Жетістіктері
Әлібек Бөлешев қай клубтың жейдесін кисе де, футболға деген махаббаты жоғалған жоқ. Өшкен жоқ, қайта өршелене түсті. «Атырау» сапында маусым аяқталғанша ғана доп тепті. Жасыл алаңға «Атыраудың» жейдесімен тоғыз мәрте шығып, жалқы голмен шектеліп, батыстан да кетті.
Әлібектің келесі клубы «Тараз» болды. «Тараз» сапында 11 ойын өткізді. Содан кейін өзінің футболшылық карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.
Соңғы жылдары жарақатының салдарынан ешбір клубта тұрақты түрде ойнай алмай жүргендіктен, біржола футболды қойғаным дұрыс болар деп шешімқабылдады.
Тіпті өзін халыққа танытқан футболдан шаршағанын, шаршамас еді-ау, алайда бір қаладан екінші қалаға ауыса бергеннен жалыққанын айтып, ақтарылған болатын. Бірақ...
2011 жылы «Сұңқар» клубының бапкері, елімізге танымал «Қайрат» жәнеҚазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Асхат Құлшынбаев Әлібекті командаға шақырады.
Сөйтіп, бір жарым жылдан кейін Әлібек үлкен футболға қайта оралады. 2011 жылдың сәуір айында «Сұңқар» клубымен келісім-шартқа отырады. Бұл кездері «Сұңқар» бірінші лигада өнер көрсетіп жүрген болатын.
Алдына үлкен мақсат қойған Қаскелен клубы маусым соңында өз дегендеріне жетіп, прьемер-лигаға шығады. Иә, былтырғы маусымда Әлібек «Сұңқар» клубының негізгі шабуылшыларының бірі болды.
Әлібек осы уақыт аралығында «Сұңқар» сапында 38 ойын өткізіп, 21 гол соққан болатын.
Ұлттық құрамада
Әлібек 2002-2004 жылдар аралығында ұлттық құрама шақырылып тұрды.Әлібекке ұлттық құраманың жейдесімен 9 рет алаңға шыққаныман, бірде-бір рет гол соға алмай кетті. Бұл – әрине, өкінішті жағдай.
Сол кездері Әлібектің футболдағы нағыз жұлдызы кезеңі болса да, гол соғу бақыты бұйырмапты. Кейіннен келген бапкерлердің ешқайсысы Әлібекті ұлттыққұрамаға шақыру қажет деп таппады.
Жалпы, Әлібек Бөлешев жасыл алаңда өз мүмкіндігін толық көрсете алмаған ойыншы. Әйтпесе, Әлібектің бұдан да жоғары деңгейде ойнай алатын қабілеті бар еді. Әлібектің әлеуетін толық жүзеге асыратын бапкер болмады.
Шетелдік бапкерлер «бойы аласалау» деп тыжырынса, біздің бапкерлер команданың ойынын Әлібекке қолайлы етіп, тактикаларына өзгеріс енгізбеді. Бәлкім, Әлібек жасыл алаңдағы өз орнын таппай жүр ме екен?..
Десек те, Әлібек – қазақ футболының тарихында өзінің қолтаңбасын қалдырған ойыншы. «Қайраттың» тәуелсіздік алғаннан кейінгі құрамындағы ең мерген шабылшысы болып табылады.
Бек Төлеуов, «Sport» газеті