Жаңалықтар

Сарысу-созақ көтерілісі

Соңғы редакциялау: 24 қазан 2012 жыл САРЫСУ-СОЗАҚ КӨТЕРІЛІСІ, Созақ көтерілісі — Жамбыл обл. Сарысу ауд. мен Оңт. Қазақстан обл. Созақ ауд-нда Кеңес өкіметінің 1930 жылғы асыра сілтеушілік саяси және экон. шараларына қарсы көтерілген халық қозғалысы. 1928 ж. күзде Сарысу ауд-ның бір топ ауқатты адамдары тәркіленді. Науқан соңына қарай, тәркілеуге қарсылық ұйымдастырмақ болды деген желеумен 1928 — 29 ж. Дінмұхамед Әділов, Ағабек Байдуллаев, Асқар, Әбубәкір, Жолдасбай, Әбуәлі Әділовтер, Нұрлан Кәрібаев, Әкпар Ыбыраев, Мұхамедия Арғынбаев, Артықбай Әлин, т.б. ел ішінде белгілі азаматтар (барлығы 16 адам) ОГПУ тарапынан ұсталды, ал Байсейіт Әділов оққа ұшты. Оларға Кеңес өкіметінің өкілін өлтіруге қатысып, іс-шараларына бұрыннан кедергі келтіріп келе жатқан, “алашордашылардың басқарушы тобы үлкен міндеттер артқан...” “Әділовтің алыс Сарысу ауданындағы бандасы” деген жала жабылды. Әуелі Қызылорда, Алматы түрмелеріне, одан Мәскеудің Бутыркасына қамалып, сол жақта әйгілі “үштік” шешімімен сотталды. Ал ел ішінде ірі байларды тәркілеу соңы орташа дәулеттілердің мал-мүлкін сыпырып алуға ұласты. Салық ауыртпалығын сезінбеген шаңырақ қалмады. Шолақ белсенділік үдеді. Осы жәйттер ел тұрмысын қиындатып, билік шарасына наразылық сезімін күшейтті. БК(б)П Қазақ өлкелік к-тінің 1-хатшысы Ф.И. Голощекин 1930 ж. наурызда И.В. Сталинге жолдаған құпия ақпарат-хатында Сарысу ауд-мен іргелес жатқан Созақ ауд-ндағы (екеуі де Сырдария окр-нде) наразылықты ірі бұқаралық қарулы көтеріліс ретінде бағалап, жазалаушылармен (коммунистік жасақтар) шайқаста 400-ден аса көтерілісшінің өлгенін хабарлайды. 200-ге тарта адам тұтқынға алынған, ал көтерілісшілерден қолға түскен қару-жарақ саны — 70-тей мылтық, 50 шақты темір сүңгі, балта, айыр, найза, қылыш, т.б. Яғни 600 көтерілісшінің 120-сы ғана қаруланған. Демек, жазалаушылар іс жүзінде қарусыз, кеңес өкіметінің бұрмалауларына өкпелі бейбіт халықты қырып тастаған. Осы шығыны мол көтерілістің басты ошағы — тама руының ауылдары орналасқан Сарысу ауд. болды. ОГПУ ақпараттарына қарағанда “өзін хан деп атайтын бай Сұлтанбек Шолақтың бандасы Сырдария окр-нің Сарысу ауд-нда (Әулиеатаның солт.-шығысында 160 км) ұйымдасқан”. Көтерілісшілердің 1930 ж. 5 ақпанда Шолаққорғанға беттегенін, одан Сарысу ауд-ның орт. Кентаралды басып алмақ ниетте екенін ГПУ органдары біліп отырды. Тарлан шатқалында қолға  түскен “Банатаев Қарынбай деген бандит… банданың белсенді әрекет етіп жатқанын растады”. “Сарысу ауд. ГПУ өкілі Тыныштықбаевты атыс кезінде бандиттер өлтірген”. Осыларға байланысты Кентаралда нашар қаруланған 200 адамнан тұратын өзін-өзі қорғау отряды ұйымдастырылды, Сарысу ауд-н қорғауды күшейту, сонымен бірге шешуші Созақ операциясын өткізу шаралары қолға алынды. Созақ операциясын “табысты” аяқтаған жазалаушылар Сарысу, Талас аудандарына екі-екіден коммунистік отряд жіберіп, көтерілісшілерді іздестірді. Сарысулық “банда” алғашқы қақтығыста-ақ талқандалып, жетекшілері қолға түсірілді. “Сарысу ханы Серік” пен Сарысу көтерілісін ұйымдастырған Жантірешманов, Сараев “қашып кететін болғандықтан” атып тасталды. Жүздеген адам түрмеге қамалды. Көтеріліс соңы ашаршылыққа ұласты. Ұзамай Кентаралда тұратындар басып кетіп, ауыл қаңырап босап қалды, ал аудан орт. Саудакентке көшірілді. Соған қарағанда, мұндағы тікелей және табан астында қатал жазалау шараларының пәрменді де кең көлемде жүргізілгені аңғарылады. С.-С. к. ресми басылды деп жарияланғаннан кейін, оған қатысты деген желеумен жүздеген жазықсыз жанды ОГПУ-дің әйгілі “үштіктері” түрлі мерзімге абақтыға жауып, жер аударды.  Б. Қойшыбаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том  
09.11.2012 03:15 8140

Соңғы редакциялау:

24 қазан 2012 жыл

САРЫСУ-СОЗАҚ КӨТЕРІЛІСІ, Созақ көтерілісі — Жамбыл обл. Сарысу ауд. мен Оңт. Қазақстан обл. Созақ ауд-нда Кеңес өкіметінің 1930 жылғы асыра сілтеушілік саяси және экон. шараларына қарсы көтерілген халық қозғалысы. 1928 ж. күзде Сарысу ауд-ның бір топ ауқатты адамдары тәркіленді. Науқан соңына қарай, тәркілеуге қарсылық ұйымдастырмақ болды деген желеумен 1928 — 29 ж. Дінмұхамед Әділов, Ағабек Байдуллаев, Асқар, Әбубәкір, Жолдасбай, Әбуәлі Әділовтер, Нұрлан Кәрібаев, Әкпар Ыбыраев, Мұхамедия Арғынбаев, Артықбай Әлин, т.б. ел ішінде белгілі азаматтар (барлығы 16 адам) ОГПУ тарапынан ұсталды, ал Байсейіт Әділов оққа ұшты. Оларға Кеңес өкіметінің өкілін өлтіруге қатысып, іс-шараларына бұрыннан кедергі келтіріп келе жатқан, “алашордашылардың басқарушы тобы үлкен міндеттер артқан...” “Әділовтің алыс Сарысу ауданындағы бандасы” деген жала жабылды. Әуелі Қызылорда, Алматы түрмелеріне, одан Мәскеудің Бутыркасына қамалып, сол жақта әйгілі “үштік” шешімімен сотталды. Ал ел ішінде ірі байларды тәркілеу соңы орташа дәулеттілердің мал-мүлкін сыпырып алуға ұласты. Салық ауыртпалығын сезінбеген шаңырақ қалмады. Шолақ белсенділік үдеді. Осы жәйттер ел тұрмысын қиындатып, билік шарасына наразылық сезімін күшейтті. БК(б)П Қазақ өлкелік к-тінің 1-хатшысы Ф.И. Голощекин 1930 ж. наурызда И.В. Сталинге жолдаған құпия ақпарат-хатында Сарысу ауд-мен іргелес жатқан Созақ ауд-ндағы (екеуі де Сырдария окр-нде) наразылықты ірі бұқаралық қарулы көтеріліс ретінде бағалап, жазалаушылармен (коммунистік жасақтар) шайқаста 400-ден аса көтерілісшінің өлгенін хабарлайды. 200-ге тарта адам тұтқынға алынған, ал көтерілісшілерден қолға түскен қару-жарақ саны — 70-тей мылтық, 50 шақты темір сүңгі, балта, айыр, найза, қылыш, т.б. Яғни 600 көтерілісшінің 120-сы ғана қаруланған. Демек, жазалаушылар іс жүзінде қарусыз, кеңес өкіметінің бұрмалауларына өкпелі бейбіт халықты қырып тастаған. Осы шығыны мол көтерілістің басты ошағы — тама руының ауылдары орналасқан Сарысу ауд. болды. ОГПУ ақпараттарына қарағанда “өзін хан деп атайтын бай Сұлтанбек Шолақтың бандасы Сырдария окр-нің Сарысу ауд-нда (Әулиеатаның солт.-шығысында 160 км) ұйымдасқан”. Көтерілісшілердің 1930 ж. 5 ақпанда Шолаққорғанға беттегенін, одан Сарысу ауд-ның орт. Кентаралды басып алмақ ниетте екенін ГПУ органдары біліп отырды. Тарлан шатқалында қолға  түскен “Банатаев Қарынбай деген бандит… банданың белсенді әрекет етіп жатқанын растады”. “Сарысу ауд. ГПУ өкілі Тыныштықбаевты атыс кезінде бандиттер өлтірген”. Осыларға байланысты Кентаралда нашар қаруланған 200 адамнан тұратын өзін-өзі қорғау отряды ұйымдастырылды, Сарысу ауд-н қорғауды күшейту, сонымен бірге шешуші Созақ операциясын өткізу шаралары қолға алынды. Созақ операциясын “табысты” аяқтаған жазалаушылар Сарысу, Талас аудандарына екі-екіден коммунистік отряд жіберіп, көтерілісшілерді іздестірді. Сарысулық “банда” алғашқы қақтығыста-ақ талқандалып, жетекшілері қолға түсірілді. “Сарысу ханы Серік” пен Сарысу көтерілісін ұйымдастырған Жантірешманов, Сараев “қашып кететін болғандықтан” атып тасталды. Жүздеген адам түрмеге қамалды. Көтеріліс соңы ашаршылыққа ұласты. Ұзамай Кентаралда тұратындар басып кетіп, ауыл қаңырап босап қалды, ал аудан орт. Саудакентке көшірілді. Соған қарағанда, мұндағы тікелей және табан астында қатал жазалау шараларының пәрменді де кең көлемде жүргізілгені аңғарылады. С.-С. к. ресми басылды деп жарияланғаннан кейін, оған қатысты деген желеумен жүздеген жазықсыз жанды ОГПУ-дің әйгілі “үштіктері” түрлі мерзімге абақтыға жауып, жер аударды. 

Б. Қойшыбаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға