Жаңалықтар

Алматыда Маргарет Тэтчерді еске алуға арналған кеш өтеді

26 сәуір күні Алматыда І Экономикалық еркіндік форумы (IDEA) өтеді. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында өтетін форумды Фридрих Эберт қорының демеушілігімен "Аспандау" ғылыми-білім қоры ұйымдастыруда. Оған отандық және шетелдік сарапшылар, іскерлік ортаның, зерттеу орталықтары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда. Форум барысында экономикалық еркіндіктің дамуына үлес қосқан қазақстандық қайраткерлерді Экономикалық еркіндік сыйлығымен марапаттау рәсімі өтеді. Сондай-ақ Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты  кітапханасында Людвиг фон Мизес атындағы мемориалдық бұрыш ашылмақ. Сондай-ақ форум аясында Маргарет Тэтчерді еске алуға арналған кеш өтетін болады. Оны Жас кәсіпкерлер клубының қолдауымен Даму және экономикалық саясат институты ұйымдастырады. ҚазАқпарат.  
25.04.2013 03:22 2618

26 сәуір күні Алматыда І Экономикалық еркіндік форумы (IDEA) өтеді. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында өтетін форумды Фридрих Эберт қорының демеушілігімен "Аспандау" ғылыми-білім қоры ұйымдастыруда.

Оған отандық және шетелдік сарапшылар, іскерлік ортаның, зерттеу орталықтары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Форум барысында экономикалық еркіндіктің дамуына үлес қосқан қазақстандық қайраткерлерді Экономикалық еркіндік сыйлығымен марапаттау рәсімі өтеді. Сондай-ақ Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты  кітапханасында Людвиг фон Мизес атындағы мемориалдық бұрыш ашылмақ.

Сондай-ақ форум аясында Маргарет Тэтчерді еске алуға арналған кеш өтетін болады. Оны Жас кәсіпкерлер клубының қолдауымен Даму және экономикалық саясат институты ұйымдастырады.

ҚазАқпарат.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға