Жаңалықтар

2015 жылға қарай балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 74 %-ды құрамақ

2015 жылға қарай балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 74 %-ды құрайды. Бұл жөнінде Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының Астана қаласының тұрғындарымен өткен кездесуінде ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Ербол Сүлейменов айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Елбасы алға қойып отырған маңызды міндет – балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбиемен 100 пайыз қамту. «Балапан» бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартылып отыр. 2013 жылдан 1293 балабақшаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл 2015 жылы үштен алты жасқа дейінгі балалардың 74 пайызын қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні ерте жастан тілдерді меңгеру бойынша тәжірибе жүргізілетін 200 балабақша мен шағын орталық таңдалынып алынды. Қазірде елімізде көп тілді меңгеруге басымдық беріліп отырғаны белгілі», - деп атап өтті Ербол Сүлейменов. Айымгүл Әбілева BNews.kz 15.02.2013      
24.04.2013 11:39 3209

2015 жылға қарай балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 74 %-ды құрайды. Бұл жөнінде Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының Астана қаласының тұрғындарымен өткен кездесуінде ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Ербол Сүлейменов айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Елбасы алға қойып отырған маңызды міндет – балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбиемен 100 пайыз қамту. «Балапан» бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартылып отыр. 2013 жылдан 1293 балабақшаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл 2015 жылы үштен алты жасқа дейінгі балалардың 74 пайызын қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні ерте жастан тілдерді меңгеру бойынша тәжірибе жүргізілетін 200 балабақша мен шағын орталық таңдалынып алынды. Қазірде елімізде көп тілді меңгеруге басымдық беріліп отырғаны белгілі», - деп атап өтті Ербол Сүлейменов.

Айымгүл Әбілева

BNews.kz

15.02.2013

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға