Жаңалықтар

Ағайын-туыс,ақын-жазушылар туралы

Ағайын-туыс туралы   Не пайда туысқаннан - жуыспаған. Би-шешендер   Арғымақты жамандап - буданды қайдан табарсың, Ағайынды жамандап туғанды қайдан табарсың. Би-шешендер   Ағайынның азғанын - өзі емес, жат білер, Қапталдықтың батқанын - иесі емес, ат білер. Би-шешендер   Жақсы болса іні - ортақ. Шернияз Жарылғасұлы   Ағайын-туған кімде жоқ, сыйласпасаң - жатша жоқ. Шал Құлекеұлы   Қамқа тонның тозғанын көп жасаған қарт білер, ағайынның озғанын жақын емес, жат білер. Шал Құлекеұлы   Ағайын жат болады алыс болса, Жат та жақын болады - таныс болса. Дұшпан түгіл достарың табалайды, Аяғың бір нәрседен шалыс болса. Шал Құлекеұлы   Ұран көтерілсе - ру жиылар, Жау келсе - жамағат жиылар. Махмұд Қашқари   «Ағайын» десе - шақ қарадық, «Қайын» десе - жалт қарадық. Махмұд Қашқари   Іні - ағаның тынысы. Әйтеке Байбекұлы   Ағасы бардың - жағасы бар, інісі бардың - тынысы бар. Қазыбек Келдібекұлы   Аға төреші бола алмайды - алдында қаймығары жоқ, Іні төреші бола алмайды - артында қайырылары жоқ. Қазыбек Келдібекұлы   Ақын-жазушылар туралы Ақын - елдің тұлпары, Кетпейтін басы кермеден. Майлықожа Сұлтанқожаұлы   Әдебиеттегі шарттылық - қауыз іспеттес: ол - жазушының түрлі ниетін танытудың бір тәсілі. Сағат Әшімбаев   Шығарма мәйегін түйсіну - жазушы пафосын түсіну деген сөз. Сағат Әшімбаев   Жүзіктің өзінен де - көзі қымбат, Ақынның сыйлығынан - сөзі қымбат. Мұзафар Әлімбаев   Ақынның тында босқанын - айтпа, жырға - қосқанын айт. Мұзафар Әлімбаев   Ақын таразысы - әділ таразы. Мұзафар Әлімбаев   Шыншыл қалам шымыр жазады. Мұзафар Әлімбаев   Маймылдан батыр шықса шығар - бірақ ақын шықпас. Мұзафар Әлімбаев   Шын жазушының көзі көкірегінде болады. Шерхан Мұртаза   Болмайды тойдың сәні ақын келмей. Қара өлең   Шоқан көсем бола алатын еді: ол революциядан алыста тұрғанымен, монархиядан қол үзуге таяп қалған болатын. Олжас Сүлейменов   Шоқан - өткенде өмір сүрген бүгіннің адамы. Оның өз «бүгіні» - өз арманының балқымайтын құрамдас бөлшектерінен, үмітсіздіктен, өмірге шексіз құштарлық пен пессимизмнен тұратын. Оның ең тамаша реалистік фантазиялары - қалыптасқан жағдай шындығының дөкір етігінің табанының астында қалып, тұншығып өлді. Ол отыз жыл (1835-1865) өмір сүрді. Оның өмірі - қазақ халқының тарихындағы тұтас бір дәуір. Оның бүкіл ғұмыры - символ. Шоқан тағдыры - мұхиттың дәмін танытар тамшы іспеттес. Олжас Сүлейменов   Ақын - өзінің туған топырағының елшісі. Әлем ақынға қарап, оның туған халқы туралы ой түйеді. Ақын өз халқына адамзат мәдениетінің, бүкіл дүние жүзі мәдениетінің нұрын шашады. Олжас Сүлейменов Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
26.04.2013 08:03 26542

Ағайын-туыс туралы

 

Не пайда туысқаннан - жуыспаған.

Би-шешендер

 

Арғымақты жамандап - буданды қайдан табарсың,

Ағайынды жамандап туғанды қайдан табарсың.

Би-шешендер

 

Ағайынның азғанын - өзі емес, жат білер,

Қапталдықтың батқанын - иесі емес, ат білер.

Би-шешендер

 

Жақсы болса іні - ортақ.

Шернияз Жарылғасұлы

 

Ағайын-туған кімде жоқ, сыйласпасаң - жатша жоқ.

Шал Құлекеұлы

 

Қамқа тонның тозғанын көп жасаған қарт білер, ағайынның озғанын жақын емес, жат білер.

Шал Құлекеұлы

 

Ағайын жат болады алыс болса,

Жат та жақын болады - таныс болса.

Дұшпан түгіл достарың табалайды,

Аяғың бір нәрседен шалыс болса.

Шал Құлекеұлы

 

Ұран көтерілсе - ру жиылар,

Жау келсе - жамағат жиылар.

Махмұд Қашқари

 

«Ағайын» десе - шақ қарадық,

«Қайын» десе - жалт қарадық.

Махмұд Қашқари

 

Іні - ағаның тынысы.

Әйтеке Байбекұлы

 

Ағасы бардың - жағасы бар, інісі бардың - тынысы бар.

Қазыбек Келдібекұлы

 

Аға төреші бола алмайды - алдында қаймығары жоқ,

Іні төреші бола алмайды - артында қайырылары жоқ.

Қазыбек Келдібекұлы

 

Ақын-жазушылар туралы

Ақын - елдің тұлпары,

Кетпейтін басы кермеден.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

 

Әдебиеттегі шарттылық - қауыз іспеттес: ол - жазушының түрлі ниетін танытудың бір тәсілі.

Сағат Әшімбаев

 

Шығарма мәйегін түйсіну - жазушы пафосын түсіну деген сөз.

Сағат Әшімбаев

 

Жүзіктің өзінен де - көзі қымбат,

Ақынның сыйлығынан - сөзі қымбат.

Мұзафар Әлімбаев

 

Ақынның тында босқанын - айтпа, жырға - қосқанын айт.

Мұзафар Әлімбаев

 

Ақын таразысы - әділ таразы.

Мұзафар Әлімбаев

 

Шыншыл қалам шымыр жазады.

Мұзафар Әлімбаев

 

Маймылдан батыр шықса шығар - бірақ ақын шықпас.

Мұзафар Әлімбаев

 

Шын жазушының көзі көкірегінде болады.

Шерхан Мұртаза

 

Болмайды тойдың сәні ақын келмей.

Қара өлең

 

Шоқан көсем бола алатын еді: ол революциядан алыста тұрғанымен, монархиядан қол үзуге таяп қалған болатын.

Олжас Сүлейменов

 

Шоқан - өткенде өмір сүрген бүгіннің адамы. Оның өз «бүгіні» - өз арманының балқымайтын құрамдас бөлшектерінен, үмітсіздіктен, өмірге шексіз құштарлық пен пессимизмнен тұратын. Оның ең тамаша реалистік фантазиялары - қалыптасқан жағдай шындығының дөкір етігінің табанының астында қалып, тұншығып өлді. Ол отыз жыл (1835-1865) өмір сүрді. Оның өмірі - қазақ халқының тарихындағы тұтас бір дәуір. Оның бүкіл ғұмыры - символ. Шоқан тағдыры - мұхиттың дәмін танытар тамшы іспеттес.

Олжас Сүлейменов

 

Ақын - өзінің туған топырағының елшісі. Әлем ақынға қарап, оның туған халқы туралы ой түйеді. Ақын өз халқына адамзат мәдениетінің, бүкіл дүние жүзі мәдениетінің нұрын шашады.

Олжас Сүлейменов

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға