Қазақ миллиардері »Интер» клубының инвесторы болуы мүмкін
Бұл туралы Tuttosport басылымы жазды, деп хабарлайды «Аламан».
55 жастағы қазақ миллиардері қазір Қазақстан теннис федерациясын басқарады. Басылымның жазуынша, Өтемұратов Аппьяно-Джентиледегі «Интердің» базасына барып, команда президенті Массимо Мораттимен бірнеше келіссөз жүргізген.
Қазақстандық олигарх, «Форбс» журналына кірген миллиардерлердің бірі Болат Өтемұратов Миланның «Интер» клубының инвесторы болуы мүмкін.
