Тараздық тарлан
Нүркен – қазақ футболының тарихында ойып тұрып орын алатын хас шебер ойыншы. Нүркен дегенде көз алдымызға гол соғу шеберлігі көлбеңдеп, мергендігі есімізге түседі.
Тәуелсіз қазақ елі футболындағы спорттық карьерасын абыроймен аяқтаған көпшілікке танымал ойыншыларымыздыңбірі – Нүркен Мазбаев.
Нүркен – қазақ футболының тарихында ойып тұрып орын алатын хас шебер ойыншы. Нүркен дегенде көз алдымызға гол соғу шеберлігі көлбеңдеп, мергендігі есімізге түседі.
Нүркен Мазбаев 1972 жылы киелі Тараз жерінде дүниеге келген. Тараз топырағынан талай талантты ойыншылардың шыққанын білесіздер.
Сейілдә Байшақов, Ваит Талгаев, Вахид Масудов, Дмитрий Огай, Олимпиада чемпионы Евгений Яровенко сияқты ойыншыларды дүниеге әкелеген өңір әлі де болса, талантқа кенде емес.
Нүркен ағасының жолын қуған Ұлан Қонысбаев, Бауыржан Исламхан, Бауыржан Байтана, Шерхан Бауыржан, Нұртас Құргуллин секілді жас дарындар – бүгінгіқазақ футболы жанкүйерлерінің көзайымы.
Клубтық карьера
Нүркен 1992 жылы 20 жасында «Тараз» сапында ойнап, футболдағы алғашқы табысты карьерасын бастайды. «Таразда» жүріп жастық жалынымен талай команданың мазасын алған шабуылшы болды.
Нүркен 1992-1997 жылдар аралығында «Тараз» сапында 159 рет алаңға шығып, 59 мәрте қақпаны дәл көздеген. Алты маусым қатарынан клубтың үздік шабуылшысы болды.
1995 жылы алғаш рет күміс жүлдеге қол жеткізеді. Келер мауысыда күмісті алтынға айбастады. Клубтың алғашқы чемпиондық атағына мерген шабуылшы Нүркеннің қосқан үлесі орасан зор.
1997 жылы «Таразбен» тағы да жүлделі екінші орынды иеленеді. Сол жылы облыс әкімі ауысып, команданың жағдайы қиындай бастады. Клубтың біраз ойыншылары әр түрлі себептермен команда ауыстырады.
Нүркен де клуб ауыстырып, «Қайсар» клубының сапына өтеді. Сыр бойында 1998-1999 жылғы маусымда 33 ойын өткізіп, 25 рет қақпа торын бүлк еткізіпқайтады. Әрі еліміздің ең үздік шабуылшысы атанады.
Нүркен «Тараз», «Қайсар» сияқты командаларда доп тепкен соң, 1999 жылы оңтүстіктің тағы бір командасы «Синтез» клубына ауысады.
«Синтез» клубында бар жоғы 14 рет қана алаңға шығады. Ал 2000 жылдардыңбасына Астананың «Жеңісінен» ұсыныс түсіп, елордалық клубының құрамынақосылады.
Нүркен қай клубта ойнаса да, сұрмерген шабуылшы екенін дәлелдейді. Оған жанкүйерлер Мерген (Снайпер) деген атты бекер қоймаса керек.
«Жеңістің» сапында 27 рет алаңға шығып, тоғыз рет теңбіл допты қақапа торында тулатады. 2001 жылы қайтадан оңтүстік өңірге оралып, «Достық» клубымен келісім-шартқа отырады.
Алайда мұнда тағы да ұзақ тұрақтай алмайды. Әрі 1999 жылғы жағдай дәл айнақатесіз қайталанады ( 14 ойын, 4 гол).