмет Йассауи
Мал-мүлік жидым деп мәз болма - жан кеткенде кетеді.
Қожа Ахмет Йассауи
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы