Жаңалықтар

Адам өмірі туралы-1

  Атаның ұлы - атасына тартып туар. Махмұд Қашқари Бағың барда, жігіттер, - тоқталып, сірә, іркілмес, Жұрт қарасын қызығып, бәрекелді деп шіркінге. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Тумақ - сүннет, өлмек - парыз. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Көңіл - мейман дүниеге. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Андысқан мына дүниеде - біреуге-біреу табашы. Жігіттің бағы қайтады - ағайын-жұртын алдаса. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Атыңа батса алтын ер - атып ұр да, отқа жақ, Ынтымақ-үлгі іздесең - қариясы басшы топқа бақ. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Бақ қонады ұл таңдап, Қонақ қонар үй тандап. Болымы жоқ бозбала, Бейнеттен қашар бұлтыңдап. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Кәрінің үш түрі болады: біріншісі - қадірлі қария, екіншісі - қазымыр кәрі, үшіншісі - қадірі жоқ қыдырма шал. Сырым Датұлы Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы. Сырым Датұлы Біреудің түйе жаятын кісісі жоқ, біреудің намаздан басқа ісі жоқ. Сырым Датұлы Ешкісі семіз, қойы арық-мал сорлысы, Топырағы сортаң, суы ащы - жер сорлысы, Әйелі семіз, ері арық - ел сорлысы. Сырым Датұлы Қарадан хан болсам - халқым қалаған болар, Айырдан нар болсам - атам жараған болар, Жоқтан бар болсам - құдайым қараған болар. Сырым Датұлы Ата тұрып ұл сөйлесе - ер жеткені болар, Ана тұрып қыз сөйлесе - бой жеткені болар. Сырым Датұлы Дәурені озса - жасы жеткені болар, қамқа тозса - күтімі кеткені болар. Сырым Датұлы Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман. Әлихан Бөкейханов Адам баласы бір-біріне өкімші де, құл да болған. Әлихан Бөкейханов Адам қызметі кіріспей қазына тумайды. Әлихан Бөкейханов Әр адам - бір-бір жұмбақ. Шерхан Мұртаза Елу деген - ердің, ерлік істердің жасы. Шерхан Мұртаза Орындалған арман - бақыт, Орындалмаған арман - күйік. Шерхан Мұртаза Баласыз адам - бақытсыз адам. Шерхан Мұртаза Баласыз адам - бақытсыз адам. Шерхан Мұртаза Бала- бауыр етің. Мақал - мәтел Атаңның көңілі - балада, баланың көңілі далада. Мақал - мәтел Ағайынның  аты озғанша, ауылдастың тайы озсын. Мақал - мәтел Күйеу - жүз жылдық, құда мың жылдық. Мақал - мәтел Ағаға қарап іні өсер. Мақал - мәтел Балалы үй - базар. Мақал - мәтел Бап шаппайды, бақ шабады. Мақал - мәтел Жетім өз кіндігін өзі кеседі. Мақал - мәтел Ер - бас, әйел - мойын. Мақал - мәтел Ағайынды сөз бұзар. Мақал - мәтел Адам құлақтан азады, көңілден семіреді. Мақал - мәтел Немере етін жеп, сүйегін тастайды. Мақал - мәтел Бір тумақ бар да, бірге өлмек жоқ. Мақал - мәтел Ағасы бардың - панасы бар, інісі бардың - тынысы бар. Мақал - мәтел Адам болар бала - ағайыншыл келеді, бай болатын бала - айырбасшыл келеді. Мақал - мәтел Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
26.04.2013 05:14 5520

 

Атаның ұлы - атасына тартып туар.

Махмұд Қашқари

Бағың барда, жігіттер, - тоқталып, сірә, іркілмес,

Жұрт қарасын қызығып, бәрекелді деп шіркінге.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Тумақ - сүннет, өлмек - парыз.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Көңіл - мейман дүниеге.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Андысқан мына дүниеде - біреуге-біреу табашы.

Жігіттің бағы қайтады - ағайын-жұртын алдаса.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Атыңа батса алтын ер - атып ұр да, отқа жақ,

Ынтымақ-үлгі іздесең - қариясы басшы топқа бақ.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Бақ қонады ұл таңдап,

Қонақ қонар үй тандап.

Болымы жоқ бозбала,

Бейнеттен қашар бұлтыңдап.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Кәрінің үш түрі болады: біріншісі - қадірлі қария, екіншісі - қазымыр кәрі, үшіншісі - қадірі жоқ қыдырма шал.

Сырым Датұлы

Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы.

Сырым Датұлы

Біреудің түйе жаятын кісісі жоқ, біреудің намаздан басқа ісі жоқ.

Сырым Датұлы

Ешкісі семіз, қойы арық-мал сорлысы,

Топырағы сортаң, суы ащы - жер сорлысы,

Әйелі семіз, ері арық - ел сорлысы.

Сырым Датұлы

Қарадан хан болсам - халқым қалаған болар,

Айырдан нар болсам - атам жараған болар,

Жоқтан бар болсам - құдайым қараған болар.

Сырым Датұлы

Ата тұрып ұл сөйлесе - ер жеткені болар,

Ана тұрып қыз сөйлесе - бой жеткені болар.

Сырым Датұлы

Дәурені озса - жасы жеткені болар, қамқа тозса - күтімі кеткені болар.

Сырым Датұлы

Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.

Әлихан Бөкейханов

Адам баласы бір-біріне өкімші де, құл да болған.

Әлихан Бөкейханов

Адам қызметі кіріспей қазына тумайды.

Әлихан Бөкейханов

Әр адам - бір-бір жұмбақ.

Шерхан Мұртаза

Елу деген - ердің, ерлік істердің жасы.

Шерхан Мұртаза

Орындалған арман - бақыт,

Орындалмаған арман - күйік.

Шерхан Мұртаза

Баласыз адам - бақытсыз адам.

Шерхан Мұртаза

Баласыз адам - бақытсыз адам.

Шерхан Мұртаза

Бала- бауыр етің.

Мақал - мәтел

Атаңның көңілі - балада, баланың көңілі далада.

Мақал - мәтел

Ағайынның  аты озғанша, ауылдастың тайы озсын.

Мақал - мәтел

Күйеу - жүз жылдық, құда мың жылдық.

Мақал - мәтел

Ағаға қарап іні өсер.

Мақал - мәтел

Балалы үй - базар.

Мақал - мәтел

Бап шаппайды, бақ шабады.

Мақал - мәтел

Жетім өз кіндігін өзі кеседі.

Мақал - мәтел

Ер - бас, әйел - мойын.

Мақал - мәтел

Ағайынды сөз бұзар.

Мақал - мәтел

Адам құлақтан азады, көңілден семіреді.

Мақал - мәтел

Немере етін жеп, сүйегін тастайды.

Мақал - мәтел

Бір тумақ бар да, бірге өлмек жоқ.

Мақал - мәтел

Ағасы бардың - панасы бар, інісі бардың - тынысы бар.

Мақал - мәтел

Адам болар бала - ағайыншыл келеді, бай болатын бала - айырбасшыл келеді.

Мақал - мәтел

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға