Адам өмірі туралы-2

 

Атаның ұлы - атасына тартып туар.

Махмұд Қашқари

Бағың барда, жігіттер, - тоқталып, сірә, іркілмес,

Жұрт қарасын қызығып, бәрекелді деп шіркінге.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Тумақ - сүннет, өлмек - парыз.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Көңіл - мейман дүниеге.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Андысқан мына дүниеде - біреуге-біреу табашы.

Жігіттің бағы қайтады - ағайын-жұртын алдаса.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Атыңа батса алтын ер - атып ұр да, отқа жақ,

Ынтымақ-үлгі іздесең - қариясы басшы топқа бақ.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Бақ қонады ұл таңдап,

Қонақ қонар үй тандап.

Болымы жоқ бозбала,

Бейнеттен қашар бұлтыңдап.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Кәрінің үш түрі болады: біріншісі - қадірлі қария, екіншісі - қазымыр кәрі, үшіншісі - қадірі жоқ қыдырма шал.

Сырым Датұлы

Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы.

Сырым Датұлы

Біреудің түйе жаятын кісісі жоқ, біреудің намаздан басқа ісі жоқ.

Сырым Датұлы

Ешкісі семіз, қойы арық-мал сорлысы,

Топырағы сортаң, суы ащы - жер сорлысы,

Әйелі семіз, ері арық - ел сорлысы.

Сырым Датұлы

Қарадан хан болсам - халқым қалаған болар,

Айырдан нар болсам - атам жараған болар,

Жоқтан бар болсам - құдайым қараған болар.

Сырым Датұлы

Ата тұрып ұл сөйлесе - ер жеткені болар,

Ана тұрып қыз сөйлесе - бой жеткені болар.

Сырым Датұлы

Дәурені озса - жасы жеткені болар, қамқа тозса - күтімі кеткені болар.

Сырым Датұлы

Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.

Әлихан Бөкейханов

Адам баласы бір-біріне өкімші де, құл да болған.

Әлихан Бөкейханов

Адам қызметі кіріспей қазына тумайды.

Әлихан Бөкейханов

Әр адам - бір-бір жұмбақ.

Шерхан Мұртаза

Елу деген - ердің, ерлік істердің жасы.

Шерхан Мұртаза

Орындалған арман - бақыт,

Орындалмаған арман - күйік.

Шерхан Мұртаза

Баласыз адам - бақытсыз адам.

Шерхан Мұртаза

Баласыз адам - бақытсыз адам.

Шерхан Мұртаза

Бала- бауыр етің.

Мақал - мәтел

Атаңның көңілі - балада, баланың көңілі далада.

Мақал - мәтел

Ағайынның  аты озғанша, ауылдастың тайы озсын.

Мақал - мәтел

Күйеу - жүз жылдық, құда мың жылдық.

Мақал - мәтел

Ағаға қарап іні өсер.

Мақал - мәтел

Балалы үй - базар.

Мақал - мәтел

Бап шаппайды, бақ шабады.

Мақал - мәтел

Жетім өз кіндігін өзі кеседі.

Мақал - мәтел

Ер - бас, әйел - мойын.

Мақал - мәтел

Ағайынды сөз бұзар.

Мақал - мәтел

Адам құлақтан азады, көңілден семіреді.

Мақал - мәтел

Немере етін жеп, сүйегін тастайды.

Мақал - мәтел

Бір тумақ бар да, бірге өлмек жоқ.

Мақал - мәтел

Ағасы бардың - панасы бар, інісі бардың - тынысы бар.

Мақал - мәтел

Адам болар бала - ағайыншыл келеді, бай болатын бала - айырбасшыл келеді.

Мақал - мәтел

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы