Жаңалықтар

Таңат Нөсербаев

Таңатты ағылшын журналистері өздерінің Тео Уолкоттарымен салыстырды да. «Жылдамдығы мен техникасы жағынан Уолкоттқа ұқсайды екен» деп, бізді бір қуантып тастаған-ды. Бернд Шторк десе қазақ футболы жанкүйерлерінің біразының зығырданықайнайтыны жасырын емес. Ұлттық құрама сапында ойнап жүрген өз ойыншыларымызды құрамадан алыстатып, олардың орнына Попов, Гетериев, Сидельников секілді ресейлік ойыншыларды қосты. Смақов, Нұрдаулетов, Әшірбеков сияқты ойыншыларды қаралап, мүлде құрамаға жақындатпады. Өзі мақтап, құрамаға қосқан ойыншылары олардан асып түсті деп айта алмаймыз. Бірақ, Шторктың ұлттық құрама сапына тартқан жастарының арасында бірен-саран қазақ футболшылары да болды. Солардың бірі – Таңат Нөсербаев. Әу баста, Шторк жастар құрамасын баптап жүргенде Таңатты Польшамен жастарымен өткен кездесуге шақырды. Нәтижесі де жаман болған жоқ. Таңатөзінің жастар құрамасындағы тырнақалды матчында екі гол соғып, жанкүйерлерді желпіндірді. Сол кездесуде жастарымыз Польша бозбалаларын 3:0 есебімен ойсырата ұтып,қуанышқа бөлген болатын. Кейіннен Б.Шторк ұлттық құрамаға бас бапкер болып, алғашқы кездесуін әйгілі Уэмбли стадионында азуы алты қарыс ағылшындарға қарсы өткізді. Бұл ойында Шторктың өңкей жас футболшылардан жасақтаған  құрамасы жаман ойнаған жоқ(1:5 болып ұтылса да). Ағылшындардың қақпасына гол соқтық, қорғаныста жатып алмай, бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, ағылшындардың өздерін састырдық. Осы ойында Таңат, Жамбыл, Сабырхан сияқты қазақ жастары өз өнерлерін паш ете білді. Таңатты ағылшын журналистері өздерінің Тео Уолкоттарымен салыстырды да. «Жылдамдығы мен техникасы жағынан Уолкоттқа ұқсайды екен» деп, бізді бірқуантып тастаған-ды. Таңат Әкімжанұлы Нөсербаев 1987 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Еліміздегі ең жылдам ойыншылардың бірі. Өзге балалар сияқты Таңаттың да футболға қызығушылығы аулада доп тебуден басталған. Футбол әліппесін алғаш рет Александр Быстров, Александр Хасап сияқты бапкерлерден үйренген. 2005 жылы «Ордабасының» фарм-клубына шақырылып, қосалқы құрамда доп тебеді. Кейіннен оқу-жаттығу жиындарында айрықша көзге түсіп, «Ордабасының» негізгі құрамына шақырылады. Таңат алғашқы голын «Алма-Ата» клубының қақпасына соққан болатын. «Ордабасы» сапында 2006-2010 жылдар аралығында 101 ойын өткізіп, 13 голдың авторы атанған. Кейіннен жарақат алып, бір жылдай футболдан тыс қалды. «Жығылғанға жұдырық» дегендей клуб басшылығы Таңаттың емделуіне қажетті қаражатты бермей, келісім-шартты ұзартудан бас тартты. Осындай талантты ойыншының басына қиындық түскенде сырт айналды. Трансферлік бағасы көтеріліп, еліміздің талантты жас футболшыларының бірі болып таныла бастаған кезінде басқа клубтарға жібермей қойған «Ордабасы» басшылары осылай бір-ақ күнде теріс айналып шыға келді. 2009 жылы Швейцарияның «Янг Бойз» командасы Таңатты өз қатарларына байқауға шақырған. Бірақ екі клуб келісімге келе алмай, Таңат Шымкентте қалған болатын. Әйтсе де, Таңат жерлестерінің сырт айналғанына жасымай, жарақатынан айыққан соң, спорттық бабына келуі үшін жеке жаттығулар жасап жүре береді. Көп ұзамай, «Астана» клубынан шақырту алып, 2009 жылы  келісім-шартқа отырады. Қазіргі кезде осы елорда клубының негізгі ойыншыларының бірі. Алғашқы жыл 25 ойын өткізіп, 7 гол соққан. Ал өткен жылы «Астананың» ғана емес, еліміздің мерген футболшыларыныңалдыңғы легінде болды. Ұлықбек Бақаевтан кейінгі екінші орында – осы Таңат. Еншісінде – 10 гол. Ұлттық құрамада Таңаттың ұлттық құрамдағы алғашқы ойындарын жаман өткізген жоқ. Алдымен жастар құрамасында шыңдалып, поляктарға екі гол соғып, одан кейін ұлттыққұрама жейдесін киіп, алғаш рет Уэмблиде ойқастағанын жоғарыда жаздық. Алғашқы голын Украина құрамасының қақпасына соққан. Бернд Шторктің сүйікті ойыншысы қазіргі кезде Мирослав Беранектің – назарында. Соңғы әлем чемпионатының електік додасында үш ойынға қатысты. Командалық жетістіктері: Қазақстан кубогының финалисі: 2007 жыл Қазақстан кубогының иегері: 2012 жыл Жеке жетістіктері Қазақстан чемпионатының үздік 22 футболшысының қатарында: № 1, 2008 жыл Қазақстанның ең үздік ойыншысы: 2 орын, 2008 жыл Қазақстаннның ең үздік жас ойыншысы: 2 орын, 2008 жыл «Гол» журналының Қазақстанның ең үздік ойыншысы сауалнамасында: 4 орын, 2008 жыл Қазақстан чемпионатының үздік 22 футболшысының қатарында: № 2, 2009 жыл.   Бек Төлеуов, «Sport» газеті.  
24.04.2013 07:54 3493

Таңатты ағылшын журналистері өздерінің Тео Уолкоттарымен салыстырды да. «Жылдамдығы мен техникасы жағынан Уолкоттқа ұқсайды екен» деп, бізді бір қуантып тастаған-ды.

Бернд Шторк десе қазақ футболы жанкүйерлерінің біразының зығырданықайнайтыны жасырын емес. Ұлттық құрама сапында ойнап жүрген өз ойыншыларымызды құрамадан алыстатып, олардың орнына Попов, Гетериев, Сидельников секілді ресейлік ойыншыларды қосты.

Смақов, Нұрдаулетов, Әшірбеков сияқты ойыншыларды қаралап, мүлде құрамаға жақындатпады. Өзі мақтап, құрамаға қосқан ойыншылары олардан асып түсті деп айта алмаймыз.

Бірақ, Шторктың ұлттық құрама сапына тартқан жастарының арасында бірен-саран қазақ футболшылары да болды. Солардың бірі – Таңат Нөсербаев.

Әу баста, Шторк жастар құрамасын баптап жүргенде Таңатты Польшамен жастарымен өткен кездесуге шақырды. Нәтижесі де жаман болған жоқ. Таңатөзінің жастар құрамасындағы тырнақалды матчында екі гол соғып, жанкүйерлерді желпіндірді.

Сол кездесуде жастарымыз Польша бозбалаларын 3:0 есебімен ойсырата ұтып,қуанышқа бөлген болатын.

Кейіннен Б.Шторк ұлттық құрамаға бас бапкер болып, алғашқы кездесуін әйгілі Уэмбли стадионында азуы алты қарыс ағылшындарға қарсы өткізді. Бұл ойында Шторктың өңкей жас футболшылардан жасақтаған  құрамасы жаман ойнаған жоқ(1:5 болып ұтылса да).

Ағылшындардың қақпасына гол соқтық, қорғаныста жатып алмай, бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, ағылшындардың өздерін састырдық. Осы ойында Таңат, Жамбыл, Сабырхан сияқты қазақ жастары өз өнерлерін паш ете білді.

Таңатты ағылшын журналистері өздерінің Тео Уолкоттарымен салыстырды да. «Жылдамдығы мен техникасы жағынан Уолкоттқа ұқсайды екен» деп, бізді бірқуантып тастаған-ды.

Таңат Әкімжанұлы Нөсербаев 1987 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Еліміздегі ең жылдам ойыншылардың бірі. Өзге балалар сияқты Таңаттың да футболға қызығушылығы аулада доп тебуден басталған.

Футбол әліппесін алғаш рет Александр Быстров, Александр Хасап сияқты бапкерлерден үйренген.

2005 жылы «Ордабасының» фарм-клубына шақырылып, қосалқы құрамда доп тебеді. Кейіннен оқу-жаттығу жиындарында айрықша көзге түсіп, «Ордабасының» негізгі құрамына шақырылады.

Таңат алғашқы голын «Алма-Ата» клубының қақпасына соққан болатын. «Ордабасы» сапында 2006-2010 жылдар аралығында 101 ойын өткізіп, 13 голдың авторы атанған.

Кейіннен жарақат алып, бір жылдай футболдан тыс қалды. «Жығылғанға жұдырық» дегендей клуб басшылығы Таңаттың емделуіне қажетті қаражатты бермей, келісім-шартты ұзартудан бас тартты.

Осындай талантты ойыншының басына қиындық түскенде сырт айналды. Трансферлік бағасы көтеріліп, еліміздің талантты жас футболшыларының бірі болып таныла бастаған кезінде басқа клубтарға жібермей қойған «Ордабасы» басшылары осылай бір-ақ күнде теріс айналып шыға келді.

2009 жылы Швейцарияның «Янг Бойз» командасы Таңатты өз қатарларына байқауға шақырған. Бірақ екі клуб келісімге келе алмай, Таңат Шымкентте қалған болатын.

Әйтсе де, Таңат жерлестерінің сырт айналғанына жасымай, жарақатынан айыққан соң, спорттық бабына келуі үшін жеке жаттығулар жасап жүре береді. Көп ұзамай, «Астана» клубынан шақырту алып, 2009 жылы  келісім-шартқа отырады.

Қазіргі кезде осы елорда клубының негізгі ойыншыларының бірі. Алғашқы жыл 25 ойын өткізіп, 7 гол соққан.

Ал өткен жылы «Астананың» ғана емес, еліміздің мерген футболшыларыныңалдыңғы легінде болды. Ұлықбек Бақаевтан кейінгі екінші орында – осы Таңат. Еншісінде – 10 гол.

Ұлттық құрамада

Таңаттың ұлттық құрамдағы алғашқы ойындарын жаман өткізген жоқ. Алдымен жастар құрамасында шыңдалып, поляктарға екі гол соғып, одан кейін ұлттыққұрама жейдесін киіп, алғаш рет Уэмблиде ойқастағанын жоғарыда жаздық.

Алғашқы голын Украина құрамасының қақпасына соққан. Бернд Шторктің сүйікті ойыншысы қазіргі кезде Мирослав Беранектің – назарында. Соңғы әлем чемпионатының електік додасында үш ойынға қатысты.

Командалық жетістіктері:

Қазақстан кубогының финалисі: 2007 жыл

Қазақстан кубогының иегері: 2012 жыл

Жеке жетістіктері

Қазақстан чемпионатының үздік 22 футболшысының қатарында: № 1, 2008 жыл

Қазақстанның ең үздік ойыншысы: 2 орын, 2008 жыл

Қазақстаннның ең үздік жас ойыншысы: 2 орын, 2008 жыл

«Гол» журналының Қазақстанның ең үздік ойыншысы сауалнамасында: 4 орын, 2008 жыл

Қазақстан чемпионатының үздік 22 футболшысының қатарында: № 2, 2009 жыл.

 

Бек Төлеуов, «Sport» газеті.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға