Асыл сөз туралы-1
Мақал - сөздің атасы.
Мұзафар Әлімбаев
Ел зердесіне көшкен елеулі сөз.
Мұзафар Әлімбаев
Мен өзім жазған сөзге ғана қол қоюшы едім.
Мұзафар Әлімбаев
Су татиды - сөлінен айырылған сөз,
Қуат болып жарытпас - қайғырған сөз.
Мұзафар Әлімбаев
Бұрын сөйлеген емес - мығым сөйлеген ұтады.
Мұзафар Әлімбаев
Көркем сөзге - көрсоқыр көртышқан емес, көреген қыран керек.
Мұзафар Әлімбаев
Биліктің сөзінен - біліктің сөзі өтімді.
Мұзафар Әлімбаев
Көзбен айтқанды - сөзбен айтқаннан асқан қиын жоқ.
Мұзафар Әлімбаев
Көзбен оқитын сөз бар.
Мұзафар Әлімбаев
Мақал- мәтел - маржан сөз,
Қоса көрме арзан сөз.
Мұзафар Әлімбаев
Тозған сөзде - тозаң көп.
Мұзафар Әлімбаев
Айтса - дуалы ауыз айтсын.
Шерхан Мұртаза
Жақсы сөз - жарым ырыс.
Мақал - мәтел
Сәлем - сөздің анасы.
Мақал - мәтел
Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады.
Мақал - мәтел
Іріген ауыздан шіріген сөз шығады.
Мақал - мәтел
Көре-көре - көсем боларсың, сөйлей-сөйлей - шешен боларсың.
Мақал - мәтел
Сөзді басы қату болса, аяғы тату болады.
Мақал - мәтел
Аталы сөзге арсыз тоқтамайды.
Мақал - мәтел
Сөз - сөздің көсеуі.
Мақал - мәтел
Мақал - сөздің тұздығы.
Мақал - мәтел
Жақсының өзі өлсе де - сөзі өлмейді.
Шалгиіз Тіленшеұлы
Қызыл сөзге салыну - қызған отқа қарылу.
Тоқсары
Құлақ сарсытқан көп сөз.
Тоқсары
Сөз көбіне-көп өзі өмірге келген тілде тұрақтамай, сырттан келген сөздермен (вокабул) алмастырылады. Бірақ мүлдем жойылып кетпейді басқа тілдерде жан сақтап, өмір сүре береді.
Олжас Сүлейменов
Кез-келген тіл дерексіздікке (абстракция) құмар. Ал ең таза сөз жүйелілік және семантикалық тұрғыда монополиске айналған сөз.
Олжас Сүлейменов
Сөз дегеніміз - дәйек.
Олжас Сүлейменов
Пайдасыз мылжың сөзді әркім айтар.
Міржақып Дулатов
Естіге айтқан ақыл сөз - шыңға тіккен тумен тең,
Ессізге айтқан ақыл сөз - құмға сіңген сумен тең.
Майқы би
Ойлы адамға нақыл сөз ұнайды.
Құтып
Түркіні бұзар - тәтті сөз.
Білге қаған
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Әйтеке Байбекұлы
Сөз - ойдың суреті.
Жүсіп Баласағұн
Сөздің де уы бар.
Жүсіп Баласағұн
Сөз - ойдың суреті.
Жүсіп Баласағұн
Ақылды аз сөйлер.
Жүсіп Баласағұн
Тіл мен сөз - көңілдің айнасы.
Жүсіп Баласағұн
Қыңыр сөз - күйдіргі.
Жүсіп Баласағұн
Әдемі сөйлеген кісінің - ісі де әйбәт.
Жүсіп Баласағұн
Тура жолға ғалым бастар.
Жүсіп Баласағұн
Пасық сөзден тұла бойға шаншылар мұң.
Қожа Ахмет Йассауи
Өзіңнің асыл сөзіңді арзымас пұлға сатпағын.
Қожа Ахмет Йассауи
Сөз де надандардың көңіліне жол таба алмайды.
Қожа Ахмет Йассауи
Ниетсіз, құлықсыз, құштарлықсыз, қиналыссыз сөздің салмағы жоқ.
Қожа Ахмет Йассауи
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы