Жаңалықтар

Жоғары оқу орындарында сұранысқа ие емес пәндер оқытылмайтын болады – Білім министрлігі

ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарында ескірген және сұранысқа ие емес пәндерді қысқарту жұмысын қолға алмақ. Бұл жөнінде Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының Астана қаласының тұрғындарымен өткен кездесуінде ведомствоның ғылым жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Ербол Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Жоғары оқу орындарында ескірген және сұранысқа ие емес пәндерді қысқарту бойынша жұмыс қолға алынады. Қазір міндетті және таңдау бойынша пәндер тобы бар екені белгілі. 2014 жылдан 70 пайыз пәндерді студенттер өздері таңдайды, ал 30 пайызы міндетті болады. Келесі жылдан осындай тәжірибені енгізбекшіміз»,- деді Сүлейменов.  Сондай-ақ ол орта және жоғары білім жүйесін мемлекеттік- жеке меншік серіктестік қағидасы негізінде дамытуға ерекше мән берілетінін жеткізді. Электрондық оқытуды дамыту да маңызды міндеттердің қатарында болмақ. Айымгүл Әбілева BNews.kz 15.02.2013      
24.04.2013 11:47 3489

ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарында ескірген және сұранысқа ие емес пәндерді қысқарту жұмысын қолға алмақ. Бұл жөнінде Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының Астана қаласының тұрғындарымен өткен кездесуінде ведомствоның ғылым жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Ербол Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Жоғары оқу орындарында ескірген және сұранысқа ие емес пәндерді қысқарту бойынша жұмыс қолға алынады. Қазір міндетті және таңдау бойынша пәндер тобы бар екені белгілі. 2014 жылдан 70 пайыз пәндерді студенттер өздері таңдайды, ал 30 пайызы міндетті болады. Келесі жылдан осындай тәжірибені енгізбекшіміз»,- деді Сүлейменов. 

Сондай-ақ ол орта және жоғары білім жүйесін мемлекеттік- жеке меншік серіктестік қағидасы негізінде дамытуға ерекше мән берілетінін жеткізді. Электрондық оқытуды дамыту да маңызды міндеттердің қатарында болмақ.

Айымгүл Әбілева

BNews.kz

15.02.2013

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға