Кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өту заңды түрде бекітілмек
Кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өту заңды түрде бекітілмек. Бұл жөнінде Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының Астана қаласының тұрғындарымен өткен кездесуінде ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Ербол Сүлейменов айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«2013 жылдан инженерлік білім жүйесін дамыту қамтамасыз етіледі. Елімізде 140-тан астам жоғары оқу орны бар. Оның ішінде жеке меншік оқу орындары бар. Бүгінде көптеген түлектер нарықта сұранысқа ие емес мамандықтарды таңдайды. Ал осы күні инженерлік-техникалық мамандар қажет. Сондықтан қазір мемлекеттік тапсырысты нарық сұранысына сай бағыттаймыз», - деп атап өтті Сүлейменов.
Мұнымен қатар оның айтуынша, кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтуді заңды түрде бекіту көзделіп отыр. Сондай-ақ биылғы жылдан бастап жоғары оқу орындарында ғылыми орталықтар құру жұмысына үлкен көңіл бөлінбек.
«Оқу орындары тек білім беріп қана қоймай, ғылыми-зерттеу жұмысымен де айналысу қажет. Оның жарқын мысалы - Назарбаев университеті», - деп толықтырды Сүлейменов.
Айымгүл Әбілева
BNews.kz
15.02.2013