Ұлттық құрамада ең көп ойын өткізген екінші футболшы
Даниярдың есімі қазақ футболының жанкүйерлеріне әбден таныс. Ол – бірнеше жыл Қостанай халқының сүйіспеншілігіне бөленген ойыншы. Данияр Қазақстан чемпионатында 371 ойын өткізген. Ел чемпионатында ең көп ойын өткізгендер тізімінде Даниярдың алдында – тек марқұм Серік Жейлітбаев қана (462 ойын).
Футболдан Қазақстан чемпионатындағы рекордтар тізімін парақтаған кезде Данияр Мұқановтың есімі бірден көзге түседі. Данияр – төл чемпионатымызда Серік Жейлітбаев марқұмнан кейінгі ең көп ойын өткізген ойыншы.
Даниярдың есімі қазақ футболының жанкүйерлеріне әбден таныс. Ол – бірнеше жыл Қостанай халқының сүйіспеншілігіне бөленген ойыншы. Оның жсыл алаңдағы өнерін «Милан» клубында ойнаған Марек Янкуловскидің ойын мәнеріне ұқсатып жататын жанкүйерлерде бар.
Данияр Мұқанов 1976 жылы 26 қырқүйекте қазақ футболының отаны саналатын Семейде дүниеге келген. Аладопты серік еткен ойыншы Тәуелсіздігіміздіңалғашқы жылдарында, яғни 1993 жылы 16 жасында «Елімайдың» сапында өзініңтұсаукесер кездесуін өткізген болатын.
Футбол өнерінің қыр-сырын алғаш рет Нұржан Қабденұлы Десембаев деген бапкерден үйреніп, үлкен спортқа деген қызығушылығы осы жерде басталған.
Бұл бапкерден елімізге танымал Самат Смақов, Андрей Богомолов, Андрей Карпович секілді ойыншыларымыз да тәлім алып, аладоптың сиқырына сусындаған.
Данияр өзінің алғашқы бапкері жайлы былай дейді:
– Бір күні бір бапкер мектепке келіп, барлығымызды жинап алды. Мектептіңішінде біздің сыныпты, соның ішінде мені тандап алғанына айрықша рахмет айтамын. Бапкерім мені өзімнен 2 жас үлкен балалармен бірге жаттықтырды.
Доппен қалай жұмыс істеуді, өзімде қалай ұстау керектігін, техниканы қалай жетілдіру, қысқасы бәрін-бәрін үйретті. Үнемі түздегі додаларға апарып тұрды.
Ташкенте, Ресейде өткен жасөспірмдер арасындағы турнирлергеқатыстық. Мұның барлығы халықаралық деңгейде үлкен тәжірбие жинақтауыма себепкер болды. Мәскеуде өткен бір турнир есімде сақталыпқалыпты. Бүкіл Кеңестер Одағы командаларының арасында өткен додада бізүшінші орын алдық.
Одақ көлемінде осындай жетістікке жеткенімізге басында сене алмадық та. Бұл жеңіс бізге ерекше қуаныш сыйлады. Содан кейін біз кез-келген турнирде жоғары деңгейде өнер көрсете алатынымызды дәлелдей алдық.
Алғашқы бапкерім мені орталық шепте көргісі келетін. Кейінгі бапкерімқапталдағы жартылай қорғаныста ойнағанымды қалады. Міне, содан беріқапталдан жүйіткитін жартылай қорғаушы болдым.