Алғашқы қадам
Қазақ футболында қарсы команданың қорғаушыларына тыным бермей, екі аяқтарын бір етікке тығып, қолды-аяққа тұрмайтын бір шабуылшы болды. Голды көп соқпаса да, қарсы команданың қақпасының алдының «шаңын бұрқырататын». Ол – Әлібек Бөлешев.
Футболды театрға теңеп жататынымыз бар, сол театрдың қойылымында басты рөлді ойнайтын актерлар болады. Футболда да елдің назарын аудартып, ойынды өз қолына алатын ойыншылар болады.
Театрда көрермендер сүйікті актерін көру үшінде барып жататыны бар, футболда да бұл жағдай жиі кездесіп жатады. Футболдан жанкүйерлердің күтетіні әрине гол. Гол соғылған кез – футболдағы ең керемет уақыт.
Міне, сондай голдарды соғатын – әрине, негізінен шабуылшылар.Осындай голдарды соғатын сұрмерген шабуылшылардың аздығы қазіргі қазақ футболының басты мәселерінің бірі болып тұр.
Қазақ футболында қарсы команданың қорғаушыларына тыным бермей, екі аяқтарын бір етікке тығып, қолды-аяққа тұрмайтын бір шабуылшы болды. Голды көп соқпаса да, қарсы комананың қақпасының алдының «шаңын бұрқырататын». Ол – Әлібек Бөлешев.
Әлібек Бөлешев 1981 жылы сәуірдің 9-ында Алматы облысында дүниеге келген. Нұрбол, Айдар, Мұрат сияқты ойыншылармен қатар Әлібек те «Намыста» футболдың әліппесін үйренген.
Өзінің аяқдоп өнеріндегі ғажайып шағын ел футболының символды командасы «Қайрат» сапында өткізді. Тіпті «Қайраттың» аты аңызға айналған ойыншысы Евстафия Пехлеванидидің рекордың жаңарты.
Естеріңізге сала кетейін, Пехлаванидің рекорды 79 гол болатын. Ал Әлібек «Қайрат» сапында жүріп, 84 рет теңбіл допты қақпа торында тулатты. Бұл көрсеткіштің әзірше жаңартыла қоюы екіталай.
2000 жылдардың бас жағынан бастап Әлібектің атағы шыға бастады. 2000-2006 жылдар аралығында футболдағы карьерасын тек «Қайраттың» қатарынаөткізді.
Кейіннен «Қайраттан» қайрат кетіп, футболшылар жан-жаққа тарыдай бытырай бастағанда Әлібекте өзінің несібесін «Ақтөбеден» іздеуді жөн көрді.
«Ақтөбеде» жүріп, барлығы 16 ойын өткзіп, 1 рет қана қақпа саңылауын тапқан екен. Бір жылға жетер-жетпес уақыт аралығында қайтадан «Қайратқа» оралуды жөн деп табады.
2007-2008 жылдары футболдағы мансабын «Қайратта» өткізді. Оңтүстіктің«Ордабасы» клубы Әлібекке қызығушылық танытып, өз қатарына шақырды.
Бірақ жарақаты бар, басқасы бар, Әлібек Шымқалада көп тұрақтап қала алмады. Маусымның алғашқы жартысында алты ойын өткізіп, екі гол соғып трансферлік терезе ашылған кезде мұнайлы өңір Атырауға жол тартты.