Жаңалықтар

Мәжілісмен Қызылорда облысының сайлаушыларымен кездесті

Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясы мүшесі Оразкүл Асанғазы Елбасы Жолдауын талқылау барысында Қызылорда облысының шалғай елді мекендерінде сайлаушылармен кездесулер өткізуде, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі. «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалында, «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлерінің, қалалық мәслихат депутаттарының, өңір жастары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді. Баспасөз конференциясы барысында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының мазмұны мен мәні жөнінде және Мәжіліске ұсынылған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасы туралы түсіндірілді. Сонымен қатар Қызылорда медициналық колледжінің мәжіліс залында, облыстық саясаткер әйелдер клубының мүшелерімен және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде студент-жастар мен профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесуде еліміз үшін жаңа даму стратегиясы болып саналатын Елбасының Жолдауының әлеуметтік маңызы мен саяси сипаты мен ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заң жобасы, мемлекеттік тіл саясатын дамыту бағыттары жөнінде кең көлемде хабарлама жасады. Кездесулер соңында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныстар қабылданды.     Bnews.kz, 11.04.2013 ж.
25.04.2013 03:57 2738

Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясы мүшесі Оразкүл Асанғазы Елбасы Жолдауын талқылау барысында Қызылорда облысының шалғай елді мекендерінде сайлаушылармен кездесулер өткізуде, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

«Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалында, «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлерінің, қалалық мәслихат депутаттарының, өңір жастары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Баспасөз конференциясы барысында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының мазмұны мен мәні жөнінде және Мәжіліске ұсынылған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасы туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар Қызылорда медициналық колледжінің мәжіліс залында, облыстық саясаткер әйелдер клубының мүшелерімен және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде студент-жастар мен профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

Кездесуде еліміз үшін жаңа даму стратегиясы болып саналатын Елбасының Жолдауының әлеуметтік маңызы мен саяси сипаты мен ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заң жобасы, мемлекеттік тіл саясатын дамыту бағыттары жөнінде кең көлемде хабарлама жасады.

Кездесулер соңында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныстар қабылданды.
 

 

Bnews.kz,

11.04.2013 ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға