Жаңалықтар

Абайдың семейдегі әдеби–мемориалдық мұражайы

  Соңғы редакциялау: 15 қазан 2012 Абайдың семейдегі әдеби–мемориалдық мұражайы (Ә н и я р ү й і) — Абайдың әдеби мұрасына сақтап насихаттауға арналған тарихи-мәдени мекеме. Абай Тобықты ішінде Әнет баба әулетінен шыққан Әнияр Қожабайұлын (1850-1934 жылдары) Семейде, Ташкентте оқытқан. Әнияр 1892 жылы Семейдегі Мемл. банкке қызметке тұрғанда өзі бас болып жақын ағайындарын жұмылдырып қаладан үй саттырып әперген. Сол үй құрылысы кеңейе келе, Абай, Шәкерім, Көкбай, Ақылбай, Әбдірахман, Тұрағұл, Мағауия, Кәкітай, т.б. елдің сыйлы қонақтары әркез түсетін қонақжайға айналды. Комиссар көшесіндегі 116 үйде кейін де ел зиялылары, алаш азаматтары әрдайым бас қосып, алқалы жиын өткізетін болған. Әнияр Молдабаевтың екі қабатты осы ағаш үйі 1940 жылдың көкек айында Абайдың туғанына 95 жыл толу мерекесі қарсаңында Қазақстан үкіметінің қаулысымен Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайына айналдырылды. 1940 жылғы 16-қазаннан жұмыс істей бастаған бұл мұражай еліміздің тарихындағы тұңғыш әдеби-мемор. мұражай болды. Әнияр үйі мұражайға айналған кезінен бастап біршама жөндеуден өткенімен, үй құрылысының ғасыр басындағы тұрқы көп өзгермей, бастапқы сәулеттік сәнін сақтаған. Абай келіп-кетіп жүрген кезде Әнияр үйінде болған кітап жәшігі, жазу столы мен шарайна және қабырға сағаты Жидебайдағы Абай мұражай-үйіне берілді. Мұражай қорында 13 мыңға жуық (оның ішінде 7500-і негізгі қор саналады) зат бар. Мұражай Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында (1996 жыл) күрделі жөндеуден өткізіліп, өз алдына 7 тақырыптық көрме залдарына бөлінген. Олар: “Абай және оның дәуірі”, “Жайлау”, “Үш қайнар бұлақ”, “Абай шығармашылығы”, “Абайдың ақындық өнер айналасы”, “Абайтану”, “Қазақ халқы ақын атын ардақтайды”. Бұл бөлімдерде Абай өміріне байланысты архивтік құжаттар, қазақ халқының тұрмыстық-этногр. тыныс-тіршілігін бейнелейтін заттар, колөнері мен бейнелеу өнерінің Абай тақырыбымен өзектес ілкі туындылары, сирек кездесетін қолжазба мұралар, кітаптар, фотодеректер, т.б. құнды мұрағаттар қойылған. Абайдың өзі 1885 жылы Семейдегі тарихи-өлкетану мұражайы қорына тапсырған байырғы ұлттық бұйымдар, ақын шығармалары, алғашқы кітаптары, Абайдың дүние жүзі халықтары тілдеріне аударылған өлеңдері, Абайдың әдеби мектебінің аса ірі өкілдерінің шығармалары, сондай-ақ абайтанушы ғалым-зерттеушілердің бірегей еңбектері сақтаулы тұр. Б.Сапаралы    
09.11.2012 03:07 4111

 

Соңғы редакциялау:
15 қазан 2012

Абайдың семейдегі әдеби–мемориалдық мұражайы (Ә н и я р ү й і) — Абайдың әдеби мұрасына сақтап насихаттауға арналған тарихи-мәдени мекеме. Абай Тобықты ішінде Әнет баба әулетінен шыққан Әнияр Қожабайұлын (1850-1934 жылдары) Семейде, Ташкентте оқытқан. Әнияр 1892 жылы Семейдегі Мемл. банкке қызметке тұрғанда өзі бас болып жақын ағайындарын жұмылдырып қаладан үй саттырып әперген. Сол үй құрылысы кеңейе келе, Абай, Шәкерім, Көкбай, Ақылбай, Әбдірахман, Тұрағұл, Мағауия, Кәкітай, т.б. елдің сыйлы қонақтары әркез түсетін қонақжайға айналды. Комиссар көшесіндегі 116 үйде кейін де ел зиялылары, алаш азаматтары әрдайым бас қосып, алқалы жиын өткізетін болған. Әнияр Молдабаевтың екі қабатты осы ағаш үйі 1940 жылдың көкек айында Абайдың туғанына 95 жыл толу мерекесі қарсаңында Қазақстан үкіметінің қаулысымен Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайына айналдырылды. 1940 жылғы 16-қазаннан жұмыс істей бастаған бұл мұражай еліміздің тарихындағы тұңғыш әдеби-мемор. мұражай болды.

Әнияр үйі мұражайға айналған кезінен бастап біршама жөндеуден өткенімен, үй құрылысының ғасыр басындағы тұрқы көп өзгермей, бастапқы сәулеттік сәнін сақтаған. Абай келіп-кетіп жүрген кезде Әнияр үйінде болған кітап жәшігі, жазу столы мен шарайна және қабырға сағаты Жидебайдағы Абай мұражай-үйіне берілді. Мұражай қорында 13 мыңға жуық (оның ішінде 7500-і негізгі қор саналады) зат бар. Мұражай Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында (1996 жыл) күрделі жөндеуден өткізіліп, өз алдына 7 тақырыптық көрме залдарына бөлінген. Олар: “Абай және оның дәуірі”, “Жайлау”, “Үш қайнар бұлақ”, “Абай шығармашылығы”, “Абайдың ақындық өнер айналасы”, “Абайтану”, “Қазақ халқы ақын атын ардақтайды”. Бұл бөлімдерде Абай өміріне байланысты архивтік құжаттар, қазақ халқының тұрмыстық-этногр. тыныс-тіршілігін бейнелейтін заттар, колөнері мен бейнелеу өнерінің Абай тақырыбымен өзектес ілкі туындылары, сирек кездесетін қолжазба мұралар, кітаптар, фотодеректер, т.б. құнды мұрағаттар қойылған. Абайдың өзі 1885 жылы Семейдегі тарихи-өлкетану мұражайы қорына тапсырған байырғы ұлттық бұйымдар, ақын шығармалары, алғашқы кітаптары, Абайдың дүние жүзі халықтары тілдеріне аударылған өлеңдері, Абайдың әдеби мектебінің аса ірі өкілдерінің шығармалары, сондай-ақ абайтанушы ғалым-зерттеушілердің бірегей еңбектері сақтаулы тұр.

Б.Сапаралы

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға