Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағытын түсіндірді
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада Қазақстанның әйелдер қауымымен кездесуі кезінде «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағытын түсіндірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Білім жинақтаушы шоттары тек дамыған елдерде бар. Сіз балалардың оқуына ақша жинап, банкте оның үстіне қосымша пайыздарды жинақтай аласыздар, ал мемлекет бұл ретте қосымша сыйақы төлейтін болады. Шот иелері сондай-ақ білім беруге арналған несиелерді жеңілдетілген шарттармен ала алады», - деді Н.Наразбаев.
Елбасы Қазақстанның жаңа стратегиясының 2050 жылға дейінгі мерзімге айқындалу себебін түсіндірді. Оның айтуынша, халық болашақ ұрпаққа қандай пайданың келетінін көріп, жастар елдің қандай бағытта дамып жатқанын, мемлекеттің бағдары қандай екенін білуі тиіс.
«Бұл шаралар жастар өз өмірін бағдарлау үшін, өз ісінің кірпішін қалау үшін жасалып отыр. Әрине, әрбір отбасы балалары үшін бар жағдайды жасайды, жақсы тәрбие бергісі келеді. Қазақстан үлкен көпұлтты отбасы ретінде өз балаларын тәрбиелеуге мүдделі», - деді Н.Назарбаев.
Диана Құлмағанбетова
BNews.kz
07.03.2013