Жаңалықтар

Алғашқы белестер

Қазақ футболының соңғы 10 жылында тұрақты түрде, аса жоғары деңгейде өнер көрсетіп келе жатқан екі-үш ойыншы болса, соның бірі – Самат Смақов. Қазақ футболының соңғы 10  жылында тұрақты түрде, аса жоғары деңгейде өнер көрсетіп келе жатқан екі-үш ойыншы болса, соның бірі – Самат Смақов. Самат Смақов 1978 жылы желтоқсан айының 8-інде Семей қаласында дүниеге келген. Бойы – 1 метр 81 сантиметр. Салмағы – 66 келі. Ұлы Абай мен Мұхтар туған жерде дүниеге келген Самат футболдың алғашқыәліппесін талай жас футболшыны үлкен футбол додасына қосқан бапкер Нұрлан Десембаевтан үйренген. Алты жасынан ала допқа ғашық болып, жанына серік еткен. Футболдың сиқыры бала Саматты арбап, жасыл алаңға тартатын да тұратын. Таңертеннен кешке дейін жасаған жаттығулары мен орасан зор еңбек бүгін, міне,өзінің жемісін беріп, елге танымал футболшы етті. Клубтық карьерасы Самат алғаш  «Елімайдың» қосалқы құрамында доп теуіп, көзге түскен. Содан 1997 жылы осы клубтың негізгі құрамына шақырылады. 1998  жылы көп күттірмей, өз клубымен ел чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алады. Сол маусымда 33 ойын өткізіп, 6 гол соғады. Осы жеңісінен кейін Павлодарға жол тартады. «Ертіс» сапында бір жыл доп тебеді. «Ертістің» қатарында Самат «Елімайдағы» жетістігін қайталап, тағы да ел чемпионы атанады. Осы жылдары сауатты ойынымен көзге түскен Саматты ресейлік скауттар өз клубтарына шақырады. Сөйтіп, 22 жастағы футболшымыз Ресейдің жоғары дивизионында ойнайтын «Ростельмаш» клубымен келісім-шартқа отырады. 2000-2001 жылдар маусымынды Ресейде бақ сынаған Самат барлығы 39 ойынөткізеді. Өкініштісі, бірде-бір ойында гол соға алмайды. Қорғаушы болған соң, негізінен алаңдағы өз міндетіне көңіл бөлген болар.     2002 жылы елге оралып, жаңа елордамыздың «Жеңіс» аттты клубыныңқатарына қосылады. Астанада алаңға сирек шыққан соң, қайтадан туған жері Семейге кетеді. 2003  жылы  «Елімайдың» жейдесін 27 рет киіп, 4 голдың авторы атанады. 2004 жылы қазақ футболының бренді болған «Қайраттың» сапында доп қуады. Әрі еліміздің ең танымал командасының капитаны болады. «Қайраттың» қорғанысының ғана емес, жалпы команданың көшбасшысына айналады. Үш жылдың ішінде 91 ойын өткізіп, 15 рет теңбіл допты қақпа ішінде тулатады. 2004 жылы «Қайратпен» Қазақстан чемпионы болады (Сол жылғы чемпиондықтан кейін «Қайратқа» бас жүлде тек арман болып келеді. «Қайраттың» қазіргі аяқ алысына қарап, бүгін-ертең топ жарады деп айту да қиын).
25.04.2013 06:48 3283

Қазақ футболының соңғы 10 жылында тұрақты түрде, аса жоғары деңгейде өнер көрсетіп келе жатқан екі-үш ойыншы болса, соның бірі – Самат Смақов.

Қазақ футболының соңғы 10  жылында тұрақты түрде, аса жоғары деңгейде өнер көрсетіп келе жатқан екі-үш ойыншы болса, соның бірі – Самат Смақов.

Самат Смақов 1978 жылы желтоқсан айының 8-інде Семей қаласында дүниеге келген. Бойы – 1 метр 81 сантиметр. Салмағы – 66 келі.

Ұлы Абай мен Мұхтар туған жерде дүниеге келген Самат футболдың алғашқыәліппесін талай жас футболшыны үлкен футбол додасына қосқан бапкер Нұрлан Десембаевтан үйренген.

Алты жасынан ала допқа ғашық болып, жанына серік еткен. Футболдың сиқыры бала Саматты арбап, жасыл алаңға тартатын да тұратын.

Таңертеннен кешке дейін жасаған жаттығулары мен орасан зор еңбек бүгін, міне,өзінің жемісін беріп, елге танымал футболшы етті.

Клубтық карьерасы

Самат алғаш  «Елімайдың» қосалқы құрамында доп теуіп, көзге түскен. Содан 1997 жылы осы клубтың негізгі құрамына шақырылады.

1998  жылы көп күттірмей, өз клубымен ел чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алады. Сол маусымда 33 ойын өткізіп, 6 гол соғады.

Осы жеңісінен кейін Павлодарға жол тартады. «Ертіс» сапында бір жыл доп тебеді. «Ертістің» қатарында Самат «Елімайдағы» жетістігін қайталап, тағы да ел чемпионы атанады.

Осы жылдары сауатты ойынымен көзге түскен Саматты ресейлік скауттар өз клубтарына шақырады. Сөйтіп, 22 жастағы футболшымыз Ресейдің жоғары дивизионында ойнайтын «Ростельмаш» клубымен келісім-шартқа отырады.

2000-2001 жылдар маусымынды Ресейде бақ сынаған Самат барлығы 39 ойынөткізеді. Өкініштісі, бірде-бір ойында гол соға алмайды. Қорғаушы болған соң, негізінен алаңдағы өз міндетіне көңіл бөлген болар.    

2002 жылы елге оралып, жаңа елордамыздың «Жеңіс» аттты клубыныңқатарына қосылады. Астанада алаңға сирек шыққан соң, қайтадан туған жері Семейге кетеді.

2003  жылы  «Елімайдың» жейдесін 27 рет киіп, 4 голдың авторы атанады. 2004 жылы қазақ футболының бренді болған «Қайраттың» сапында доп қуады. Әрі еліміздің ең танымал командасының капитаны болады.

«Қайраттың» қорғанысының ғана емес, жалпы команданың көшбасшысына айналады. Үш жылдың ішінде 91 ойын өткізіп, 15 рет теңбіл допты қақпа ішінде тулатады.

2004 жылы «Қайратпен» Қазақстан чемпионы болады (Сол жылғы чемпиондықтан кейін «Қайратқа» бас жүлде тек арман болып келеді. «Қайраттың» қазіргі аяқ алысына қарап, бүгін-ертең топ жарады деп айту да қиын).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға