Жаңалықтар

Қостанайда аяғымен сурет салатын қыздың көрмесі ашылды

Кеше Қостанайда аяғымен сурет салатын жергілікті суретші Майя Демееваның «Менің әлемім» атты көрмесі ашылды.    Талантты суретші қыз церебалды параличтің ауыр түрімен ауырады. Бірақ мүгедектік қыздың картина салуына кедергі келтіре алмады – Майя гуашь жағылған бояу жаққышты аяғының саусақтарына қыстырып, шығармашылықпен айналысады. Оның суреттерінің тақырыптары барынша ашық түспен боялады. Өмірге құштар қыз бәрін осылай жақсы қалыпта қабылдағысы келеді. Табиғаттың сан алуан сұлу көріністерін өз көзімен көріп, қабылдайтын оның картиналары да сондықтан қиялға бай болып келеді. Бұл суретшінің екінші рет ұйымдастырылып отырған көрмесі екен. Оның біріншісі бұдан 13 жыл бұрын, Майяның жасы 17-ге толған кезінде өткізіліпті. Сол кезде жас қыздың жұртшылық алдына бірінші рет шығып, өз шығармашылығын танытуына Сара Назарбаева көмектесіпті. Соның арқасында М.Демеева Мәскеуде өтетін «Филантроп» атты халықаралық фестивальдің бірнеше рет номинанты атанып үлгеріпті. Бұл жолы көрменің ашылуына қала тұрғындары мен жергілікті суретшілер көптеп келді. Ал шараны музыкалық жағынан безендіруге облыстық филармонияның әншісі, флейташы Светлана Семенова атсалысты. -Қымбатты Майя, біздің бәріміз мүмкіндігі шектеулі адамдар болып табылғанымызбен, сіздің сұлулығыңызға, сіздің ерлік істеріңізге қарай отырып, өзімізге керемет қуат аламыз, сіздің өнегеңіз бізді алғы күндерге жетелей түседі, – деді салтанат сәтінде сөз алған облыстық зағиптер қоғанымының төрағасы Мақсұт Фазылов. – Майя тек Қостанай облысының ғана емес, күллі Қазақстанның атынан сырт жерде өнер көрсетіп, еліміздің даңқын асырып жүр. Сол үшін оған мың алғыс! -Бүгінгі шараны ұйымдастырушылардың арқасында біз Майяның мамасы алдында бас ию мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Талантты суретшінің бағы жануы көп жағдайда сол кісіге байланысты екені де белгілі. Мен бұл кісілерге алдағы уақыттарда да үлкен табыстар тілейміз, – деді облыстық зағиптарға арналған кітапхана директоры Мәрия Дәрменова. Ал шараны кртина галереясы мен облыстық шығармашылық үйі ұйымдастырды. Нәзира Жәрімбетова  Егемен Қазақстан 
24.04.2013 05:20 3614

Кеше Қостанайда аяғымен сурет салатын жергілікті суретші Майя Демееваның «Менің әлемім» атты көрмесі ашылды. 

 

Талантты суретші қыз церебалды параличтің ауыр түрімен ауырады. Бірақ мүгедектік қыздың картина салуына кедергі келтіре алмады – Майя гуашь жағылған бояу жаққышты аяғының саусақтарына қыстырып, шығармашылықпен айналысады. Оның суреттерінің тақырыптары барынша ашық түспен боялады. Өмірге құштар қыз бәрін осылай жақсы қалыпта қабылдағысы келеді. Табиғаттың сан алуан сұлу көріністерін өз көзімен көріп, қабылдайтын оның картиналары да сондықтан қиялға бай болып келеді.
Бұл суретшінің екінші рет ұйымдастырылып отырған көрмесі екен. Оның біріншісі бұдан 13 жыл бұрын, Майяның жасы 17-ге толған кезінде өткізіліпті. Сол кезде жас қыздың жұртшылық алдына бірінші рет шығып, өз шығармашылығын танытуына Сара Назарбаева көмектесіпті. Соның арқасында М.Демеева Мәскеуде өтетін «Филантроп» атты халықаралық фестивальдің бірнеше рет номинанты атанып үлгеріпті.

Бұл жолы көрменің ашылуына қала тұрғындары мен жергілікті суретшілер көптеп келді. Ал шараны музыкалық жағынан безендіруге облыстық филармонияның әншісі, флейташы Светлана Семенова атсалысты.
-Қымбатты Майя, біздің бәріміз мүмкіндігі шектеулі адамдар болып табылғанымызбен, сіздің сұлулығыңызға, сіздің ерлік істеріңізге қарай отырып, өзімізге керемет қуат аламыз, сіздің өнегеңіз бізді алғы күндерге жетелей түседі, – деді салтанат сәтінде сөз алған облыстық зағиптер қоғанымының төрағасы Мақсұт Фазылов. – Майя тек Қостанай облысының ғана емес, күллі Қазақстанның атынан сырт жерде өнер көрсетіп, еліміздің даңқын асырып жүр. Сол үшін оған мың алғыс!
-Бүгінгі шараны ұйымдастырушылардың арқасында біз Майяның мамасы алдында бас ию мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Талантты суретшінің бағы жануы көп жағдайда сол кісіге байланысты екені де белгілі. Мен бұл кісілерге алдағы уақыттарда да үлкен табыстар тілейміз, – деді облыстық зағиптарға арналған кітапхана директоры Мәрия Дәрменова.
Ал шараны кртина галереясы мен облыстық шығармашылық үйі ұйымдастырды.
Нәзира Жәрімбетова 


Егемен Қазақстан 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға