Жаңалықтар

Сон ПАСКАЛЬ: «Қазақ тілін менен де нашар білетін адамдар бар»

Түп тегі британдық болып табылатын Италия әншісі, сазгер әрі саяхатшы Сон Паскальдың Қазақстанда жүргеніне жарты жыл болды. Қазір елімізде бұл жігітті білмейтін жастар аз. Ол өзіміздің танымал актерлардың бірі Әнуар Нұрпейісовпен бірігіп түсірген «Englishman in Shimkent», «Чайка Айгуль» юморлық клиптері арқылы танымал болып шыға келді. Бастапқыдағы әлемдік чарттарда бұл клиптер ең көп қаралған әндердің қатарында болған. Сонның «Абайдың «Көзімнің қарасын» да аздап өз мақамына салып шырқаған романтикалық клипі де көңілден шықты. Қысқасы, ғаламтор арқылы музыка тыңдағанды жақсы көретін жастар арасында бұл әндер әлі де рейтингін жоғалтқан жоқ. (Фото Сон Паскальдың жеке архивінен алынды) 11.09.2012 Қазақстанның үлкен қалаларын ара­лап жүрген қонақ мұнымен де шек­теліп қалмай, жуырда жаңа клиптің тұсауын кесті. «You should speak қазақша» деп аталатын әзіл-қалжыңға толы, көңілді клип қазақ тілін наси­хаттауға арналған. «Айдаладан келіп», біздің ана тілімізді қолдауға ынта-шынтасымен кірісіп кеткен Сон Пас­каль дейтін кім өзі дейтін болсақ, ол өз елінде жап-жақсы танымал әнші­лердің бірі. Әйгілі «aTunes-2011» му­зы­­калық жобасының финалисі. Ғаламторды кезіп кеткен «You should speak қазақша» клипін түсіруге өзіміздің жергілікті музыканттар, қа­зақ продюсері Жомарт Сүлейменов кө­мектескен. Бұл композиция тұсауы кесіле салып-ақ «Авторадионың» му­зы­­калық хит-шеруінде топ бастапты. Көңілділігімен, жеңілдігімен жастарға ұнайды. Сон Паскальдың Қазақстанға ке­луінің өзі қызық. Концерттердің бі­рінде оны Дина есімді қазақ қызы Қазақ жеріне қонаққа шақырған екен. Әнші жігітті әуесқойлық жеңіп, бұрын көрмеген елге қыдырып қайтуға бел байлайды. Алайда, аз ғана күнге қы­дырыстап келген елде ол ұзақ уақытқа қалып қоямын деп тіпті де ойламаған. Шетелдік әнші бір көргеннен ұнатқан елінде өзінің композиторлық қабілетін мүлде жаңа қырынан сынап көруге болатындығын түйсінсе керек. Шоу-бизнестің таптаурын жолынан тайқып шыға келген италиялық өзін мұнда ұдайы турист ретінде сезінбеу үшін бірден тіл үйренуге ден қояды. Қазақ тілін насихаттауға деген идея да осыдан бастау алғаны белгілі. Айналасына жұғымды, ақжарқын, романтиканы жақсы көретін жігітті біздің музыканттар да бөтенсімей, қатарларына қосып алған. Қазір осындағы достарымен Алматыдағы музыкалық кештерден қалмайтын әншінің әлімсақтан келе жатқан қонақжайлыққа қоятын міні жоқ. Жаңа өміріне дән риза. Қағілез музыкант қазақ тілін меңгеруге күн сайын барын салғанымен қоймай, дом­­быра тартуды да үйреніп жүр. – Домбыраға бір көргенді қы­зықтым. Екі шегі ғана болса да бұл аспаппен музыканың бүкіл ғаламатын және орындаушының көңіл-күйін де беруге болады екен, – дейтін әнші қа­зақ­стандықтарға да қызыға қарайтын­ды­ғын айтады. – Мұндағы адамдар бір-біріне бауырмал. Көп ұлт тұрса да тату, бір бірлерінің дәстүрлеріне құрметпен қарайды. Адамдардың жүздері жылы, өте қонақжай. Ал жаңа клип туралы сөз қозғал­ғанда италиялық әншіні күлкі буып, көңілденіп шыға келді. Би композицияларын жақсы көретін қауым үшін сәтті шыққан клипте Сон Паскаль автобус кондукторының рөлін ойнаса, алма­тылық рэпер Gallardo таксистің кейпіне еніпті. Ал продюсер Жомарт Сүлей­меновке аса көңілді, бір-біріне ұқса­майтын жолаушылары бар 1978 жылы зауыттан шыққан ВАЗ-2101 автобу­сының жүргізушісінің рөлі бұйырған. Луина есімді жас әнші қосылған ырғақты клип үш тілде шырқалады. – Қазақстанда өте талантты адам­дардың неге көп екендігінің сырын ұққан сияқтымын. Қазақ тілінің өзі әуезді естіледі. Қазақша сөйлеп жатқан адамдарға қызығып, осы тілді үйреніп алғым келді. Аздап болса да қазақша түсінісетін дәрежеге жеттім. Тіпті, қазір «Паскальжан. Қазақ тілі сабақ­тары» деп аталатын блогымды жүргізе бастадым. Алдағы уақытта махаббат жайлы сал­мақты бір ән жазсам ба деген ниетім бар. Әрине, ол қазақ тілінде болатынын іштеріңіз сезіп тұрған болар?! Келешек туралы бірдеңе деп кесіп айта алмаймын. Еуропаға қашан қайтарым да белгісіз. Дегенмен Ұлыбританияда, бәл­кім Италияда болар, қазақтың ұлттық тағамдарын дайындайтын рес­торан ашсам деген ой келіп жүр, – дейді ет тағамдарын жақсы көретін Сон Паскаль. Сонның айтуынша, қазақтың болмысы италяндықтарға ұқсайтын кө­рі­неді. – Дүкенге барсам да, таксиде отырсам да қазақша сөйлеуге тырысамын. Сатушылар маған сол сәтте ризашылық танытып, көңілдене қызмет көрсетеді. Мен мұнда қазақ тілін менен де нашар білетін адамдарды кездестіріп, өзінің ана тілін ұлықтауға ұмтылып жүрген осындағы достарымның жаңа идеяларын қуаттауға қуана келістім. Соңғы клиптің өзі де Түрген шатқалы жа­ғындағы Есік көлінде демалып жүр­генімізде шықты. Қазақ достарыммен менің шағын гитараммен (укулеле) әндетіп отырдық. Қалжың түрінде бас­талған ән мақамы мен сөздері жетіл­діре-жетілдіре «You should speak қазақ­ша» клипіне айналды. Айтқандай, екі күн бойы көне автобуспен Алматы көшелерін шарлап жүріп түсірген клип Ален Ниязбеков атты жас режиссердің тырнақалды туындысы. – Клип жақсы шыққан секілді. Әрине, мемлекетіміз мемлекеттік тілі­мізді қолдауға елеулі қаражат жұмсап, бағдарламалар жасағанын білеміз. Бірақ, біз – шоу-бизнес өкілдері осы игі іске өз үлесімізді қоспақпыз. Оның үстіне жастар ақыл айтқанды, құрғақ насихатты ұнатпайды. Ал шоу әлемі оларға ұстаздары мен ата-аналарынан да жақынырақ. Біз осыны музыка тілімен, юмормен жеткізіп, жастарды еліктіре аламыз, – дейді продюсер Жомарт Сүлейменов. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» газеті http://www.egemen.kz
25.04.2013 11:22 3850


Түп тегі британдық болып табылатын Италия әншісі, сазгер әрі саяхатшы Сон Паскальдың Қазақстанда жүргеніне жарты жыл болды. Қазір елімізде бұл жігітті білмейтін жастар аз. Ол өзіміздің танымал актерлардың бірі Әнуар Нұрпейісовпен бірігіп түсірген «Englishman in Shimkent», «Чайка Айгуль» юморлық клиптері арқылы танымал болып шыға келді. Бастапқыдағы әлемдік чарттарда бұл клиптер ең көп қаралған әндердің қатарында болған. Сонның «Абайдың «Көзімнің қарасын» да аздап өз мақамына салып шырқаған романтикалық клипі де көңілден шықты. Қысқасы, ғаламтор арқылы музыка тыңдағанды жақсы көретін жастар арасында бұл әндер әлі де рейтингін жоғалтқан жоқ.

(Фото Сон Паскальдың жеке архивінен алынды)

11.09.2012

Қазақстанның үлкен қалаларын ара­лап жүрген қонақ мұнымен де шек­теліп қалмай, жуырда жаңа клиптің тұсауын кесті. «You should speak қазақша» деп аталатын әзіл-қалжыңға толы, көңілді клип қазақ тілін наси­хаттауға арналған. «Айдаладан келіп», біздің ана тілімізді қолдауға ынта-шынтасымен кірісіп кеткен Сон Пас­каль дейтін кім өзі дейтін болсақ, ол өз елінде жап-жақсы танымал әнші­лердің бірі. Әйгілі «aTunes-2011» му­зы­­калық жобасының финалисі.
Ғаламторды кезіп кеткен «You should speak қазақша» клипін түсіруге өзіміздің жергілікті музыканттар, қа­зақ продюсері Жомарт Сүлейменов кө­мектескен. Бұл композиция тұсауы кесіле салып-ақ «Авторадионың» му­зы­­калық хит-шеруінде топ бастапты. Көңілділігімен, жеңілдігімен жастарға ұнайды.
Сон Паскальдың Қазақстанға ке­луінің өзі қызық. Концерттердің бі­рінде оны Дина есімді қазақ қызы Қазақ жеріне қонаққа шақырған екен. Әнші жігітті әуесқойлық жеңіп, бұрын көрмеген елге қыдырып қайтуға бел байлайды. Алайда, аз ғана күнге қы­дырыстап келген елде ол ұзақ уақытқа қалып қоямын деп тіпті де ойламаған. Шетелдік әнші бір көргеннен ұнатқан елінде өзінің композиторлық қабілетін мүлде жаңа қырынан сынап көруге болатындығын түйсінсе керек. Шоу-бизнестің таптаурын жолынан тайқып шыға келген италиялық өзін мұнда ұдайы турист ретінде сезінбеу үшін бірден тіл үйренуге ден қояды. Қазақ тілін насихаттауға деген идея да осыдан бастау алғаны белгілі. Айналасына жұғымды, ақжарқын, романтиканы жақсы көретін жігітті біздің музыканттар да бөтенсімей, қатарларына қосып алған. Қазір осындағы достарымен Алматыдағы музыкалық кештерден қалмайтын әншінің әлімсақтан келе жатқан қонақжайлыққа қоятын міні жоқ. Жаңа өміріне дән риза. Қағілез музыкант қазақ тілін меңгеруге күн сайын барын салғанымен қоймай, дом­­быра тартуды да үйреніп жүр.
– Домбыраға бір көргенді қы­зықтым. Екі шегі ғана болса да бұл аспаппен музыканың бүкіл ғаламатын және орындаушының көңіл-күйін де беруге болады екен, – дейтін әнші қа­зақ­стандықтарға да қызыға қарайтын­ды­ғын айтады. – Мұндағы адамдар бір-біріне бауырмал. Көп ұлт тұрса да тату, бір бірлерінің дәстүрлеріне құрметпен қарайды. Адамдардың жүздері жылы, өте қонақжай.
Ал жаңа клип туралы сөз қозғал­ғанда италиялық әншіні күлкі буып, көңілденіп шыға келді. Би композицияларын жақсы көретін қауым үшін сәтті шыққан клипте Сон Паскаль автобус кондукторының рөлін ойнаса, алма­тылық рэпер Gallardo таксистің кейпіне еніпті. Ал продюсер Жомарт Сүлей­меновке аса көңілді, бір-біріне ұқса­майтын жолаушылары бар 1978 жылы зауыттан шыққан ВАЗ-2101 автобу­сының жүргізушісінің рөлі бұйырған. Луина есімді жас әнші қосылған ырғақты клип үш тілде шырқалады.
– Қазақстанда өте талантты адам­дардың неге көп екендігінің сырын ұққан сияқтымын. Қазақ тілінің өзі әуезді естіледі. Қазақша сөйлеп жатқан адамдарға қызығып, осы тілді үйреніп алғым келді. Аздап болса да қазақша түсінісетін дәрежеге жеттім. Тіпті, қазір «Паскальжан. Қазақ тілі сабақ­тары» деп аталатын блогымды жүргізе бастадым. Алдағы уақытта махаббат жайлы сал­мақты бір ән жазсам ба деген ниетім бар. Әрине, ол қазақ тілінде болатынын іштеріңіз сезіп тұрған болар?! Келешек туралы бірдеңе деп кесіп айта алмаймын. Еуропаға қашан қайтарым да белгісіз. Дегенмен Ұлыбританияда, бәл­кім Италияда болар, қазақтың ұлттық тағамдарын дайындайтын рес­торан ашсам деген ой келіп жүр, – дейді ет тағамдарын жақсы көретін Сон Паскаль.
Сонның айтуынша, қазақтың болмысы италяндықтарға ұқсайтын кө­рі­неді.
– Дүкенге барсам да, таксиде отырсам да қазақша сөйлеуге тырысамын. Сатушылар маған сол сәтте ризашылық танытып, көңілдене қызмет көрсетеді. Мен мұнда қазақ тілін менен де нашар білетін адамдарды кездестіріп, өзінің ана тілін ұлықтауға ұмтылып жүрген осындағы достарымның жаңа идеяларын қуаттауға қуана келістім. Соңғы клиптің өзі де Түрген шатқалы жа­ғындағы Есік көлінде демалып жүр­генімізде шықты. Қазақ достарыммен менің шағын гитараммен (укулеле) әндетіп отырдық. Қалжың түрінде бас­талған ән мақамы мен сөздері жетіл­діре-жетілдіре «You should speak қазақ­ша» клипіне айналды. Айтқандай, екі күн бойы көне автобуспен Алматы көшелерін шарлап жүріп түсірген клип Ален Ниязбеков атты жас режиссердің тырнақалды туындысы.
– Клип жақсы шыққан секілді. Әрине, мемлекетіміз мемлекеттік тілі­мізді қолдауға елеулі қаражат жұмсап, бағдарламалар жасағанын білеміз. Бірақ, біз – шоу-бизнес өкілдері осы игі іске өз үлесімізді қоспақпыз. Оның үстіне жастар ақыл айтқанды, құрғақ насихатты ұнатпайды. Ал шоу әлемі оларға ұстаздары мен ата-аналарынан да жақынырақ. Біз осыны музыка тілімен, юмормен жеткізіп, жастарды еліктіре аламыз, – дейді продюсер Жомарт Сүлейменов.


Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан» газеті
http://www.egemen.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға