Тобылмен топ жарды
Данияр 1992-1995 жылы «Елімай» сапында өнер көрсетті. Алғашқы голын Жезқазған қаласында «Еңбек» клубымен өткен ойында соққан. Бұл өте әдемі соғылған гол болды. Жалпы, Данияр «Елімайдың» сапында 53 ойын өткізіп, 4 гол соққан.
1995 жылы «Елімай» клубымен Қазақстан чемпионы атанды. Бұл Даниярдыңалғашқы үлкен жетістігі болатын. Сол жылы «Елімай» Қазақстан кубогын да жеңіп алып, қос жүлдені бір жылда қанжығаларына байлайды.
Бұл қазақ жанкүйерлерінің көзайымы болған «Елімай» клубының ең бір жұлдызы шағы болатын. Сол жылы «Елімай» клубының Вахид Масудов бастаған бапкерлері тамаша команда жасақтаған болатын.
Бұл ретте ойнаушы-бапкер Вахид Масудовтың екінші айналымда өте тамашаөнер көрсеткенін айта кеткеніміз де жөн болар. Ол Владимир Никитенко және Юрий Коньков сынды білікті мамандармен бірігіп, жұмыс істеген болатын.
1996 жылы Данияр Талдықорғанның «Қайнар» клубына ауысады. Бұл жөніндеөзі былай деген болатын:
– Бас бапкер мені негізгі құрамнан көргісі келмеді. Ал, менің қосалқы құрамда отырғым келмейді. Үнемі жасыл алаңда ойнап, тәжірибемді толықтыра түссем деймін. Талдықорғаннан ұсыныс түсті де, осында ауысуды жөн деп санадым.
Данияр Талдықорғанда жарты жылға жуық ойнады. «Қайнарда» 8 ойын өткізіп, 2 гол соғады. Жарақат деп аталатын футболшылардың қас «жауы» Даниярды да айналып өтпеді.
Жарақат алып, гипске таңылып, алаңға шыға алмай қалады. Содан Семейгеқайтып, өзінің спорттық бабына келіп, қайтадан «Елімай» клубымен келісім-шартқа отырады.
1996-2000 жылдар аралғында 72 кездесу өткізіп, жасыл алаңда қапталдағықорғаушы міндетін атқарып жүрсе де, 4 гол соғады. Бірақ 1998 жылы тағы да ауыр жарақат алып, бір жылға жуық жас алаңға шыға алмаған болатын.
2001-2002 жылдардағы мауымды Өскеменде, «Восток» клубынң сапындаөткізеді. Кейіннен 2002 жылы футболшылық карьерасындағы ең сәтті трансферлік ауысымы жүзеге асады.
Данияр Қостанай шаһарына қоныс аударып, жергілікті «Тобыл» клубымен келісім-шартқа отырады. 2002-2010 жылдар аралығында барлығы 211 ойынөткізген екен.
«Тобылдың» сапында Қазақстандағы барлық жүлде мен кубокқа қол жеткізеді.Қазақстан чемпионатының алтымен апталып, күмісімен күптеледі. Ел чемпионатының қола жүлдегері де атанып, Қазақстан кубогының иегері де атанады.
Тоғыз жылда осы жетістіктермен ғана шектелмей, Еуропа лигасы мен Интертото кубогына да қатысып, соңғысында «Тобылмен» бірге топ жарады.