Жаңалықтар

Кеңес Одағының Шыңжаң оқиғаларына араласуы

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ШЫҢЖАҢ ОҚИҒАЛАРЫНА АРАЛАСУЫ (1921, 1934, 1937 – 49 ж.) – Кеңес Одағының Қытай мемлекеті аумағындағы Шыңжаң өлкесіндегі оқиғаларға қатысты жүргізген дипломатиялық саяси және әскери іс-шаралары. 18 ғ-дың 2-жартысынан бастап Қытай мемлекетінің иелігі саналған бұл өлке Синьхай төңкерісінен кейін (1911) орталықтан бөлініп қалған-ды. Осындай жағдайда Ұлыбритания, АҚШ, Жапония үкіметтері бұл аймақты Орт. Азиядағы кеңестік насихатпен күрес жүргізетін плацдармға айналдыруды көздеді. Екінші жағынан, Қызыл Армиядан қашып Шыңжаңға бас сауғалаған ақ гвардияшылар кеңес билігіндегі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасына үнемі шабуыл жасап тұрды. Ресейдің Құлжа мен Қашқардағы бұрынғы консулдары Люба мен Успенский ағылшын үкіметінің көмегімен ақ гвардияшылардың Кеңес үкіметіне, ең алдымен, Қазақстанға жиі-жиі шабуылын ұйымдастырды. Бұл кезде өлкеде 50 мыңға жуық орыс әскері бар еді (генерал Бакич әскерлері Шәуешек қ. маңында орналасты, атаман Анненков Құлжаның маңайында және Боратала өз. бойында бекіді, атаман Дутов әскерлері Сүйдін қ-на орналасты). 1921 ж. Жетісудағы кеңес-қытай шекарасындағы жағдай қатты шиеленісті. Саны өскен ақ гвардияшылар Шыңжаңның ішкі істеріне араласа бастады. Ақырында Үрімшідегі Қытай әкімш. оларға қарсы Кеңес үкіметінен көмек сұрауға мәжбүр болды. Кеңес үкіметі алдымен атаман Дутовтың көзін жою жөнінде шешім қабылдап, ол 1921 ж. ақпанда Сүйдінде атып өлтірілді. 1921 ж. сәуірде Бақтыда екі ел өкілдері келіссөз жүргізіп, ақтар мен азаматтық қашқындарды кері қайтару жөнінде келісімге келді. Қытай үкіметі өз күштерімен ақ гвардияшыларды талқандай алмайтындықтарын мойындап, Кеңес үкіметінен көмек сұрады. 1921 ж. Түркістан майданы басшылығы Шыңжаң әкімшілігімен келісе отырып, Тарбағатай аймағына Қызыл Армия бөлімдерін кіргізді. 17 маусымда Қызыл Армия бөлімдері Шәуешек маңындағы соғыс қимылдарын аяқтап, 1200 ақ гвардияшыларды, көптеген қару-жарақтарды қолға түсіреді. Бірақ Алтайға шегінген Бакич жасағы сол жақта Шарасуме қ-н басып алады. Орталықтың жазалауынан қорыққан Алтай губернаторы өзіне-өзі қол жұмсап, қалғандары Кеңес территориясы арқылы Шәуешекке қашады. Шыңжаң әкімш. Пекиннің рұқсатымен Кеңес үкіметінен тағы да көмек сұрайды. 1921 ж. 12 қыркүйекте қызыл әскерлер Зайсан қ. арқылы Шыңжаңға еніп, Бакич жасағының ту сыртынан шығады. Қыркүйектің аяғында аймақты ақтардан тазартқан Қызыл Армия бөлімдері елдеріне қайтып келді. Бұл кезеңде Кеңес үкіметі Шыңжаңды басып алу саясатын ұстанған жоқ. Ол үшін ең бастысы ақ гвардияшылардың қалдықтарын жою және шекарада тыныштық орнату болды. 1920 – 30 ж. Шыңжаңдағы мұсылман халықтары жиі-жиі қытай әкімшілігіне қарсы бас көтере бастады. 1931 ж. Құмыл қ-нда Чан Кайши өкіметіне қарсы ұйғырлар мен дүнгендер көтерілісі болды. Көтерілісті ұйғыр халқынан шыққан Қожа Нияз басқарды. Жеңіске жеткен көтерілісшілер 1933 ж. 10 шілдеде азат етілген аудандарда Шығыс Түркістан республикасын жариялады. 1932 ж. Ганьсуден (Қшкі Қытай) шыққан дүнген мұсылмандарының көсемі Ма Чжуньин әскерлері Шыңжаңға басып кірді. Оны жергілікті ұйғырлар қолдады. Шыңжаңдағы қытай әкімшілігінің оларға қарсы тұратындай күші болмады. Чан Кайшиге көмектесу үшін Кеңес үкіметі Шыңжаңда жергілікті орыстардан әскери бөлімдер құрған болатын. Үрімжіде орналасқан осы әскер 1932 ж. 12 сәуірде КСРО-ның үнсіз мақұлдауымен жергілікті қытай әкімшілігін биліктен тайдырып, орнына Шэн Шицайды шақырды. Ол гоминдандық әскери топтың аса көрнекті өкілі еді, бірақ Чан Кайшимен қарым-қатынаста жақсы емес болатын. Шэн Шицай қалыптасқан жағдайды ескере отырып, КСРО-дан әскери көмек сұрады. И.Сталин ол өтінішті қабыл алып, 1933 ж. аяғында жасырын түрде Қытайдың Қле аймағына Қызыл Армия бөлімдері енгізілді. Алдымен бұрынғы қытай әкімш. әскерлерінің қалдықтарын талқандаған олар шығысқа қарай шегінген дүнген көтерілісшілерін (Ма Чжуньин) өкшелей қуып, Үрімжіні қауіптен құтқарды. Осыған қарамастан өлкенің әр түкпіріндегі мұсылман халықтарының көтерілістері басылған жоқ. 1937 ж. Қашқар мен Құмыл жақтан көтерілген көтерілісшілер Үрімжіге шабуыл жасады. Қытай үкіметі Кеңес Одағынан тағы да әскери көмек сұрады. 1937 ж. қыркүйекте Қызыл Армия бөлімдері “Қырғыз ұлттық армиясы” деген атпен шекарадан өтіп, Қашқар қ-ндағы көтерілісшілерді талқандады. Осылайша КСРО тағы да Қытайдың Шыңжаңдағы билігінің сақталуына көмектесті. Кеңес Одағы Шыңжаң мұсылмандарының Қытайға қарсы күресі кеңес билігіндегі Орта Азия мен Қазақстан халықтарының қолдауына ие болуы мүмкін деген қауіптен сақтанды. Қытайдағы саяси биліктің әлсіздігін пайдаланып, басқа мемлекеттердің (Жапония, Ұлыбритания, АҚШ) Шыңжаңда күшті мұсылман мемлекетін құру қаупі одан да зор болды. 1930 жылдың 2-жартысында Шыңжаң Жапония, Ұлыбритания, Германияның өзара күрес нысанына айналды. Солт.-Шығыс Қытайдағы 3 провинцияны басып алған Жапония орталыққа бағынғысы келмеген саяси күштерге арқа сүйеп, Қытай аумағында тәуелсіз мұсылман мемлекетін құруға ұмтылды. Жапондар мен ағылшындардың Шыңжаңда жергілікті саяси күштердің көмегімен  Түркістан Республикасын құру идеясы Қытай мен КСРО-ға бірдей ұнамады. Жапония Шыңжаңға орнығу арқылы Қиыр Шығыста ғана емес, Орт. Азияға да ықпал етуді көздеді. Бұл жағдай КСРО басшыларының Шыңжаңды ерекше назарда ұстауына алып келді. Қшкі Қытайдан алыста орналасуы және жолдардың тым нашарлығынан ішкі провинциялармен ешқандай байланыс болмауы салдарынан 1940 жылдың бас кезінде Шыңжаң саяси-экон. жағынан КСРО-ға толық тәуелді болды. Тіпті 1941 ж. Шэн Шицай Кеңес үкіметінен өлкені одақтас республика ретінде КСРО құрамына қабылдауды ұсынды. Бірақ ішкі-сыртқы жағдайларға байланысты, Кеңес Одағы басшылары ол ұсынысты қабылдамады. 1941 ж. халықар. жағдай қатты өзгерді. Қытай басшылығы Кеңес Одағы Германияға төтеп бере алмайды деп есептеді. Чан Кайши Шыңжаңда өз билігін орнату үшін әскери қысым жасауға көшті. Ол Ганьсу провинциясындағы дүнген генералдарын талқандап, өлкеге Ганьсу жақтан қауіп төндірді және Шыңжаңдағы көтеріліске шыққан қазақтармен байланыс орнатты. Осындай жағдайда Шэн Шицай Чан Кайшимен тіл табысуға тырысты және КСРО-ға іш тартқан адамдарды қатаң жазалауға көшті. 1943 ж. КСРО-ның Шыңжаңдағы ықпалы қатты шектелді. Бірақ Кеңес үкіметі өлкедегі геосаяси мүддесін қорғау үшін жаңа әрекеттерге көшті. 1943 ж. өлкеге Чан Кайши әскерлерінің кіргізілуіне байланысты қазақтар орналасқан Қле, Тарбағатай, Алтай аймақтарындағы көтеріліске (қ. Үш аймақ көтерілісі) қатты қолдау көрсетті. Кеңес әскерлерінің тікелей көмегімен үш аймақ толық азат етіліп, қолға түскен қару-жарақ “ұлттық армияға” берілді. 1944 ж. 15 қарашада көтерілісшілер Қытайдан тәуелсіз Шығыс Түркістан Республикасын құрды. Шығыс Түркістан басшылары КСРО-мен достық қатынаста болды. Бірақ билікке діни қайраткер Әлихан төре келуімен бірге, екі ара суи бастады. Әлихан төре Қытай басшылығына, әсіресе, Қытай Компартиясына ғана емес, КСРО-ға да қарсы болды. Қытай Компартиясының билікке келуіне күш салған Кеңес үкіметі онымен достықты сақтап қалу мақсатымен, Қытайдың тұтастығын жақтауға көшті. Сөйтіп, кеңестік билеушілер 1940 жылдың 2-жартысынан бастап, Қытай коммунистерімен бірлесе отырып, Шыңжаңның Қытайдың құрамында сақталуына көмектесті. 1949 ж. күзде Қытай Компартиясы КСРО-дан Шыңжаңға Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Азаттық Армиясын кіргізуіне көмектесуін өтінді. Кеңес үкіметі қытай әскерін ұшақтар арқылы өлкеге жеткізуге жәрдемдесті. Шыңжаңның үш аймағындағы көтеріліс кезінде орналастырылған әскери арсеналдар да КХР-ға берілді. Осылайша, Кеңес Одағының тікелей араласуымен Шыңжаң өлкесі Қытай Халық Республикасы құрамына енгізілді. Н. Алдабек Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том
09.11.2012 03:07 4917

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ШЫҢЖАҢ ОҚИҒАЛАРЫНА АРАЛАСУЫ (1921, 1934, 1937 – 49 ж.) – Кеңес Одағының Қытай мемлекеті аумағындағы Шыңжаң өлкесіндегі оқиғаларға қатысты жүргізген дипломатиялық саяси және әскери іс-шаралары. 18 ғ-дың 2-жартысынан бастап Қытай мемлекетінің иелігі саналған бұл өлке Синьхай төңкерісінен кейін (1911) орталықтан бөлініп қалған-ды. Осындай жағдайда Ұлыбритания, АҚШ, Жапония үкіметтері бұл аймақты Орт. Азиядағы кеңестік насихатпен күрес жүргізетін плацдармға айналдыруды көздеді. Екінші жағынан, Қызыл Армиядан қашып Шыңжаңға бас сауғалаған ақ гвардияшылар кеңес билігіндегі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасына үнемі шабуыл жасап тұрды. Ресейдің Құлжа мен Қашқардағы бұрынғы консулдары Люба мен Успенский ағылшын үкіметінің көмегімен ақ гвардияшылардың Кеңес үкіметіне, ең алдымен, Қазақстанға жиі-жиі шабуылын ұйымдастырды. Бұл кезде өлкеде 50 мыңға жуық орыс әскері бар еді (генерал Бакич әскерлері Шәуешек қ. маңында орналасты, атаман Анненков Құлжаның маңайында және Боратала өз. бойында бекіді, атаман Дутов әскерлері Сүйдін қ-на орналасты). 1921 ж. Жетісудағы кеңес-қытай шекарасындағы жағдай қатты шиеленісті. Саны өскен ақ гвардияшылар Шыңжаңның ішкі істеріне араласа бастады. Ақырында Үрімшідегі Қытай әкімш. оларға қарсы Кеңес үкіметінен көмек сұрауға мәжбүр болды. Кеңес үкіметі алдымен атаман Дутовтың көзін жою жөнінде шешім қабылдап, ол 1921 ж. ақпанда Сүйдінде атып өлтірілді. 1921 ж. сәуірде Бақтыда екі ел өкілдері келіссөз жүргізіп, ақтар мен азаматтық қашқындарды кері қайтару жөнінде келісімге келді. Қытай үкіметі өз күштерімен ақ гвардияшыларды талқандай алмайтындықтарын мойындап, Кеңес үкіметінен көмек сұрады. 1921 ж. Түркістан майданы басшылығы Шыңжаң әкімшілігімен келісе отырып, Тарбағатай аймағына Қызыл Армия бөлімдерін кіргізді. 17 маусымда Қызыл Армия бөлімдері Шәуешек маңындағы соғыс қимылдарын аяқтап, 1200 ақ гвардияшыларды, көптеген қару-жарақтарды қолға түсіреді. Бірақ Алтайға шегінген Бакич жасағы сол жақта Шарасуме қ-н басып алады. Орталықтың жазалауынан қорыққан Алтай губернаторы өзіне-өзі қол жұмсап, қалғандары Кеңес территориясы арқылы Шәуешекке қашады. Шыңжаң әкімш. Пекиннің рұқсатымен Кеңес үкіметінен тағы да көмек сұрайды. 1921 ж. 12 қыркүйекте қызыл әскерлер Зайсан қ. арқылы Шыңжаңға еніп, Бакич жасағының ту сыртынан шығады. Қыркүйектің аяғында аймақты ақтардан тазартқан Қызыл Армия бөлімдері елдеріне қайтып келді. Бұл кезеңде Кеңес үкіметі Шыңжаңды басып алу саясатын ұстанған жоқ. Ол үшін ең бастысы ақ гвардияшылардың қалдықтарын жою және шекарада тыныштық орнату болды. 1920 – 30 ж. Шыңжаңдағы мұсылман халықтары жиі-жиі қытай әкімшілігіне қарсы бас көтере бастады. 1931 ж. Құмыл қ-нда Чан Кайши өкіметіне қарсы ұйғырлар мен дүнгендер көтерілісі болды. Көтерілісті ұйғыр халқынан шыққан Қожа Нияз басқарды. Жеңіске жеткен көтерілісшілер 1933 ж. 10 шілдеде азат етілген аудандарда Шығыс Түркістан республикасын жариялады. 1932 ж. Ганьсуден (Қшкі Қытай) шыққан дүнген мұсылмандарының көсемі Ма Чжуньин әскерлері Шыңжаңға басып кірді. Оны жергілікті ұйғырлар қолдады. Шыңжаңдағы қытай әкімшілігінің оларға қарсы тұратындай күші болмады. Чан Кайшиге көмектесу үшін Кеңес үкіметі Шыңжаңда жергілікті орыстардан әскери бөлімдер құрған болатын. Үрімжіде орналасқан осы әскер 1932 ж. 12 сәуірде КСРО-ның үнсіз мақұлдауымен жергілікті қытай әкімшілігін биліктен тайдырып, орнына Шэн Шицайды шақырды. Ол гоминдандық әскери топтың аса көрнекті өкілі еді, бірақ Чан Кайшимен қарым-қатынаста жақсы емес болатын. Шэн Шицай қалыптасқан жағдайды ескере отырып, КСРО-дан әскери көмек сұрады. И.Сталин ол өтінішті қабыл алып, 1933 ж. аяғында жасырын түрде Қытайдың Қле аймағына Қызыл Армия бөлімдері енгізілді. Алдымен бұрынғы қытай әкімш. әскерлерінің қалдықтарын талқандаған олар шығысқа қарай шегінген дүнген көтерілісшілерін (Ма Чжуньин) өкшелей қуып, Үрімжіні қауіптен құтқарды. Осыған қарамастан өлкенің әр түкпіріндегі мұсылман халықтарының көтерілістері басылған жоқ. 1937 ж. Қашқар мен Құмыл жақтан көтерілген көтерілісшілер Үрімжіге шабуыл жасады. Қытай үкіметі Кеңес Одағынан тағы да әскери көмек сұрады. 1937 ж. қыркүйекте Қызыл Армия бөлімдері “Қырғыз ұлттық армиясы” деген атпен шекарадан өтіп, Қашқар қ-ндағы көтерілісшілерді талқандады. Осылайша КСРО тағы да Қытайдың Шыңжаңдағы билігінің сақталуына көмектесті. Кеңес Одағы Шыңжаң мұсылмандарының Қытайға қарсы күресі кеңес билігіндегі Орта Азия мен Қазақстан халықтарының қолдауына ие болуы мүмкін деген қауіптен сақтанды. Қытайдағы саяси биліктің әлсіздігін пайдаланып, басқа мемлекеттердің (Жапония, Ұлыбритания, АҚШ) Шыңжаңда күшті мұсылман мемлекетін құру қаупі одан да зор болды.

1930 жылдың 2-жартысында Шыңжаң Жапония, Ұлыбритания, Германияның өзара күрес нысанына айналды. Солт.-Шығыс Қытайдағы 3 провинцияны басып алған Жапония орталыққа бағынғысы келмеген саяси күштерге арқа сүйеп, Қытай аумағында тәуелсіз мұсылман мемлекетін құруға ұмтылды. Жапондар мен ағылшындардың Шыңжаңда жергілікті саяси күштердің көмегімен  Түркістан Республикасын құру идеясы Қытай мен КСРО-ға бірдей ұнамады. Жапония Шыңжаңға орнығу арқылы Қиыр Шығыста ғана емес, Орт. Азияға да ықпал етуді көздеді. Бұл жағдай КСРО басшыларының Шыңжаңды ерекше назарда ұстауына алып келді. Қшкі Қытайдан алыста орналасуы және жолдардың тым нашарлығынан ішкі провинциялармен ешқандай байланыс болмауы салдарынан 1940 жылдың бас кезінде Шыңжаң саяси-экон. жағынан КСРО-ға толық тәуелді болды. Тіпті 1941 ж. Шэн Шицай Кеңес үкіметінен өлкені одақтас республика ретінде КСРО құрамына қабылдауды ұсынды. Бірақ ішкі-сыртқы жағдайларға байланысты, Кеңес Одағы басшылары ол ұсынысты қабылдамады. 1941 ж. халықар. жағдай қатты өзгерді. Қытай басшылығы Кеңес Одағы Германияға төтеп бере алмайды деп есептеді. Чан Кайши Шыңжаңда өз билігін орнату үшін әскери қысым жасауға көшті. Ол Ганьсу провинциясындағы дүнген генералдарын талқандап, өлкеге Ганьсу жақтан қауіп төндірді және Шыңжаңдағы көтеріліске шыққан қазақтармен байланыс орнатты. Осындай жағдайда Шэн Шицай Чан Кайшимен тіл табысуға тырысты және КСРО-ға іш тартқан адамдарды қатаң жазалауға көшті. 1943 ж. КСРО-ның Шыңжаңдағы ықпалы қатты шектелді. Бірақ Кеңес үкіметі өлкедегі геосаяси мүддесін қорғау үшін жаңа әрекеттерге көшті. 1943 ж. өлкеге Чан Кайши әскерлерінің кіргізілуіне байланысты қазақтар орналасқан Қле, Тарбағатай, Алтай аймақтарындағы көтеріліске (қ. Үш аймақ көтерілісі) қатты қолдау көрсетті. Кеңес әскерлерінің тікелей көмегімен үш аймақ толық азат етіліп, қолға түскен қару-жарақ “ұлттық армияға” берілді. 1944 ж. 15 қарашада көтерілісшілер Қытайдан тәуелсіз Шығыс Түркістан Республикасын құрды. Шығыс Түркістан басшылары КСРО-мен достық қатынаста болды. Бірақ билікке діни қайраткер Әлихан төре келуімен бірге, екі ара суи бастады. Әлихан төре Қытай басшылығына, әсіресе, Қытай Компартиясына ғана емес, КСРО-ға да қарсы болды. Қытай Компартиясының билікке келуіне күш салған Кеңес үкіметі онымен достықты сақтап қалу мақсатымен, Қытайдың тұтастығын жақтауға көшті. Сөйтіп, кеңестік билеушілер 1940 жылдың 2-жартысынан бастап, Қытай коммунистерімен бірлесе отырып, Шыңжаңның Қытайдың құрамында сақталуына көмектесті. 1949 ж. күзде Қытай Компартиясы КСРО-дан Шыңжаңға Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Азаттық Армиясын кіргізуіне көмектесуін өтінді. Кеңес үкіметі қытай әскерін ұшақтар арқылы өлкеге жеткізуге жәрдемдесті. Шыңжаңның үш аймағындағы көтеріліс кезінде орналастырылған әскери арсеналдар да КХР-ға берілді. Осылайша, Кеңес Одағының тікелей араласуымен Шыңжаң өлкесі Қытай Халық Республикасы құрамына енгізілді.

Н. Алдабек

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға