Жаңалықтар

Атлантика хартиясы

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Атлантика хартиясы (Atlantіc charter) — АҚШ пен Ұлыбританияның екінші дүн. жүз. соғыстағы мақсаттарын айқындаған, кейін фашистік Германияға қарсы одақтың бағдарламасына негіз болған құжат. 1941 жылғы 9-12 тамыздағы АҚШ президенті Ф. Рузвельт пен Ұлыбританияның премьер-министрі У. Черчилльдің Атлант мұхитындағы Ньюфаундленд аралындағы кездесу-сұхбаты нәтижесінде қабылданып, 14 тамызда “А.х.” деген атаумен жарияланды. Бұл құжатта АҚШ пен Ұлыбританияның алдына мынадай міндеттер қойылды: 1) терр-ларын кеңейтуді мақсат тұтпайды; 2) мүдделі елдердің ерікті тілегіне сай келмейтін терр. өзгерістерді жақтамайды; 3) барлық халықтардың саяси құрылыс және мемл. билік түрін таңдау құқын құрметтейді, егемендігінен айрылған халықтардың өзін-өзі билеу құқын қайтарып алуын жақтайды; 4) үлкен және кіші, жеңген және жеңілген мемл-тердің барлығына бірдей экономикасын дамыту үшін дүн. жүз. саудаға және шикізат көздеріне жол ашылуына көмектесуге бағытталған барлық міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарайтын болады; 5) барлық мемл-тердің экон. даму дәрежесін теңестіру, еңбек жағдайларын және әлеум. қамсыздандыру жүйесін жетілдіру мақсатындағы ынтымақтастығын кеңейтуді қалайды; 6) фашистік билікті толық жойған соң барлық елдердің өз терр-сында бейбіт өмір сүруін, барлық халықтардың қорқыныш пен жоқшылықтан арылған алаңсыз тіршілігін қамтамасыз ететін жүйенің құрылуын қалайды; 7) басқыншылық мақсат ұстап отырған мемл-тердің (жалпыға бірдей қауіпсіздіктің тұрақты жүйесі жасалғанға дейін) қарусыздандырылуын көздейтін, бейбітшілікті мақсат тұтқан халықтарды қаруланудың ауыр шығындарынан босататын барлық әрекеттерді қолдайды, т.б. 1941 ж. қыркүйекте А. х-н талқылау үшін Лондонда АҚШ, Бельгия, КСРО, Люксембург, Ұлыбритания, Чехословакия, Франция (“Азат Франция” қозғалысы) өкілдерінің конференциясы шақырылып, құжат мақұлданды. Оның бірқатар идеялары 1945 ж. Біріккен Ұлттар хартиясына енгізілді. 1954 ж. АҚШ президенті Д. Эйзенхауэр мен Ұлыбританияның премьер-министрі У. Черчилль А.х-ның негізгі принциптерін қайтадан бекітті. Әдеб.: История международных отношений и внешней политики СССР, т. 1. 1917 — 1945, М., 1986; Encyclopedіa Amerіcana, V. 2, p. 618. Г. Көкебаева    
09.11.2012 03:12 8349

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Атлантика хартиясы (Atlantіc charter) — АҚШ пен Ұлыбританияның екінші дүн. жүз. соғыстағы мақсаттарын айқындаған, кейін фашистік Германияға қарсы одақтың бағдарламасына негіз болған құжат. 1941 жылғы 9-12 тамыздағы АҚШ президенті Ф. Рузвельт пен Ұлыбританияның премьер-министрі У. Черчилльдің Атлант мұхитындағы Ньюфаундленд аралындағы кездесу-сұхбаты нәтижесінде қабылданып, 14 тамызда “А.х.” деген атаумен жарияланды. Бұл құжатта АҚШ пен Ұлыбританияның алдына мынадай міндеттер қойылды: 1) терр-ларын кеңейтуді мақсат тұтпайды; 2) мүдделі елдердің ерікті тілегіне сай келмейтін терр. өзгерістерді жақтамайды; 3) барлық халықтардың саяси құрылыс және мемл. билік түрін таңдау құқын құрметтейді, егемендігінен айрылған халықтардың өзін-өзі билеу құқын қайтарып алуын жақтайды; 4) үлкен және кіші, жеңген және жеңілген мемл-тердің барлығына бірдей экономикасын дамыту үшін дүн. жүз. саудаға және шикізат көздеріне жол ашылуына көмектесуге бағытталған барлық міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарайтын болады; 5) барлық мемл-тердің экон. даму дәрежесін теңестіру, еңбек жағдайларын және әлеум. қамсыздандыру жүйесін жетілдіру мақсатындағы ынтымақтастығын кеңейтуді қалайды; 6) фашистік билікті толық жойған соң барлық елдердің өз терр-сында бейбіт өмір сүруін, барлық халықтардың қорқыныш пен жоқшылықтан арылған алаңсыз тіршілігін қамтамасыз ететін жүйенің құрылуын қалайды; 7) басқыншылық мақсат ұстап отырған мемл-тердің (жалпыға бірдей қауіпсіздіктің тұрақты жүйесі жасалғанға дейін) қарусыздандырылуын көздейтін, бейбітшілікті мақсат тұтқан халықтарды қаруланудың ауыр шығындарынан босататын барлық әрекеттерді қолдайды, т.б.

1941 ж. қыркүйекте А. х-н талқылау үшін Лондонда АҚШ, Бельгия, КСРО, Люксембург, Ұлыбритания, Чехословакия, Франция (“Азат Франция” қозғалысы) өкілдерінің конференциясы шақырылып, құжат мақұлданды. Оның бірқатар идеялары 1945 ж. Біріккен Ұлттар хартиясына енгізілді. 1954 ж. АҚШ президенті Д. Эйзенхауэр мен Ұлыбританияның премьер-министрі У. Черчилль А.х-ның негізгі принциптерін қайтадан бекітті.

Әдеб.: История международных отношений и внешней политики СССР, т. 1. 1917 — 1945, М., 1986; Encyclopedіa Amerіcana, V. 2, p. 618.

Г. Көкебаева

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға