Н.Назарбаев пен Е.Тоғжанов ҚХА-ның мерейтойлық 20-сессиясына дайындық мәселелерін талқылады
23.04.2013 10:58
3003
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан халқы ассамблеясының мерейтойлық 20-сессиясына дайындық мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, Қазақстан халқы ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асырудың 2014 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарының негізгі аспектілері қаралды.
Мемлекет басшысы алдағы сессияға әзірлік және Қазақстан халқы ассамблеясының одан арғы қызметі жөнінде нақты тапсырмалар берді.
www.bnews.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға