Жаңалықтар

Балқаш

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Балқаш —  Қазақстанның оңт.-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен  Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі 3-орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды обл-тарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 — 22 мың км2, ұз. 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 — 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көл. шамамен 100—110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңд. 6 м, ең терең жері 26 м. Б-тың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ін береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солт-тен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің  солт. жағалауы  Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді  және көптеген жыра-жылғамен  тілімделген, ал, оңт. жағалауы — суы біртіндеп тартылған кезде жиналған  шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Б. туралы алғашқы жазба деректер 13 ғ-дан белгілі (В. Рубрук, П. Карпини). Көлді тиянақты зерттеу 17 ғ-да басталды. Орыс картографы және тарихшысы С.У. Ремезов 1695 ж. “Чертежи всех сибирских городов и земель” атты атласында Б-ты “Теңіз” деген атаумен көрсеткен. 18 ғ-дың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Б. 19 ғ-да Клапроттың (1836) және швед картографы И.Г. Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. П.В. Рихтгофен (1877)  мен А.Ф. Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Б. туралы деректер бар. Б-ты зерттеуге басқа да Ресей ғалымдары (И.В. Мушкетов, А.М. Никольский, Л.С. Берг, т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов та Б. алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Б. к-н кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар (П.Ф. Домрачев, В.Н. Абросов, Л.И. Лев, Н.М. Страхов, Д.Г. Сапожников, М.Н. Тарасов) ұйымдастырылды. Көлдің экол. жағдайын, суының хим. құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физ.-геогр. сипатын зерттеумен 1970 — 90 ж. Қазақстан ҒА-ның ин-ттары, Қазақ балық ш. ғыл.-зерттеу ин-ты, Қазақ гидрометеорология ғыл.-зерттеу ин-ты, бірнеше жобалау ин-ттары, т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады (қ. Балқаш экологиясы). Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа темп-ра —15 — 17ӘС, шілденің орташа темп-расы 24ӘС. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлш. 120 мм. Ауаның салыстырмалы  ылғалд. 55 — 66%, желдің жылдық орташа жылд. 4,5 — 4,8 м/с. Жел көлдің бат. бөлігінде көбінесе, солт-тен, шығысында — солт.-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым — шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлш. 3 м-ден асады. 20 ғ-да Б. к- нің деңгейі 1908 және 1961 ж. көтеріліп, 1946 және 1987 ж. төмендегені байқалды (кестені қ.). 1970 жылдан бері Іле өз. бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрол. режимі көп өзгеріске ұшырады. Б.— жартылай тұщы көл. Суының хим. құрамы көл алабының гидрогр. ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Б-ты екіге бөледі, гидрол. және гидрохим. жағынан бір-бірінен  өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км  Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералд. мен тұзд. бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өз. құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0,5—1 г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5 — 6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк. Б. фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға  бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар,  мұның  6 түрі  ежелден  көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа жақтан  әкелінген (карп, аққайран,  шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 — 10 мың т)— сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-металлургия комб., т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Б-та су көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе.  Ж. Достайұлы Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том    
09.11.2012 03:15 5562

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Балқаш —  Қазақстанның оңт.-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен  Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі 3-орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды обл-тарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 — 22 мың км2, ұз. 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 — 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көл. шамамен 100—110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңд. 6 м, ең терең жері 26 м. Б-тың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ін береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солт-тен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің  солт. жағалауы  Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді  және көптеген жыра-жылғамен  тілімделген, ал, оңт. жағалауы — суы біртіндеп тартылған кезде жиналған  шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Б. туралы алғашқы жазба деректер 13 ғ-дан белгілі (В. Рубрук, П. Карпини). Көлді тиянақты зерттеу 17 ғ-да басталды. Орыс картографы және тарихшысы С.У. Ремезов 1695 ж. “Чертежи всех сибирских городов и земель” атты атласында Б-ты “Теңіз” деген атаумен көрсеткен. 18 ғ-дың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Б. 19 ғ-да Клапроттың (1836) және швед картографы И.Г. Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. П.В. Рихтгофен (1877)  мен А.Ф. Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Б. туралы деректер бар. Б-ты зерттеуге басқа да Ресей ғалымдары (И.В. Мушкетов, А.М. Никольский, Л.С. Берг, т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов та Б. алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Б. к-н кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар (П.Ф. Домрачев, В.Н. Абросов, Л.И. Лев, Н.М. Страхов, Д.Г. Сапожников, М.Н. Тарасов) ұйымдастырылды. Көлдің экол. жағдайын, суының хим. құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физ.-геогр. сипатын зерттеумен 1970 — 90 ж. Қазақстан ҒА-ның ин-ттары, Қазақ балық ш. ғыл.-зерттеу ин-ты, Қазақ гидрометеорология ғыл.-зерттеу ин-ты, бірнеше жобалау ин-ттары, т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады (қ. Балқаш экологиясы). Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа темп-ра —15 — 17ӘС, шілденің орташа темп-расы 24ӘС. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлш. 120 мм. Ауаның салыстырмалы  ылғалд. 55 — 66%, желдің жылдық орташа жылд. 4,5 — 4,8 м/с. Жел көлдің бат. бөлігінде көбінесе, солт-тен, шығысында — солт.-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым — шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлш. 3 м-ден асады. 20 ғ-да Б. к- нің деңгейі 1908 және 1961 ж. көтеріліп, 1946 және 1987 ж. төмендегені байқалды (кестені қ.). 1970 жылдан бері Іле өз. бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрол. режимі көп өзгеріске ұшырады. Б.— жартылай тұщы көл. Суының хим. құрамы көл алабының гидрогр. ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Б-ты екіге бөледі, гидрол. және гидрохим. жағынан бір-бірінен  өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км  Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералд. мен тұзд. бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өз. құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0,5—1 г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5 — 6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк. Б. фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға  бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар,  мұның  6 түрі  ежелден  көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа жақтан  әкелінген (карп, аққайран,  шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 — 10 мың т)— сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-металлургия комб., т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Б-та су көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе. 

Ж. Достайұлы

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға