Жаңалықтар

ИНФОГРАФИКА: «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағ

14 желтоқсанда, жаңа «Астана Опера» опера және балет театрындағы салтанатты жиында Қазақстан Президенті ел халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы жаңа Стратегияның басты мақсаты 2050 жылға қарай Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу екенін атап өтті. Елбасы қазақстандықтардың алдына қойған маңызды міндеттер мыналар:  - Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту  - Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу  - Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау - Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатеріне парапар саясат құру  - Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру  - Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру  - Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру  Сонымен қатар ел Президенті ХХI ғасырдың он жаһандық сын-қатерін атап көрсетті:  1. Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі 2. Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік 3. Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер 4. Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы 5. Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік 6.Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы 7. Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция 8. Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық 9. Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы 10. Оныншы сын-қатер – жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі BNews.kz «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» инфографикасын ұсынады. BNews.kz 26.02.2013
24.04.2013 12:17 5967

14 желтоқсанда, жаңа «Астана Опера» опера және балет театрындағы салтанатты жиында Қазақстан Президенті ел халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысы жаңа Стратегияның басты мақсаты 2050 жылға қарай Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу екенін атап өтті.

Елбасы қазақстандықтардың алдына қойған маңызды міндеттер мыналар: 

- Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту 

- Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу 

- Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

- Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатеріне парапар саясат құру 

- Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру 

- Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру 

- Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру 

Сонымен қатар ел Президенті ХХI ғасырдың он жаһандық сын-қатерін атап көрсетті: 

1. Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі

2. Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

3. Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

4. Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы

5. Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

6.Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы

7. Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция

8. Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

9. Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы

10. Оныншы сын-қатер – жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

BNews.kz «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» инфографикасын ұсынады.

BNews.kz

26.02.2013

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға